АРДАҚ ТҰТТЫ

Құрметтеді, қадірледі, мақтан көрді. ~ Осындай сөздерден кейін албырт жас жүрек қалай толқымасын, Бүркіт Ақанды қалай ардақ тұтпасын! І.Ес. ~ Үндінің, ауған, парсының елінен өтерміз, арап дүниесінің ортасынан қақ жарып жол тартармыз, дүниені шарлап өзімізге болыстық етер дос табармыз, сондықтан, ағайыншылықты ардақ тұту керек. Ғ.Біл. ~ Шынында да ұлы князь қасты дос ете білетін дана адам еді. Бабамның алтын басын ардақ тұтып тақ жанында ұстайды. Қол астына әскер береді. Т.Сәу.

АРДАҚ ТҰТТЫ Read More

АРАНЫҢ ҰЯСЫНДАЙ ГУЛЕДІ

У-шу болды. ~ Жиналған жұртшылық араның ұясындай гуілдеп кетті. С.Елу. ~ Лорд Годольфин осындағы орынның бәрін өзі сатып алып, елді ат жарысқа ақысыз-пұлсыз шақырған соң, қызыққұмар ағылшын жұрты лек-легімен ағылған-ды. Енді кілең сәйгүліктердің егесті шабысын көргенше асық болып, араның ұясындай гулейді. А.См. ~ Қайыптың езуі жиылмай күле бергенін көргенде көкірегі оттай ысып, екі бетінің дуылдап өртеніп бара жатқанын білді Ақбөбек. Үй іші араның ұясындай гулей жөнелді. Ү.Жлк.

АРАНЫҢ ҰЯСЫНДАЙ ГУЛЕДІ Read More

АРДАН (ҰЯТТАН, АР-ҰЯТТАН) БЕЗДІ

Адамгершіліктен тайды, ар-ұятты белден басты. ~ Ардан, ұяттан безіп, қиянаттың, жауыздықтың дәуірі енді ашықтан-ашық жүрді… С.Сей. ~ Маған қол көтерсен де, өз келініңнің алдында ар-ұяттан безбесең етті,— деп ол бетінің қанын жуу үшін өзен жаққа кетті. Б.Тоғ. ~ Бізден де ұяттан кеткен, ардан безген арамзалар шығып, газет таратқан болып, ел ішіне әрекет шашқалы жүр. С.Сей.

АРДАН (ҰЯТТАН, АР-ҰЯТТАН) БЕЗДІ Read More

АРАСЫ СУЫДЫ

Әлденеге келіспей қалды; араларында дау туды; бір-бірінен алыстап кетті;, қырын қарасты. ~ Түнде ғана сен су миға айтпадым ба. Халел екеуін бүгін ғана қосып отырғанда, арасын суытайын деп пе ең. С.Жүн. ~ … ағаш ұрладың деп акт жасап, Қарадию бір жыл түрмеде отырып шыққаннан бері екі үйдің арасы суып кетті. Қ.Ысқ.

АРАСЫ СУЫДЫ Read More

АРЗАН ҚАЛЖА, МОЛ ОЛЖА

Көп шығынданбай-ақ пайдаға кенелу туралы. ~ «Арада төрт жыл өткен болса, оның үстіне ит арқасы қияннан әкелген болсам – кім даулайды?» деп ойлаған ғой, төрт автордың алты өлеңін жалғыз өзі иемденіп, алшысынан түсе қалыпты. Арзан қалжа, мол олжа! Бейнетсіз еңбек, зейнетсіз атақ! Ғ.Қаб.

АРЗАН ҚАЛЖА, МОЛ ОЛЖА Read More

АРАСЫНА ЖІК ТҮСТІ

Араздасты; қырғи қабақ болды. ~ Қырық-елу үй күліктің арасына жік түсіп, ағайын қиналады. З.Шүк. ~ Енді қазаққа келейін. Біз жүрт болуды жаңа ойланып, жаңа қамдандық, қазақ әлі ақсүйек, қарасүйекке, оқыған, оқымағанға бөлініп, арасына жік түскен жоқ. Ж.Айм.

