Тамақтан кейін үлкендердің бата беруі. ~ Нан аралас ет қусырылып, табақтың арғы бетіне қашып барғанда, қарт еңсесін көтерді, орамалға екінші қайтара қол созды, ас қайырды… М.Қаб. ~ Жолдастарындай киіп-жарып кете алмай ортадағы қара самардан да оқшаулау отырып, Шерубай ас қайырғанда алдымен тұрды… Қ.Ысқ. ~ Ақсақал қонақтарды ас қайырылып, дастархан жиналған соң босатты. Ұзақ жол жүріп, ат соқты болып жеткен. Бәрі де демалыс тілеп отыр еді. З.Шүк.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АРЫНЫ БАСЫЛДЫ
Сабасына түсті, көңілі орнығып, ашуы қайтты; екпіні бәсең тартты. ~ Қос күнәһардың татар дәмін тауыспай қапелімде қаһанның арыны басылмас. Р.От. ~ … суытылған тоқжарау аттар таңғы салқында ерттелген кезде ауыл маңының барып-қайтар келте сапарлардың біріне шығып бара жатқандай, тізгінді сүзе тартысып, жүріс сұрағандай еді, енді ол арындары басылып қалыпты. К.Сег. ~ Кенет оған осы бір алғырт өжет жанға өз көрегендігін аңғартып, майдан жағдайы туралы әріден сезгенін айтып, ұғындырғысы келді. Оның арыны сонда басылмақ. Т.Ах.
АРЫСТАН АЙБАТ, ЖОЛБАРЫС ЖҮРЕК
Жаудың зәресі ұшып, жүрегі шайылатын қаһар, айбын, сұс мәнінде. ~ Қалмақ жұрты қаһарынан қара жер қалтырайтын Тұрлыбектің арыстан айбат, жолбарыс жүрегінен сескеніп, ондаған жылдар бойы қалт–құлт күн кешкен. С.Дос.
АРЫСТАН ЖҮРЕКТІ
Ештеңеден сескенбейтін, қаймықпайтын батырлық, жүректілік хақында. ~ Ай мен күндей ажарлы сұлу, қыршын жастарды да, арыстан жүректі айнымас батырларды да, әлемнен озған алаяқ, аузынан бал тамған шешен билерді де жерошақтай жер қазып, үңірейтіп бауырыңа көміп жатсаң да, бақайыңнан келмей, түк көрмегендей-aқ мыңқиып тұра бересің- ау! Шәк.
АРЫН АРЛАДЫ
Абыройын қорғады, намысын жыртты. ~ Ол кездегі болыс Құрман Есімбектің туған құдасы. Есімбектің жесірі кетсе, «қыпшақпын»деп қанға тарту жоқ— Құрман жаппастың, арын арлап тұрған. Б.Май. ~ «Уа, сен менің жоқшым, жарылқаушым ба ең? Белқұлы Қуан арын арлап шалыққандай тантығаны несі? М.Сүн. ~ Шыр еткенде маңдайына бiткен бiр үйiр жылқысы мен жүз қаралы қойы бар бұл кiмнiң арын арлап, кiмнiн жоғын жоқтады? Б.Алд. ~ Сондықтан ол Қаражігіттің сөзін құптап: «Алдыңнан жарылқасын! Ағаңның арын арлап, руыңның туын жықпаймын десең, қолыңды қақпаймын. Барып, Бегейде кеткен кегімізді қайтар!» — деп батасын берген. Ү.Жлк.
АРЫН АРЛАП, ЖОҒЫН ЖОҚТАДЫ
~ Шыр еткенде маңдайына бiткен бiр үйiржылқысы мен жүз қаралы қойы бар бұл кiмнiң арын арлап, кiмнiн жоғын жоқтады? Б.Алд.
АРЫН БЫЛҒАДЫ
Абыройын төкті, ұятқа қалдырды, масқара қылды. ~ Несін айтайын, бетке шіркеу белгілі күнә емес пе, Жареке- ау, — деп Аққұл кенет қалшылдап, қамшысын көтеріп, байбаламға басты… — Мына жаман сәурік менің шаңырағымның арын былғады, әулетімді күлкі- мазақ қылды ғой. Б.Мом. ~ «Мына әлгі Абақ деген жігіт бейбастақтық жасап, біреудің қызын алдап әкетіп, соны таңсәріде машинамен далаға шығарып, арын былғап, қол-аяғын байлап, тастап кетіпті. Ә.Ысқ. ~ Алғандарыңыз беріңіздерші, көптің арын былғамай, бір қарын майды бір құмалақ шірітеді деген осы ғой! – деп, ауруханаға кетіп бара жатқан апа жанайқайын жеткізді. Н.Абд.
АРЫН ТӨКТІ
Намысын аяққа таптап, қорлады. ~ Пәле, тапқан екенсіздер тағы! Мен расында да княжнамен азырақ әуре болдым да, қойып кеттім, өйткені менің үйленгім келмейді, қыздың арын төгу менің әдетімде жоқ. М.Лер. ~ Қазақты қорлаған қаныпезерлердің қарқылдаған дауысы өне-бойын селкілдеткен. Әнебіреуі жота үстінде қаракөз арудың үстіне шығып алып, арын төгіп жатыр. АҚ («Сексеуіл»)
АРЫН ТУ ЕТТІ
Намысты қолдан бермеді, абырой үшін күресті, ұятқа қалмады. ~ Біз жақтың қуғыншылары да талабынан танбапты. Ат сабылтып арын ту етіп келгенде, арқасын жерге тигізіп қалай қайтсын. Қадалып отырып, қалайда дегеніне көндіруге түйініп алған бәрі де. Б.Мом.
АРШЫЛМАҒАН ЖҰМЫРТҚАДАЙ
Аппақ, саф таза, он екіде бір гүлі ашылмаған. ~ Ақ жүзiң
аршылмаған жұмыртқадай, Пар келмес ажарыңа ымырттағы
Ай! Көңiлiм алып-ұшқан басылар ма. Көзiңнiң кəусарынан бiр
ұрттамай?! И.Сап. ~ Міне, енді Қадиша Ақанға келе жатыр.
Бұл келістің басқа келіс екенін де түсінеді. Ақанның көңілінде
әлі жарылмаған қауын, аршылмаған жұмыртқадай Ақтоқты
екенін де біледі. С.Жүн.
