Ат құйрығына байлап сүйретіп, тау-тасқа соғып өлтіру — ескі жазаның бір түрі.~ Шығарып бер содырыңды. Ат құйрығына
байлап, өлiмтiгiне қарға- құзғынды тойдырып қана тыншырмын, егер тыншый алсам!.. К.Сег. ~ Мен арашаға түспегенде
жазым болатын еді. Жан ұшырып жеттім. Сұлтан баланы құнт қамшының білектей өрімімен буындырып «сен иттің күшігін ат
құйрығына салып өлтірейін» деп дырылдатып барады. С.Жүн. ~ …Ұлы жүздің басты рулары қатынасқан, жеңіске арналған
атаулы той болды. Осыдан екі жеті бұрын ат құйрығына байланған жігіттің туысы, кеше ғана қаза болған Жәнібек, Қаныбек
пен Құндыздың туған нағашы ағасы Қоңырат руының араларында ештеңе болмағандай, ақсақалы Нұрғазыға Абылай қымыз
құйылған күміс кесені өз қолымен ұсынды. І.Ес.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АТ КЕКІЛІН КЕСТІ (КЕСІСТІ)
Қайта көрместей болды, араздасты, мүлде безді. ~ Түсіптің баратыны осымен шешілген соң, Байдалы:
– Тек, жалғыз-ақ, арыла сөйлес. Айтатынның бәрін айтып кел. Бұға-бұға болғамыз. Ат кекілін кессең де, қатты айтып, ел
өкпесін түгел жеткіз! — деп, Түсіпке өзі де ашумен сөйлеп, нық қайрат берді. М.Әу. ~ Уақты жоғалтсаң жоғалт, бірақ уақ
ұғымдарды іздеуден сақтан. Баспада сүрленіп жатқан кітабың ұпайын түгендеп, анау Азелла деген қызға бола келініңіз ат
кекілін кесті десең мен нанбаған болар едім. М.Қаб.
~ Дағдарған жігіт бір ойында бұл хатты осы бойы әкесіне жеткізіп, азар болса онымен «ат кекілін кесіп» шығардай
толқындады. Ж.Ахм. ~ «Ма Буфаң мырза, ат кекілін кесіскеніміз осы шығар. Сенің сайтанша құбылып, сабынша бұзылатын
сұмдықтың иесі екенің шын болса әкімдеріңнен әділдік күту қиын. Ж.Шәк. ~ Жүз жолдас көптік қылмайды., бір
дұшпан аздық қылмайды. Ат кекілін кесісіп өш болғанша
АТ КЕРТ ЕТІП ШӨП ЖЕГЕН, ЕР ҚЫЛҚ ЕТІП СУ ІШКЕН ЖЕР
~ Қалың ел «бұл қоныстың пайдасын көріп пе едің?» десең: «Атамаңыз, ат керт етіп шөп жеген, ер қылқ етіп су ішкен жеріміз емес. Оны жеп жүрген, ішіп жүрген қолы жеткендер ғана!» – дейтұғын. М.Әу
АТ КӨПІР (БОП)
Үйдей болып, үйіліп-төгіліп (жатыр). ~ Күндіз де қолына шам ұстап кіретін тастай қараңғы складтың бір басында ат–көпір боп үйіліп жатқан ескі киімдерді аударыстырып жүріп бойына шақтап шинель алды. Ә.Нұрп. ~ … бірінің жазғанынан бірі айнымайтын, оқыған бойда– ақ ұмытылып, артынша ат көпір боп аяқ астында шашылып қалатын сарғыш газеттердегі қан – сөлсіз мақалаларға ұқсап кетпей ме? Қ.Жиен. ~ … сосын ат көпір болып шашылып жатқан шөпті жинап, қымтағансымақ боласың да, атқа жайдақ мінесің… О.Бөк.
АТ КӨПІР ҚЫЛЫП АЛДЫ (БЕРДІ)
Молынан алды, қарызға батты. ~ Менің балам қолының қысқалығына қарамай, анаған да, мынаған да араласып, ертеңді-кеш қарап отырмай, сауда қылатын еді ғой. Біреуден аткөпір қылып алып, біреуге аткөпір қылып беріп жүретін. М.Әу.
АТ БОЙЛАҒЫСЫЗ
Қалың әрі биік өскен шөп, егін туралы. ~ Ат бойлағысыз жүгерінің шығысы бөлек. Е.Зей.
АТ КӨРМЕГЕН ЕСЕКТЕН ТАНБАЙДЫ
Жақсыны көріп-білмеген адам жаманнан безбейді д.м. ~ Ат көрмеген есектен танбайды, дүниенің әмірі де, тәңірі де селсебет деп ойлайтын Қызылкөз мені де тізімге қос деп қиғылықты салған. Қ.Ысқ.
АТ БОЙЫ
Биіктігі не екі арасы аттың бойына тең. ~ Көкек келсе де тауда қар қоңын бере қоймапты. Ат бойы түскен ақ шаңқан астынан ерісе де‚ өз майын жеген аюдай бауырынан жұқаратын Алтай қарының жал-жал жоны жайнап жатыр. А.Алт. ~ Кім де болса, мынау айдаудан қайтқан біреу. Ана жылы Федоровты елтіріп, кісені сылдырап Орскіге дейін барғанда, ол осындай кісілердің талайын көрген. Еламан оған қатарласып қалғанын байқап, кілт тоқтады. Ат бойы, атан бойындай алға жіберген соң ғана қайта жүрді. Ә.Нұрп. ~ Жалғыз аяқ жолмен мен алда, ол артта ауылға қарай төтелеп жүріп келеміз. Екі жағымызда ат бойы қалың құрақ, күз түссе де сарғаймай көкпеңбек боп тұнып тұр. С.Мұр.
АТ КӨТІ КҮҢ
Жаугершілік заманда қолға түсіп, олжа ретінде ат артына салып әкелінген әйел. ~ Жәніке-Сарыға қараған туыстарын Сегіз де жақтырмайды. Тоқалдан тарағандарды құл орнына жұмсайтынымен тұрмай, соңғы жылдары Сегіздің ізіне шырақ алып түскен. Мақпалға да таңбаған атақтары жоқ. «Ат көті күң» атап қойыпты. З.Шүк.
АТ БОЙЫН АЛА ҚАШТЫ
Жоламады, аулақ кетті, тұра қашты. ~ Бірақ, соны ескертейін, сорлы халқымыздың дүбір алған харекетіне жәрдем-көмек сұрап көрші елдерге адам жіберген едік, барлығы ауыздарын қу шөппен сүртіп, қол үшін беруден атбойын ала қашыпты. Ғ.Біл.~ Бірақ мысық үйреткісі келмей жолбарыстан ат бойын ала қашыпты, өйткені маймыл, қасқыр, ит және сиыр өнер игерген соң жақсылықтан жалтайып ұстаздарын ұмытқан екен. ҚЕ. ~ Махаббат әңгімесін түгендеп жүретін бір сырласымнан Баянның астанадағы жігіті, ол мектеп бітіргенде ат бойын ала қашып, оны сорлатқанын естідім. Адамның мінезі аспанның бұлты деген рас-ау. Ж.Шәк. ~ Шөке.. ـــ деді кезіккен жерден Нүркен жайдары бейнеде, ـــ Сен неге менен ат бойыңды алып қашасың? ـــ деді сыңғырлай күліп шөкенің жеңінен тартып. Б.Жұм.