АРАСЫНА ЖІК ТҮСТІ Read More

АРЗАН ҚОЛ

Сапасы төмен, құнсыз дүние.~ Артынша біреу әдейі істегендей арзанқол араққа шашалды да демін әзер алып, екі қол, екі аяғын төрт жаққа жайып жіберіп, тас еденге сұлап түсті. Қ.Жиен. ~ Нағашы апасының төсегі шашылып қалыпты. Жастығының астынан бір кітапша көрінді. Әйелдер жақсы көретін арзанқол роман шығар. Әлде, күнделік пе. Ж.Шам.

АРЗАН ҚОЛ Read More

АРАСЫНА ОТ САЛДЫ (ТАСТАДЫ, ЖАҚТЫ, ТҰТАТТЫ)

Екі жақты шағыстырды; бір-біріне айдап салды. ~ Енді әкеге де айта алмайсың, айтсаң, әкең мен шешеңді шағыстырған
болып шығасың, енді атаңа да айта алмайсың, айтсаң екі үйдің арасына от салған боласың, Жанәли, әкесінің кенже інісі,
бұнымен сырласатын, бұны түсінетін сол еді, — ол демалыста. Ә.Тар. ~ Шамалары келсе, олар еңбекші халықты қайтадан
құл еткілері келеді, алпауыттар мен ірі байлардан кедей – жалшыларға алынып берілген жер – суды қайта тартып
алғылары келеді, орыс халқы мен қазақ халқының арасына от салып, жауластырғылары келеді. С.Ом. ~ Жұртты бөліп, бір-
біріне айдап салу, өшпенділік тамыздығын тұтатып, ағайын арасына от тастау, іштен шықкан шұбар жылан — сатқындарды
пайдаланып, іштей іріту — жергілікті патша әкімшілігінің жымысқы саясатының басты бағыттары болды. C.Ақт. ~ Енді ойласа,
ағайын арасының ұсақ араздығына бола екеуінің арасына әдейі от тастағандай сезінед

АРАСЫНА ОТ САЛДЫ (ТАСТАДЫ, ЖАҚТЫ, ТҰТАТТЫ) Read More

АРАСЫНА СЫНА БОП ҚАҒЫЛДЫ

~ Аз дәулет азап болғанда, көп дәулет тозақ демеуші ме еді?! Сол, сол батырдың жанарын, балуанның талабын шаққан сиқыр дүние ағайынды екі азаматтың арасына жарық боп енді, сына боп қағылды. Балам, мен бұның бәрін дүниенің сайқалдығынан көрем. Ж.Нәж.

АРАСЫНА СЫНА БОП ҚАҒЫЛДЫ Read More

АРАСЫНАН (АРАЛАРЫНАН) ҚЫЛ ӨТПЕЙДІ

Асқан татулық; шынайы дос көңілдің сипаты. ~ Арасынан қыл өтпейтін Кейкі мен Аманкелдінің ортасына от тастап, Аманкелдінің қазасын Әбдіғапарға жапқан қай әзәзіл?.. Қ.Ысқ. ~ … ол кезде бұл екеуі арасынан қыл өтпейтін дос еді; ақыл тоқтатпаған алаңғасар немелер бұл дүниеде асыр салған ойыннан да басқа қызғаныш деген қызыл ит болатынын қайдан білсін. Ә.Нұрп. ~ Екіншіден, Ақанның осынау араларынан қыл өтпейтін екі досына арнап шағын қоштасу банкет мезіреті бұл. М.Қаб. ~ Ол ғана емес қасқырдың кесірі отасқалы араларынан қыл өтпеген Жалау мен Жанаттың балдай тәтті тұрмысын да жiбере жаздады. Ә.Әб.

АРАСЫНАН (АРАЛАРЫНАН) ҚЫЛ ӨТПЕЙДІ Read More