АРҚАУ ЕТТІ

Негізгі тақырып етіп алды. ~ Алдындағы ағалары секілді, Сейтжан Омаров та Қазақстанда кеңес өкіметі орнаған кезеңді, ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы, Тың секілді қадау-қадау тақырыптарды шығармаларына арқау етті. Қ.Ерг.

АРҚАУ ЕТТІ Read More

АРҚАУЫ БОС

Жасық, бос белбеу. ~ Бірақ бір оларға емес, бүкіл халыққа туған күн ғой. Оның үстіне Торғын да арқауы бос, ашық ауыздарға жатпайды. Далбассыз болмаса керек. К.Қаз. ~ Келіншектің көңілі Тұрардан қатты қалды. Араларын жалғастырып тұрған, онсызда арқауы бос нәзік жіп үзіліп кеткендей. Т.Сәу.

АРҚАУЫ БОС Read More

АРҚАУЫ БОСАДЫ

Әлсіздік танытты, жүні жығылды. ~ Бар қайратын жиып өзін қайрап ұстаған Уәли енді арқауы босап окоптан басын көтергісі келмеді. Т.Ахт. ~ Сары бала әжесін алдаудың тәсілін біледі. Жүгіріп кеп мойнынан құшақтады. Бибі апаның арқауы босап кетті. С.Елу. ~ Алдындағы адамның арқауы босап, жүні жығылып, ішкі тіреуі сынып, желді күнгі қамыстай майысып тұруы өзінің беделін асырып, қасиетін көбейтіп, қайратын еселеп, аруақтандырғандай жігерлендіре түсетін. С.См. ~ Арқауы босап отырғанда адамға сөз біткеннің қандайы да сүйеу бола алмайтынын Байтаңат шал жақсы ұғушы еді. Ғ.Сл.

АРҚАУЫ БОСАДЫ Read More

АРҚАСЫ ҚЫЗДЫ

Бойына желік бітті. ~ Арқасы қызып, домбыраны алып жіберіп қызық қисса секілді жырлап шыққысы бар. Д.Дос. ~ Ортаға шыққандар көбейген сайын кезек күтіп отырғандардың арқасы қыза түскен сияқты. Ә.Кек.

АРҚАСЫ ҚЫЗДЫ Read More

АРҚА-ЖЕҢІ КЕҢІДІ

Өзін еркін сезіне бастады; жайланды. ~ Ол ендi орнына жайғасқан Пұсырманға көз қиығын тастап қойып, арқа-жеңi кеңи бастаған жұрт тiзгiнiн тездетiп қолына алғанды жөн көрдi. Б.Алд. ~ Болмаса да самсаған тал-терегі, кең болатын қазақтың арқа-жеңі. Отын іздеп, су іздеп жүргенде де, даламыздай жанымыз дарқан еді. Ф.Оңғ.

АРҚА-ЖЕҢІ КЕҢІДІ Read More

АРҚАСЫ ҚЫШЫДЫ

Әлдебір жамандыққа, таяқ жеуге көрінді. ~ Саймаранға тиген соққы өздеріне тиетінін сезгендей, Қаблан мен Қаратай қамшы тиместен ыршып жатыр. Арқасы қышып жатқан болар дегендей Мәди анда-санда оларға да қамшының ұшын садақша атып тұр. Ә.Әб. ~ Жирен қасқаның дауысын естісе ақырда тұрған аттың арқасы қышитын еді, керік ұстаған шал біткен қырғын боп шуласып, айғыр емес, ауылға аю алып келдің деп қарғысының аяғын Веттехниктің адресіне бағыштайтын болған. Қ.Ысқ.

АРҚАСЫ ҚЫШЫДЫ Read More

АРҚАН БОЙЫ

Ұзындық, қашықтық, биіктікті мөлшерлейтін қазақи өлшем.
~ Өзеннің екі жағасында арқан бойындай жоғарылаған ақ тұман, тізбектелген өркеш-өркеш таулардай болып, ол таулар ай сəулесімен самаладай сандақтанып, аппақ қардай жарқырап, көз шағылысады. Ж.Айм. ~ Артынан арқан бойы шығып тұрып, Өз үйінде сабазың сыр бермеуші. М.Жұм. ~ Бұларды арқан бойындай жерден анық аңдаған өз қолдарының орта тұсында келе жатқан Құлайғыр болатын. М.Әу.

АРҚАН БОЙЫ Read More

АРҚАСЫ МҰЗДАДЫ

Бойын үрей биледі. ~ Құдіретті күш. Осыны сезінуі-ақ мұң екен, жігіттің арқасы мұздады әлгі бір кесірлі ойдың жетегінде кетіп бірдеме деп тастаса суретші деп мақтан тұтып, бір купеде келе жатқанын дәреже санаған қыз алдында ақымақ болып қалатын еді ғой. С.Шәй. ~ «Бұл үй болмаса күнім не болар еді?» ─ дегенде, Бағданның арқасы мұздап еді. С.Шәй. ~ Күтпеген жаңалықтан тiксiнiп, жiгiттiң арқасы мұздап қоя бердi. Ә.Ыб.

АРҚАСЫ МҰЗДАДЫ Read More

АРҚАН ЕСІП ОТЫРМЫСЫҢ

Жайланып отырған адамды асықтыру. ~ Әй, жігітім, арқан есіп отырмасаң, болсаңшы, күн кешкіріп барады… – деп дауыстап еді, ешкім жауап қатпады. О.Сәр.~ Сонда да жақпайсың. Ең аяғы әжетханаға кірсең де, «сауыны» бірге кеп: «арқан есіп отырсың ба, шықсаңшы енді!» деп шал таяғымен тоқылдатып тұрғаны. Т.Сәу.

АРҚАН ЕСІП ОТЫРМЫСЫҢ Read More