АТ МІНІП, ШАПАН КИДІ

Үлкен құрметке бөленді, сыйға астына ат мініп, үстіне шапан жамылды. ~ Той-думанды қыздыратын алуан түрлі өнер сайысы басталып, мықтылар ортаға шығып сыннан өтіп, мадаққа, мақтауға ие болған айтулылары ат мініп, шапан киіп жатады. Ж.Бағ. ~ Бұл – мінгізген атымыз. Ал шапаның чемоданда. Туған жерінен ат мініп, шапан киіп қайту – ата салты! Б.Тоғ.

АТ МІНІП, ШАПАН КИДІ Read More

АТ ҚҰЙРЫҒЫН КЕСТІ (КЕСІСТІ)

Араздасты, бір-бірін көрместей болды. ~ Ат құйрығын кестім десең өзің біл, Әбілқайыр хан! — деді де ордадан шығып кетті. І.Ес. ~ Ал бірде Кәртешбектің “бұқалығынан” бір рудың екі атасының балалары бір-бірімен ат құйрығын кесісіп кете жаздайды. Н.Дәу. ~ Әй, әй, қой, бала! Сондай сұмдық сұлу қызды кісі сөге ме екен? Әлде ат құйрығын кесістің бе? Онда оны маған бер. С.Дос.

АТ ҚҰЙРЫҒЫН КЕСТІ (КЕСІСТІ) Read More

АТ ОЙНАҚ САЛЫСТЫ

Ат жарыстырды, ат үстінде күш сынасты. ~ Жал-жалдың, сай-сайдың таса-тасасына тығылып, дүкен құрып,
көрік басып, қорғасын балқытып, оқ-дәрі жасап, қылыш шындап жатқан жұрт, ат ойнақ салысып,
семсерлесіп, садақ атысып, найза шаншысып, бұғалық тастасып бәсекелескен көп сарбаз әп-сәтте
жым бола қалысып, сақадай сай боп сапқа тұрады. Ә.Кек.

АТ ОЙНАҚ САЛЫСТЫ Read More

АТ ҚҰЙРЫҒЫН ҮЗДІ (ҮЗІСТІ)

Бір-бірін қайта көрместей болды, кетісті, араздасты, бір-бірінен безді. ~ Бұл кезде Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Түркістанды беремін деп алдаған Қалден Цереннен мүлде ат құйрығын үзген. І.Ес. ~ Сырымның тек жар деген аты. Әрине, Ханшайым басқа әйел болса, одан баяғыда ат құйрығын үзер еді. Ал Ханшайым өйте алмады. І.Ес. ~ Сол Керей Жәнібек деген сұлтанмен бірге Дешті Қыпшақты билеп отырған Шәйбан тұқымымен ат құйрығын үзісіп, қол астындағы ұлыстарын Шу бойына апарып, өз алдына қазақ деген ел етпей ме! Ә.Кек. ~ Көрместей боп ат құйрығын кесісіп кеткен кісімен тағы да қайта кездесудің қиындығын ойлады. Ә.Нұрп. ~ Тек, томырылып теріс айналып «ат құйрығын үзіскеннен» басқа не істеп еді? Мына итке талатып қоятындай? Сұржекейге не істеп еді? Ұқса бұйырмасын… С.Ел.

АТ ҚҰЙРЫҒЫН ҮЗДІ (ҮЗІСТІ) Read More

АТ ҚҰЙРЫҒЫН ШОРТ КЕСІСТІ

Жанжалдасып, бір-бірін мүлде көрместей болды. ~ Бүліктің алдын алып, тездетіп мәмлеге келмесе, бүйірі қызған Арғын, Найман ат құйрығын шорт кесісіп, соғысуға да дайын. С.См. ~ … оны ұмытсаң, өмір бойы әскери заводта темір жонған Митрофан Железнов «баспана тауып ал» деп әп- сәтте ат құйрығын шорт кесісуден де тайынбайды. Қ.Түм. ~ Төремен ат құйрығын шорт кесiсiп кетсе де сөз сотасының бiр ұшын оған тигiзе әдейi айтқан. К.Сег.

АТ ҚҰЙРЫҒЫН ШОРТ КЕСІСТІ Read More

АТ ҚҰЙРЫҒЫНА БАЙЛАДЫ (САЛДЫ)

Ат құйрығына байлап сүйретіп, тау-тасқа соғып өлтіру — ескі жазаның бір түрі.~ Шығарып бер содырыңды. Ат құйрығына
байлап, өлiмтiгiне қарға- құзғынды тойдырып қана тыншырмын, егер тыншый алсам!.. К.Сег. ~ Мен арашаға түспегенде
жазым болатын еді. Жан ұшырып жеттім. Сұлтан баланы құнт қамшының білектей өрімімен буындырып «сен иттің күшігін ат
құйрығына салып өлтірейін» деп дырылдатып барады. С.Жүн. ~ …Ұлы жүздің басты рулары қатынасқан, жеңіске арналған
атаулы той болды. Осыдан екі жеті бұрын ат құйрығына байланған жігіттің туысы, кеше ғана қаза болған Жәнібек, Қаныбек
пен Құндыздың туған нағашы ағасы Қоңырат руының араларында ештеңе болмағандай, ақсақалы Нұрғазыға Абылай қымыз
құйылған күміс кесені өз қолымен ұсынды. І.Ес.

АТ ҚҰЙРЫҒЫНА БАЙЛАДЫ (САЛДЫ) Read More

АТ ҚҰЛАҒЫ КӨРІНБЕС (КӨРІНБЕЙДІ)

1. Алай-түлей соққан боранның сипаты. ~ Сол жылы қыста сен алыстағы станцияға шанамен колхоздан астық тарттың.
Бірде ат құлағы көрінбес алай-түлей боранда оралдың. С.Мұр. ~ Бірақ бір қасиетім — қысқы ат құлағы көрінбейтін ақ
боранда, жазғы тұнжыраған меңіреу қара түнде адасу дегенді білмеуші едім. М.Әу. ~ Жалғыз мен бе, ой-омбысын кешетін,
Жалғыз мен бе, жұрт тағдырын шешетін?, Күн-түн боран — Сары Арқамның төсінде, «Ат құлағы көрінбейді» десетін… Ж.Көкб.
~ Арқада ат құлағы көрінбейді. Астананың өзінде қар жапалақтап жауып, жолдарды лезде басып қалып жатыр. Көктайғақ.
БАҚ. ~ Бағанағыдай «ауыл мына жақта болуы керек» деген долбардан да қалған. Тегі күн батса керек, жолды қойғанда, ат
құлағы да көрінбейді. К.Сег.
2. Қалың өскен шөптің биіктігінің сипаты. ~ Ай сәулесі жүдеп, қырқа үсті ақ шолаң тарта құлан иектеніп атып келе жатқан
таңмен бірге шашақты сасыр, түйе жапырағы арала

АТ ҚҰЛАҒЫ КӨРІНБЕС (КӨРІНБЕЙДІ) Read More

АТ ҚҰРҒАТПАДЫ

Үздіксіз әрі-бері шапқылады, тыным таппай қатынады. ~ «Ақ патшаның әмірі келіпті» деген хабар ат құрғатпады. Ғ.Мүс. ~ Күн ара ат құрғатпай шапқылап башқұрттарға соншама не көрінді екен. Ә.Кек. ~ Ауыл шаруашылық институты тұрған қаланың тіпті темір жолдан арғы қиыр шетінен Исабеков күн сайын ат құрғатпастан орталыкқа, кітапханаға барады… Ш.Айт.

АТ ҚҰРҒАТПАДЫ Read More