Жетер жерге жолшыбай орта жолда бір түнеп бару. ~ «Содан ары ертең Бұғылыны аралап, Машанға еркiн жетiп, ерте, түсте
барамыз. Күн ашықта жайласамыз. Бүгiн жетемiз деп өктемейiк. Асықпай, ара қонып-ақ барайық» дескен-дi. М.Әу. ~
Сыпатай мырза саспады, қайта, ризашылық білдірген. Ол — Найзатас деді. Етегі толы бұлақ. Аттыға — күндік, көшке ара қонып
жетер жер. М.Мағ. ~ Арбаға жегілген арық ат бір күнде алып бара алмайды. Ара қонып, ертең жетеміз деген жоспармен
шығып келеміз. Б.Соқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АРАЛАСЫМЫ МОЛ
Қолы ашық, қонақжай, сыйлы кісі. ~ Әйелі Ханым қол-аяғы балғадай, бойлы-сойлы, өңді кісі. Дөңгелек отты көзінің нұры жұмсақ. Ағайын-жекжатқа да араласымы мол. Ә.Кек.
АРАҒА АЛА КҮШІК ЖҮГІРТТІ
Екі адамның арасына іріткі салды. ~ Баласы таққа отырған соң, әкесінің бұрынғы қырық уәзірін жақтырмай, қайта саралап, жаңадан уәзір алмақ болады екен. Соны сезген уәзірлер араға ала күшік жүгіртіп, Боқашты әкесіне жамандайды. «Әке ақылын алмай, ана сүтін жерге төкті», – десе біреулері. Т.Рыс.
АРАҒА ӘЗӘЗІЛ КІРДІ
Аралары суыды, жанжалдасты. ~ Құдды араларына әзәзіл жын-шайтан кіріп кеткендей, шалғайымен қағып: «Өй, найсап! Өй, патшағар, кет! Аулақ, аулақ!» деп, бұны араларынан аластамақ болып еді, бірақ бұл көнбеді. Ә.Нұрп. ~ Шығармас, бірақ, өгізді өрге, Араға кірсе Әзәзіл. Биік таудың да табаны жерде, Басында суық қар болса. А. Шая.
АРАҒА ЖІК САЛДЫ
Араздастырды; жалған сөз таратып, араға іріткі салды ~ Ол Марияшты алам деп жүретін. Қапаймен оның жүргенін Күлән өзі де көрген. Мен: ол өсек болар; сенімен арамызға жік салмақ ойы бар шығар; әйел күншіл келеді ғой. Маған нанбасаң, менің оған жазған хатымды көр, сұрап ал…— дедім. Ж.Айм. ~ Кейін дүнгендер арасында ала ауыздық туып, Бордың айтқанына көнбей бұра тартатындар көбейе бастайды. Араға жік салушы — Бор бұрын есігінде жалшы боп жүрген бір бай дүнген екен. Қ.Жұм.
АРАҒА КІСІ САЛДЫ (САЛҒЫЗДЫ)
Біреу арқылы хабарласты, сәлемін жолдады, бұйымтайын жеткізді, біреуді елшілікке жіберді. ~ Саулаған сайманды əскер
тобымен келіп, Есжандар тұрған қалаға жақын жерден араға кісі салып, қаланың қарсыласпай берілуін сұрады. Ж.Айм. . ~
Бай кепке шейін илікпеді. Тәжиді артынан көп ергізді. Араға кісі салғызды. І.Жан. ~ Шақыртып Төлегенді алдырады, Араға
кісі салып хабарласып … «Қыз Жібек». ~ – Осының өзін әзер алдым, Найзеке… қағазсыз бермейді екен ғой өздері. Содан
араға кісі салып. Ол кісісін салмас бұрын рістіранға апарып, – деді өзін-өзі ақтағысы келгендей. Т.Нұрм. ~ Жұныс содан кейін
белгілі «кесібіне» кіріскен. Дүйсекенің қолға түсуі оның үшінші жеңілуі. Араға кісі салғанын қыры сынғаны, деп жориды
Махамбетше. Ғ.Мұст. ~ Менің әйгілі бәйге ақтабан атымды араға кісі салып Абдолла қалап алып еді. Ж.Ахм. ~ Күзгі қара
суықтан ықтап, Бәбітай қыстауына көшіп кетіпті. Күйеу жігіт
АРАҒА ОТ ЖАҚТЫ
Сөз жүгіртіп, шағыстырды, араға сына қақты. ~ Бағданыңның атақ-даңқы өз алдына. Ол қазір халыққа танылып қалған ел адамы. Мүмкін біреулерге татулықпен күн кешіп келе жатқан осы өміріміз ұнамайтын шығар. Арамызға от жағып, араздастырып жіберсек дейтін шығар. С.Шай. ~ Берекеңді сұрап, біріктіріп, басыңды қосты ма? Басыңды біріктірмей біріңді-біріңе салып, араларына от жағып, берекеңді кетіріп, екі бөліп, партия араздық, күндестікті еткеннен басқа не істеді. Т.Жұр.
АРАҒА ОТ САЛДЫ
Өштестірді, өсек таратып, араға жік түсірді. ~ Бөрідей тидің. Бөрліктіріп тидің. Тапқаның не сондағы? Араға от салдың. Өрт тастадың. Қорсылдаған сары немелерің енді аянар деп пе ең. Аянбайды. С.См. ~ Ерлі-зайыптылардың арасына от салу — шайтанның басты міндеті және ол екеуінің ұрысып қалуы — шайтан үшін ең үлкен қуаныш. БАҚ
АРАҒА СЫНА ҚАҚТЫ
Екі арадағы дауды өршітті. ~ Елібай, Сиқымбай Бегайдардан туды. Алаш емес, ағайын. Ағайын арасына жік түссе қас жаман сына қағар, қамқор азамат дәнекер болар. Дәнекер болғалы келдім. Ғ.Мұс.
АРАДАЙ АНТАЛАДЫ
Қоршап алды, қаптады. ~ Бала — шаға уайымы арадай анталаған соң, біразы базар қуалап, сауда- саттыққа бой ұрды. Ә.Асқ.
