АУЗЫ-МҰРНЫНАН ШЫҒЫП ОТЫР (ШЫҚҚАН)

Аяғы ауыр, жүкті; айы-күні жетіп, босануға жақын әйел туралы. ~ Анау отырған біздің тоқал да, – деді Тұрағал, жас бір әйелді иегімен нұсқап, – аузы- мұрнынан шығып отыр, оған біздің Әлгі бұрау басын сындыртпайды… С.Мұқ. ~ Бес бала бар, қатын аузы- мұрнынан шығып алтыншысын туайын деп отыр, — деп Әбдікерімнің даусы жіңішкерген үстіне жіңішкеріп, жылауға шақ қалды. Қ.Түм. ~ Әйелінің жанына барып еді, «кетші әрі, сасымай» деп, итеріп тастады. Сол кезде барып әйелінің айы- күні жетіп, аузы- мұрнынан шыққан екіқабат екені есіне түсті. О.Бөк. ~ Алдында Ақылжаны, оның үстіне, өзі аузы-мұрнынан шыққан екіқабат, алдыңғы түйені жетектеп келе жатқан-ды. К.Қаз. ~ Шорабидің көзі Жанарға түсті. Ол тағы алдыға шықты. Сегіз әйелдің ішінде шалғы ұстауға бейімдісі осы. Бірақ аузы-мұрнынан шыққан екіқабат. Кеше «тым тыраштанба» деп ұрсып тастаған. К.Қаз.

АУЗЫ-МҰРНЫНАН ШЫҒЫП ОТЫР (ШЫҚҚАН) Read More

АУЗЫ ҚАЛАЙ ҚИСАЙДЫ

Не деді, пиғылы қалай өзгерді д.м. ~ Сол бір әредікте құрдасы Тыныбайды оңашалап: — Байқайсың ба, істің беті қалай-
қалай бұрылғанын? Біздің әнеугүннен бергі әрекетіміз құр тұлыпқа мөңіреген, жай далбаса болып шықты ғой. «Шалатын
баланың бөксесі қисық келеді» деп, ұлықтың аузы қалай қисайғанын енді аңғарған шығарсын? — деген- ді. Қ.Жұм. ~ Бар
бітіргені, Бәйділдадан алған жылқыларын Сырдың арғы бетіне айдап салды. Бір адамды Нұрыбай аулына аттандырып еді,
Бекарыстан Бәйділдаға айтқан сөзін оған да айтыпты. Сырлыбайдың аузы қалай қисайса, Асан солай — қарай жығылады.
З.Шүк.

АУЗЫ ҚАЛАЙ ҚИСАЙДЫ Read More

АУЗЫ ҚИСАЙМАЙ

Өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылып айтты д.м. ~ Әйтеуір тегі қазақ екендерін сезеді, мешіттен адасып шіркеуді
паналаған «кәрі-құртаңдар» таусылған соң ол сезім де бірер жылда өшетін шығар. Қосағаштағы қаймағы
тесілмеген менің ағайындарым да қазақпын деудің орнына аузы қисаймай найманбыз десіп жүр ғой. Қ.Ысқ.

АУЗЫ ҚИСАЙМАЙ Read More

АУЗЫ ҚИСАЙСЫН

Қарғыс атсын, оңбасын. ~ Қазақтар малды өзі үшін жинайды дегеннің аузы қисайсын. Қазақтар малды – өзгелер үшін бағып-қағып келген. О.Бөк.

АУЗЫ ҚИСАЙСЫН Read More

АУЗЫ ҚИСАЯ МА (ҚИСАЙЫП ҚАЛА МА, ҚИСАЙЫП КЕТЕ МЕ)

Неге сөйтпейді екен д.м. ~ Осыны да ел басқарып, үкімет боп отыр деп сырттай дәріптейміз- ау. Астына тышып қойған
баладай манадан әлі отыр жалпиып. Не жақындық, не ағайыншылық мезіреті жасаса тағынан ұша ма, аузы қисая ма?
Неменеге келдім? Қол жайып, көз сүзіп келді деп, бәлденеді- ау. С.См. ~ Тұрғындардың еңсесі пәс, мектеп,
балабақша, біраз мекемелер жабылып, мына жұрт бір-біріне ұшыраса кетсе: «Пәлен жерде поезд рельстен шығып кетіпті»,
«ау, ауа райын болжаушылар отызды атаса аузы қисайып қалар ма еді!..» деп жерге қарап түңілушілер көбейді. Д.Дос.~
«Итті» тұздықтап соғар мақал- мәтелі қаншама?! Бірбірінің арасын «ит» жымдастырып тұратын тұрақты сөз тіркесі де баcтан
асады. Мәселен, қазақ баласы алысты «алыс» дей салса, аузы қисайып кете ме, «ит арқасы қиянда», «ит өлген жер» деп
ділмәрситінін қайтерсің? Д.Әш.

