Намысты қолдан бермеді, абырой үшін күресті, ұятқа қалмады. ~ Біз жақтың қуғыншылары да талабынан танбапты. Ат сабылтып арын ту етіп келгенде, арқасын жерге тигізіп қалай қайтсын. Қадалып отырып, қалайда дегеніне көндіруге түйініп алған бәрі де. Б.Мом.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АРШЫЛМАҒАН ЖҰМЫРТҚАДАЙ
Аппақ, саф таза, он екіде бір гүлі ашылмаған. ~ Ақ жүзiң
аршылмаған жұмыртқадай, Пар келмес ажарыңа ымырттағы
Ай! Көңiлiм алып-ұшқан басылар ма. Көзiңнiң кəусарынан бiр
ұрттамай?! И.Сап. ~ Міне, енді Қадиша Ақанға келе жатыр.
Бұл келістің басқа келіс екенін де түсінеді. Ақанның көңілінде
әлі жарылмаған қауын, аршылмаған жұмыртқадай Ақтоқты
екенін де біледі. С.Жүн.
АРЫНА (АУЫР) ТИДІ
Қорлады, намысына келетін сөз айтты, іске барды. ~ Бұл сөздер арына ауыр тиген Елизавета Андреевна Ботагөзді біраз күн мазақ қиянатынан арашалап, айуандық мінез көрсеткен ағасы – Алексейді ұялтты. С.Мұқ.~ Жалпы жиырма бесінші жылы туылғандардың бәрі осындай, олар тіпті аз қалды. Жәбірленуші әуелі бұның арына тиген, түсінесіздер ме, адамдық арына тиген. Ал, адамдық ар бәрінен жоғары тұру керек. Қ.Түм.~ Күйеуінің өз үстемділігіне берік сенген өктем үнімен «Осымен бәрі бітсін»,- дегендей есіктің сарт ете түсуі Мәликенің арына тиіп, ызасын ду көтерді. Д.Ис.
АРШЫЛМАҒАН ҚАУЫН, АҚТАРЫЛМАҒАН БОҚША
Он екі де бір гүлі ашылмаған балғындық хақында. ~ Сол бір
сұрқия ойдың иесі Сақан: — Өзіңнің оспадар қазан
бұзарлығыңды қызға жауып, біреудің аршылмаған қауын,
ақтарылмаған боқшасын масқараламақпысың. Ал қыз сөзінен
танды делік, сонда қыз үйінің қақпасын қиратып, қамбасын
бұзатын қай бассыздығың! — деп қиқылдай түйілді. С.Бег.
АРЫНА ДАҚ (КІР) ЖАҒЫЛДЫ (КЕЛТІРДІ)
Абыройынан айрылды, ұяттан кетті. ~ …Ақбілек ақ әскерлерінен, «қара мұрттан» қашып құтылғанымен, жүрегін жаншыған жарадан, арына жағылған дақтан арыла алмаған. Аулына аман– есен оралғанымен, көзге шыққан сүйелдей сорлы бейбақ ел түрткісіне айналған. Ж.Айм. Жолдыбайдың өзі ұнатқан қыз баланың басы жақсы болған соң, кет ары болмаған еді. Оның бер жағында он екіде бір гүлі ашылмаған Қымбатты өсекке қалдырып, арына дақ келтірген де Жолдыбайдың өзі. «Ақылды тентек» аталып жүріп, «содыр тентек» атанған жері бар. Т.Рыс. ~ Әдебиет үшін болса армандары болмас еді ғой. Алла адастырғанда пендешілікпен алысқандары арына кір келтірді. Ж.Шәк.
АРШЫН БОЙЛЫ
Дембелше денелі, орта бойлы. ~ Қайдар келгенде Дәметкен мен Жұмакүл үй іргесіне қазық қағып, арқан салғалы жатыр еді. Қарулы Жұмакүл тоқпақпен қос қолдап екі-үш рет сілтегенде, аршын бойлы қазық жерге сіңіп ақ кеткені. Б.Май.
АРЫНА ЖҮГІНДІ
Ұятын ойлады, тәубаға келді. ~ Өзі ше? Еркектер ше? Өткен күндер еншісінде қалған айып- күнәларынан қуыстанар ма? Сонысынан жиіркеніп, арына жүгініп, кінәсін мойындап, келешек күндер аясына әйелдерше тазарып, сауығып аттауға ұмтылар ма? Әй, қайдам! C.См.
АРШЫН ТӨС (ТӨСТІ)
Әдемі, алға шығыңқы сұлу омырау. ~ Ұзын бойлы, аршын төсті ақсұр жігіт шекпенінің бір жеңін беліне қыстырып, жерден шөп жұлып алып, алақанын үйкеп жіберді де, ақпандағы бураша шабынып шыға келді. Ж.Айм. ~ … сол кездегі ең сәнді көйлектің үшкілдей ойылған омырауынан жарқырай көрінген аршын төс, ақсары жұқа өңіндегі қиылған қара қас пен үлбіреген гүл ерін … Г.Сей. ~ Алғашқы аршын төс, үзіліп піскен жүзімдей мөлдіреген келіншегі кешегі аласапыран, тәркілеу жылдары қызыл жағалыға ілесіп қашып кеткен. Д.Дос. ~ Желбіршекті ұзын ақ көйлек пен қысқа қызыл камзолдың кеуде тұсын керіп, онсыз да ажарлы аршын төсті онан сайын жұтындырған егіз анар әсемдігін суреттеуге тіл жетер ме! С.Дос. ~ Менің мынау қазан басым, толық денем, аршын төсім, үстіме құйып қойғандай жарасып тұрған костюм – шалбарым оның көзіне де бөлек көрінген болса керек. Ж.Сәм.
~ Шынайы құсбегілерінің айтуынша: «Сартұмсық тұқым
АРЫНА КІР ШАЛДЫРМАДЫ
Абыройын сақтап қалды, арына дақ түсірмеді, адалдығына шәк келтірмеді. ~ Расында, 1937-1938 жылдың содырлы сойқанынан арына кір шалдырмай аман шыққан қазақ жазушысы некен саяқ. Қ.Ерг.
АРЫ АЙТЫП, БЕРІ АЙТЫП
Неше түрлі уәж айтып, дәлел келтіріп д.м. ~ Жайлары болмаған соң, бастарын қосып, ақылдаса келіп: ауласы кең, өзі үлкен жеке үйді жалға алып, барлығы бір арада тұрмақ болады. Үйге иелік етуі үшін олардың біреуінің әйел алуына тура келеді. Жиналғандар ары айтып, бері айтып, Құнанбайды көндіреді. Т.Жұр. ~ Бұл қозы баламдікі. Барлық өткен-кеткен жолаушылар жетім қозы екенін біледі. Бір қадам да баламның артынан қалмайды. Әне, өзің көзіңмен көрдің ғой, екеуінің бірге кеткенін, – деп ары айтып, бері айтып, әлгі пәлені көндіре алсамшы. З.Нұрт.
