Құнсыздың қадірі болмайды. ~ Бірақ, достарым, бейнетсіз еңбекте зейнет бола ма? Арзанның жілігі тати ма? Қиындыққа құлаш сермеу біздің салтымыз емес пе? Бастап қалған екенмін бұл еңбекті – жеті қабат терім сылынса да, аяқтап шығуға міндеттімін. Б.Соқ. ~ Бүркітті сағынған мен, бармау жайын Қалисаға ақылдасып ем: — Бар,— деді ол,— еркекке бұлдана білмесең қадырың кетеді. «Арзанның жілігі татымайды» дегенді аталарың босқа айтпаған. Сүйген адамыңа болса да арзан берілмеу керек, діңкесін құртып барып қосылу керек. Сонда ғана бұлды боласын. С.Мұқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АРҚА-ЖАРҚА БОЛДЫ
Қуанды, мәз болды, бір жасап қалды.
* Оқуға түскелі ауылға соққаным осы еді. Әке — шешем де, бір төбенің басындағы алты -жеті үй ағайын туыс та келгеніме қуанып арқа — жарқа боп қалды. Н.Серал.
АРҚА ЕТЕГІН КЕҢ (КЕҢІТІП) САЛДЫ
Өзін еркін сезінді, алаңсыз болды. ~ Үлкен Кісінің қалауымен тағы бір хан сарайындай сәулетті үй салудың реті келгенше арқа етегін кең салып, күнде-күнде хан сәскеде ұйқысын қандырып тұрады екен; бай-патшалардай уайым, қайғысыз рахат өмір сүреді екен. Ә.Нұрп. ~ Сары Иван арқасына жамылған шапанын екі шалғайымен тақымын қымтап алды. Иман жүзді момын жанның момақан түрімен ығыстырып ақырын айтқан әңгімесі ертеден бері апшысы қуырылып отырған кісілердің арқа етегін кеңітіп сала берді. Ә.Нұрп
АРАСЫНАН ИНЕ ӨТПЕСТЕЙ
Өте тығыз. ~ Арасынан ине өтпестей иін тірескен жыныс орманның тұтасқан жасыл бастары бұлар болмаса өкпек желмен жыбыр-жыбыр қозғалғандай, жынданғандай болады. Ж.Айм.
АРАША БЕРМЕДІ
Ырыққа көнбеді, дес бермеді. ~ Осыдан әрі Сейіт Айсаның үйіне жетіп, атын ұстатып алғанша, кедей ауылға жиырма-отыз сойыл, шоқпар, арқан, шылбыр алған қызбабас, құтырған жігіттер шауып келді. Айсаны сабап, араша бермей, Сейітті ортаға алып, тобымен жабылып, дедектетіп алып кетісті. М.Әу. ~ Ашуы қатты деймін-ау, бұл кісінің қолы одан да қатты екен. Жеңгеміз бір ажалдан қалды, құдай сақтап. Тіпті бұл Сәкеңнің кісіге араша бермейтінін қайтерсің. Араға түсем деп өзім де таяққа сілейіп шықтым. Т.Ахт. ~ Қаны басына теуіп, көзі қарауытқан Асқар жынданған адамдай, ешкімге араша берместен Уәлиді қамшының астына алып, тамағы қарлыққанша айқайлады. Т.Әбд. ~ Анада астанада болып қайтқанда бұны Әзімнен қызғанып өлтіре жаздаған жоқ па? Тіпті кеше өзінің туысы – Сары Шаяны да жұрттың көзінше араша бермей шырылдатып сабап, беті-аузын даладай қан қылды ғой. Ә.Нұрп.
АРАША ТАЛАДЫ
Жан-жақтан тиісіп, итін шығарды. ~ «Ұрланып үйленді», одан Демьянычтың әлегі, ол аздай сәтсіз командировка… Пан жазушы әдемілеп сулатып берген жинағы; қатаң сөгіс оған үстеме… Үй болғалы көди-сөди сатып алып, қалта да қағылып еді. Қысқасы, араша талады. М.Қаб. ~ Сор түрткен байғұс ендi қарақан қара басым жалғыздықтан жүрегiм аш қасықрдай зорлана ұлып, қауымалаған ауыр ойларға араша таланудамын. Ж.Шағ. ~ Әйеш айтатын: «Таңертең мамам сиратымнан суырып алғанда, «Ұйқы, ұйқы, ұйқышым, неткен тәтті едің! Шіркін, әлі де жұмсақ төсекті жаншып жата тұрса!» деген ойлар араша талайды». Оны айтқан Әйеш емес, Әйештің жалқаулығы да. Мені талаған аралар басқаша. М.Қаб.
АРБА СЫНБАЙТЫН, ӨГІЗ ӨЛМЕЙТІН ЖОЛ
Қалай болғанда да ұтылмаудың амалы. ~ Қазақи қағидада шыңарақтың туын ұл- қызың емес, сол қазақ босағадан орын
берген келін ұстайтынын ұқты. Ұлбалаш арба сынбайтын, өгіз де өлмейтін жол іздеп, таба алмай қиналды. C.Шайм. ~ Мұндай
үлкен шаруамен ғұмыры айналыспаған қарапайым суретші үшін мынау шынымен қиын мәселе болды. Екі арада арба да
сынбайтын, өгіз де өлмейтін ұтымды жол табу керек… Ә.Асқ. ~ Нені ойлансын?.. Ауатком председателі тап деген екен, онда
ойланатын не тур?.. Әлде арба сынбайтын, өгіз өлмейтін жол тап дегені ме?.. Қ.Ысқ.
АРБАҒА АРТЫП, ТҮЙЕГЕ ТЕҢДЕДІ
Б о қ а ш. Әрине. Саудамыз күсет болып жатқан жоқ па, мұнда келгелі? Алтын, күміс, асыл тас дегендерді бұл арадан арбаға артып, түйеге теңдеп алып қайтатынбыз. қымбат өткізіп жүрміз. С.Мұқ.
АРБАЛҒАН ТОРҒАЙДАЙ (БОЗТОРҒАЙДАЙ)
Еш қарсылық көрсете алмай, байланып қалғандай (болды). ~ Әлгі тарылдақ неме құдды арбалған торғайдай шырқ айналып шығар емес. Кенет есіктің алдындағы үюлі күлді бұрқырата аспанға көтеріп, дәл жер ошақтың қасына кеп қонды. Ә.Кек. ~ Оның ықыласпен кіріскенін көргенде арбалған торғайдай есі шығып отырған арыз иесі: «Е, Құдай бере көр!»– деп бір көтеріліп қалатын. Ә.Нұрп. ~~ Неге қисын жоқ? Жігіт қызға, қыз жігітке қызықпай ма? Болыс сайлауға ауылға келді, сұлу қызды көрді. Қыз да жұтынып тұрған жігітке арбалған бозторғайдай түсті де қалды. Бір күн көрді, екінші күн сөйлесті, бітті шаруа. К.Қаз.
АРБАНЫ ДА СЫНДЫРМАЙ, ӨГІЗДІ ДЕ ӨЛТІРМЕЙ
Ешкімді ренжітпей, көңілдерін таба білу. ~ Жалақ сары ақылсыз жігіт емес тәрізді. Екеуміз бірқауым әңгімелестік. Құлаққа кіретін, арналы сөздер айтады. Пікірінде әділдік, дұрыстық бар. Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей, екі арадан бітімнің тура жолын тапқысы келетін тәсілшеңдігі және байқалады. Б.Соқ. ~ Сен не дейсің? Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмасақ қайтеді? Т.Рыс.
