АТЫН ӨШІРМЕДІ

1. Есімін ел есінде сақтады. ~ Ана жылы мен үшін түрмеде жынданып өлген қыздың аты Самал еді, мұны сүйгендіктен сол байғұстың да атын өшіргім келмеді. Ә.Әб. ~ Жатқанның өзінде сырттан терезеден қарағанда мүйізі көрініп тұрады. Әкім қыста шөптің бар жылы-жұмсағын да осы бөртеге береді. Бұрынғыдай емес, бөртелігі бұзылып, ақшылданып бара жатқан секілді. Дәнекердің атын өшірмей тұрған осы ғана. «Дәнекердің бөртесі», «Дәнекердің серкесі!». К.Қаз.
2. Ұрпағын жалғастырды. ~ Қаламынан туған төрт роман тарихта не қалар, не қалмас, ал өз кіндігінен тараған төрт ұл мұның атын өшірмейтініне сенімі кәміл. Қ.Жұм. ~ Туған шешеден бала ешқайда қашпайды. Мұқатайдың атын өшірме! Сен екеуің тұрғанда Мұқан шалдың аты өшпейді. К.Қаз. ~ Оттама, Әубәкір шалдан не жамандық көрдің? Аштықтан да, қастықтан да аман сақтап, асырады, жеткізді. Енді ел-жұрттан ұят болады. Атын өшірмеймін десең балаларыңның бірін

АТЫН ӨШІРМЕДІ Read More

АТТЫҢ (АТ) БАУЫРЫНА АЛЫП САБАДЫ

Атпен қуып жүріп соққыға жықты, өлімші қылып ұрды.
~ Майбасар балаға ақырып, ұрысып, тұқым-тұяғынан түк қалдырмай боқтап, аттың бауырынан алып сабап жүр. М.Әу. ~ Ашаршылықтан ауылдағы ел қырылыпты. Егіннің аңызынан масақ терген аналарды аттың бауырына алып сабайды екен. Т.Рыс. ~ Жаңа қатынының: «тағы сабады-ау ананы. Аттың бауырына алып жүргенiн қарашы Майбасардың қаршадай баламды, сорлыны, соры қалың бейбақты» деп, жүгiрiп кеткенiн де Байторы үйде жатып естiген-дi. М.Әу. ~ Қалың тоғайдан шыға келген төрт қасқыр жүз қаралы қозы-лақтың талайын тамақтағанша, бұл оянбаған… Әкімбектің ат бауырына алып сабағаны есінен кетер ме?! Б.Тоғ.

АТТЫҢ (АТ) БАУЫРЫНА АЛЫП САБАДЫ Read More

АТТЫҢ АЯҒЫН ТАҒАЛАСАҢ, ЕСЕК АЯҒЫН КӨТЕРГЕН

Өзіне лайық емес құрметтен дәметті д.м. ~ Қалтамның тым жұқалығына қорландым, өкпесi тесiк өзiме, алдан еш жақсылық күтпейтiн, күте- күте әбден қажыған «Аттың аяғын тағаласаң, есек аяғын көтерген» өзiм сияқты қалам ұстағандарға жаным ашыды, әлденеге күлiмкөзденiп кеткен мынау Зүбәржатқа ызаланамын iштей. Ж.Шағ.

