АТ ӨКСІТІП КЕЛДІ

Алыстан ат шаршатып келді. ~ … мынадай ұлы думанды той болып жатқан қарсаңда ат өксітіп алыстан шетелден келіп жатқан силы, құрметті қонақ балаларға сәлемдесіп, амандық сұрасып, Боранқұлдың төрінде шалжиып отыруының жөні келіп-ақ тұр. Ғ.Біл. ~ …барлық жықпылын білетін бұл өңірдегі атаулы жерші Бекбол ғана. Жолынан әдейі бұрылып, ат өксітіп келгенде енді кеп Бекболдың Ожарға шығам дегені Оспанқұлға жақпады, таң қалды. М.Әу.

АТ ӨКСІТІП КЕЛДІ Read More

АТ ТҰЯҒЫН ҚЫЗДЫРДЫ

Атты шабысынан тайдырмау үшін, біраз шаптырып, қыздырып алды. ~ Жортуылшылар зауал ауа атқа қонған. Нұртай жершіл құмға соқтырмай, қайда қатқақ жерді қуалап, жолсызбен тіке салып келеді. Арал теңізінің тұсынан намаздігер әлетінде өтті. Тебіренбестің үстінен түнделетіп асты. Ара-түра ат тұяғын қыздырып жарысып алады. З.Шүк. ~ Ысылдаған Қызылқұм. Күн күйіп тұр. Жігіттер мезгіл-мезгіл ат ауыстырады. Жылқаман бір мезетте көз ілдірмей, суыт тартқан. Аяң шоқырақ, ара-арасында ат тұяғын қыздырып, шауып-шауып алады. Екінші күні адам сыр берді. З.Шүк.

АТ ТҰЯҒЫН ҚЫЗДЫРДЫ Read More

АТ ӨТТІ

Жәй әшейін, салмақ салмай айтыла салған сөз, атүсті пікір туралы. ~ Не істеу керегі белгілі, – апаннан бөлтіріктерді алу
керек. Өз беттерімен олар шықпайды. Апан ішіне кіріп суырып шығару керек оларды. Кім істейді соны? – Мен кірейін, – деді
Қалқаман. Бұл сөзді ол ат өтті емес, шын айтты. С.Мұқ. ~ «Өзің біл, шырағым! – деді Серікбай, оған, – ал, тілім екен я ат
өтті сөзім екен деп ойлама! Мен де, менің мына серіктерім де, шын көңілден айтамыз, жүр біздің елге! С.Мұқ. ~ Тіпті өтірік
дұшпан көзі болса да Бойковқа барып, жазықсыз адамымызды тапа тал түсте ұстап әкетіп, құртып жібергенің қалай? – деп,
ат өтті кінә таққан біреуі болсайшы. Қасболат осыған күйінеді. С.Ом. ~ Бір есептен бұл сөзіңнің де жаны бар, – деді
Сәрсенбай ат өтті ыңғай көрсетіп, – бірақ иемденіп отырған жерін Нұртай өліспей бере ме бізге? C.Ом. ~ Ә, менің жан
алғышым келген екен ғой. Менен немене ат өтті

АТ ӨТТІ Read More

АТ САБЫЛТТЫ

Әуре қылған әрі-бері жүріс туралы. ~ Осындай мамыражайда кiсi шалқайып төрiнде тыныш жатпас па! Мұның осыншама ат сабылтқаны несi? Жоқ, бұл жай жүрiс емес! Неде болса келсiн! М .Әбд. ~ Р.Бердібай елі үшін еңбек етіп, ұлтын ұлықтау үшін бар ғұмырын сарп еткен тұлға дегенді тағы бір айта кеткім келіп отыр. … Жалпы қазаққа ортақ жұмыстар мен тұлғаларды зерттеу өз алдына, тіпті Балқаштан Балқанға дейінгі түркілерді түгендеуге ат сабылтты. Ә.Әуел. ~ Жол ұзақ жортуылда ат сабылтты,. Оранып күн де батты ақша бұлтты. Ай еркін көк жүзінде көлеңкесіз,. Қайтсін ол хандығыңды, патшалықты?! Х.Ерғ. ~ Тек қашанда болмасын өзінің алтын сағасына қайта таласа оралады. Бұған әріге ат сабылтпай-ақ кеңестік кезеңді еске алсақ та жеткілікті. С.Баяз.

АТ САБЫЛТТЫ Read More

АТ САЛДЫ

Хабар жіберді. ~ Зәуренің ісі жылға созылды. Құдасының ауылына Аққұлдар талай-талай ат салыпты, кешірім сұрап келінін
қайтаруды өтінді. Бірақ Зәуре айтқанынан қайтпады. Б.Мом. ~ Ұзамай Шөке қолды болып, сірленіп, қинауға алынып жатқан
хабары Тұмарға жеткенде мына батырдың елдесу емес, жауласуға бел байлағанын ойлаған Тұмар тәуекел деп ауылына ат
салудан басқа жол жоғын ойлап әзірлік көре бастады. Б.Жұм.

АТ САЛДЫ Read More

АТ САЛЫСТЫ

Көмегін берді, әлдебір іске қолқабыс қылды. ~ – Сен өзің табарышсың… өзің жаңа пікірлі болам… Əйелдің
теңдігіне ат салысам деп жүрген жігіттің бірісің… Осы істеп отырған жұмысың өзіңе лайық па? Ойлашы. Ж.Айм.
~ Қысылғанда қасынан табылып, қиыннан жол тауып берген Демежанға разы боп қалған сыңайы бар. – Сенін өкімет пен халық
арасына осындай дәнекер болып, бұзыла жаздаған дүниені қайта түзеуге ат салысқан еңбегің әрқашан есте болады, — деді Ши- амбы
қарттарға тән мінезбен, кәдімгідей көңілі босап. Қ.Жұм.

АТ САЛЫСТЫ Read More

АТ САУЫРЫН БЕРДІ

Көмек көрсетті, қол ұшын берді. ~ Бұл сорлы партияның қолжаулық болмайтын жері болсайшы. Сен екеш, саған да келіп, бір рет ат сауырын беруге жарады-ау, — деп қызыл би кекетіп жымиғанда, өзгелері де соның бетін қостап, монтаны пішінмен жымың-жымың етті. М.Әу. ~ Бұл күнде Сүйiндiк өлген, ендiгi тiзгiн көбi осы Сүгiрде болатын. Көп жылқысының арасында «бiреуге ат мойын», «бiреуге ат сауырын» дегендi бергiштей жүрiп, Сүгiр салмағы күштi бай боп алған. М.Әу.

АТ САУЫРЫН БЕРДІ Read More

АТ САУЫРЫН ҚАҒАДЫ

Биік өскен шөп туралы. ~ Сонау «Сары тоғайдың» тұсындағы түбекті білесіз ғой. Сай, жыра-жықпылы көп жер. Ал,
шөбі биыл бөген, ат сауырын қағады. Әрі биыл өзен көтеріліп, су шыққансын тіптен тұнып қалды. Соған көлік жетпей діңкелетіп отыр емес пе?! М.Сүн.

АТ САУЫРЫН ҚАҒАДЫ Read More