АУЗЫ ҚИСАЯ МА (ҚИСАЙЫП ҚАЛА МА, ҚИСАЙЫП КЕТЕ МЕ) Read More

АУЗЫ ҚИСЫҚ

Жөнсіз сөйлейтін, пәтуасыз адам туралы. ~ «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін». Аузы қисықтар қолынан келгенін істеп, тойлап, шоулап, кеудесіне нан пісіріп, өз терісіне өзі сыймай жүр ғой. … Нәтижесі қайда? Қазақстанға аузы қисықтардың не пайдасы тиді? Г.Бел.

АУЗЫ ҚИСЫҚ Read More

АУЗЫ ҚОБЫЗ ГУІЛДЕДІ

Көп сөйлеп көпірді. ~ Бір шарасын ішкен адам дәл хор қызын құшқандай боп, бегі шиқан дуылдайды; ауызы қобыз гуілдейді; мас болады, жас болады; жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүрсілдетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс асыр салып жатқаны. Ж.Айм.

АУЗЫ ҚОБЫЗ ГУІЛДЕДІ Read More

АУЗЫ ҚҰРҒАМАЙДЫ

Толассыз ішеді. ~ Ұят-сұят деп жарық дүниеге шыққысы келмей жұмысшы жатақханасының кiр-қоң сасыған қараңғы бұрышында илектелiп жата бергенде арақтан аузы құрғамайтын дыр-дуы көп ортада бәрi бiр, бiр күн болмаса, бiр күнi қызғыштай қорығаны қызыл итке жем болары хақ. Т.Сәу. ~ Баяғыдан, алты ай жаз, сонау қар алғаш түскенге дейін қымыздан аузы құрғамайтын Есқұл отағасының күндегі әдеті − құлынды желіден бесін ауа ағытып, кекілі қалың кер биесімен ауылдан аулақтау аласа таудың қойнауына қарай кетіп бара жатады. Н.Дәу. ~ Мен ауырып тұрған соң екі айдан кейін Святканың аяғында Надя қайтыс болды. Святка жақсы өтіп еді. Әкем ішіп кетті, күн сайын, ертеңнен кешке дейін аузы құрғаған жоқ, үй тола қонақ… И.Бун.

АУЗЫ ҚҰРҒАМАЙДЫ Read More

АУЗЫ ҚЫШЫДЫ

Бірдеңе айтқысы, сөйлегісі келіп тыпыршыды. ~ Жоқтан өзгені сылтауратып, жолдан қалдырғанның жөні жоқ. Шофер де, бұ да іс бітті деп тұрғанда, аузы қышып, жолдаманы сұрай қалмасы бар ма. М.Қаб. ~ Содан бір күні Бәйтерек жарықтық аузы қышып: «Осы сенің не тұрысың? Қасыңнан қотыр лақ өтсе де бүгежектей қаласың. Ә.Кек. ~ Жайыма қарап отырмай. Сауал қоюға оқталдым. Аузым қышыды ма, нем бар десейші қыстырылып. Д.Дос. ~ Ал деревня адамдарының ішінде де ала-құласы болған, кейбіреулерінің аузы қышып қыбырлап, тиісті жерге сыбырлап, заңды бұлжытпай сақтап, тілегенге-сұраған болып, адал қызмет атқарғысы келмеді дейсің бе? Иә, ондай аузы қышитындар табылады. В.Рас.

АУЗЫ ҚЫШЫДЫ Read More

АУЗЫ ҚЫШЫП БАРА МА (НЕ ЖЫНЫ)

Артық сөйлеп несі бар еді, үндемей тұра бермей ме д.м. ~ Заң орындары дейсіз бе?.. Сөзін біз сөйлеп берсек, аузы қышып бара ма!.. Әрбірден соң жер менікі, су менікі, жайылым да менікі. Қ.Ысқ. ~ Желтоқсан толқуы кезiнде иiсi қазақтың iшiнде қазаққа қарсы қатты белсендiлiк көрсеткен де сол. Iздегенге – сұраған, мәскеулiк ұлықтар сөзiн бiреуi сөйлеп берсе, аузы қышып не жыны, сүйкiмдi кәндендерiн айтақтап қойып, сыртынан тамашалады да отырды. Т.Сәу.

АУЗЫ ҚЫШЫП БАРА МА (НЕ ЖЫНЫ) Read More