АТТЫҢ АЯҒЫН ТАҒАЛАСАҢ, ЕСЕК АЯҒЫН КӨТЕРГЕН Read More

АТТЫҢ БАСЫН ҚОЯ БЕРДІ

1. Атты тізгіндемей, еркін шабысқа жіберді. ~ Сүт пісірім уақыт шоқырақтап отырды да, Қоймырет жарығының тұсына келгенде, тағы да аттың басын қоя берді. Т.Әбд. ~ Үзеңгіге аяғы тисе, тасырлатып ала жөнелетін кей әулекі секілді шал да ауылдан шықпай жатып-ақ аттың басын қоя берген. Қ.Най.
2. Өзін-өзі тежей алмады, көңілі қалаған іске салынып кетті. ~ Тұрар ауылда жүргенде де араққа ары кет емес болатын. Бірақ ондағылардың бәрі таныс, «ойбай, пәленшенің баласы сөйтіп жүр» дегеннен қаймығып, салынып ішуден аяқ тартатын. «Өзі жылауық бала еді, ит қапқан соң не сорым» демекші, қалаға келіп, еркіндікке күмп ете қалған соң аттың басын қоя берген. Әуелгіде радиацияға ем болады екен деп, өзін алдарқатты. Т.Сәу. ~ Әке мен бала арасындағы жаңағы бірер сөзден кейін Зүбәйда аттың басын қоя берді: аңырап ала жөнелді. Шертайды жас күнінде бауырына салып баққан екен. Бәйбіше ертерек қайтыс болған. Ш.Мұ

АТТЫҢ БАСЫН ҚОЯ БЕРДІ Read More

АТТЫҢ БЕЛІН СУЫТТЫ

Дем алдырды, тыным берді. ~ Алай асып, Қаратау басып, үш айрықтың бойына жетіп аттың белін суытады. Өзі де бел суытып жан шақырып алуды ойлайды. Д.Дос. ~ Ол үйден таң алдында аттанып, ақсора, теріскен, е бөлек, селеу, жүзген өскен шексіз–шетсіз шөл даламен суыт жүріп отырып, Жалғызбейітте аз ғана аялдап, аттың белін суытып, түс ауа ақ сары, қызғылт жасыл белдеулері сағым толқынымен теңселген Ақирек тауының етегіне жетті. Т.Әбд.

АТТЫҢ БЕЛІН СУЫТТЫ Read More

АТТЫҢ ЖАЛЫ, ТҮЙЕНІҢ (АТАННЫҢ) ҚОМЫНДА

Қиын жағдайда, аласапыран қарбаласта; көшіп-қонып жүріп.
~ Аттың жалы, түйенің қомында жүріп-ақ ақтарып тастаған
толғаныстарының өзі – ауызша поэзияның адам рухын асқарға шығаратын ұлттыық асылдарымыз емес пе?! Б.Ыб. ~ Жоқ, аттың жалы, түйенің қомында мен саған жауап бере алмаймын. Одан да үйге қайтайық. Бip талай уақыт болып кетті. Түнде жөндеп ұйықтай алмадым. Қош! Б.Соқ.

АТТЫҢ ЖАЛЫ, ТҮЙЕНІҢ (АТАННЫҢ) ҚОМЫНДА Read More

АТТЫҢ ЖАЛЫНДА, АЛМАС ҚЫЛЫШ ЖҮЗІНДЕ ОЙНАДЫ

Жалындаған жастық шақ, жігіттік заманды басынан өткерді. ~ Бір кездері сен де жәудір қара көзді жас болғансың, жалын атып жар құшқансың, бала сүйіп баулығансың, жортуыл аттың жалында, алмас қылыш жүзінде ойнағансың, келелі істерді шешкен кеңестердің шетінде отырғансың. Ғ.Біл.

АТТЫҢ ЖАЛЫНДА, АЛМАС ҚЫЛЫШ ЖҮЗІНДЕ ОЙНАДЫ Read More

АТТЫҢ ЖАЛЫНДА, АТАННЫҢ ҚОМЫНДА

Қарбалас, қысыл-таяң уақыт. ~ Н и я з. Ләзтай, сен қайтып оралғалы екеуміз бір дұрыстап кездесе де
алмадық. Л ә з з а т. Кездесіп отырған жоқпыз ба? Н и я з. Осындай кездесу бола ма екен. Аттың жалында, атанның
қомында. Б.Май. ~ Қарасаң көз жетпес көсіліп жатқан осы даланы мекендеген ата бабаларымыз үнемі аттың жалында,
атанның қомында күн кешіпті. О.Көш. ~ -Санжар, менің қолым тимей жатқанын көрмеймісің? «Аттың жалында, атанның қомында»
қабаттаспасаңшы! — деді анасы. Ф.Оңғ.

АТТЫҢ ЖАЛЫНДА, АТАННЫҢ ҚОМЫНДА Read More