Алдын кесті, алдынан шықты, қарсы келді. ~ Сол жерге, сол жерге. Шөбі қалың, құрғақ ойтаң, — деп ана жануарға «ақылын» айтты да қарт саулықтың алдын орағытып, ыңғайлы деген жеріне қайыра түсті. Х.Ес. ~ Бекең үлкен еді. Кей– кейде жасын сыйламай алдын орағытып кеткен де шығармын. С.См. ~ Ұшар, айтты–айтпады, естi ит екен, иесiнiң сiлтеген бағытына қарай, қоянның алдын орағытып қақпайлап жүр. Т.Сәу. ~ Ақметше қағазға кезін тікті, бірақ оған қол созбады. Тек «шынымен алданғаны ма?» деген ой алдын орағыштай берді. Х.Ес.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЛДЫН ОРАДЫ
Бұрын қимылдап, айласын асырды; алдын кесті, озып кетті. ~ Міне, қазір оның бірі жоқ, жыламсырап келеді. 7-сыныпта түк білмейтін Тұрсын алдын орап ақшамен колижіге түсіп кетті, өзінің сонда кедей баласы екенін тұңғыш рет сезінді. Н.Абд. ~ Бірақ соның бәрінде де белгісіз біреу бұның алдын орап, жолындағы құдықтардың таспен өрген шегенін тарқатып алып топырақпен көміп кетеді. Ә.Нұрп. ~ Бәрі — аларман. Біреу біреудің алдын орасам дейді, біреу айламды асырсам дейді, енді келесі кісі сырт көзге момақан, іші монтаны қалыппен екі жүріп, екі жеп биге шықсам дейді. Д.Дос. ~ Сол күні кешкісін суыт жеткен суық хабар Нұрдәулеттің жүрегіне қанжардай қадалды. Бектас оның алдын орап кетсе керек. Айжан із-түссіз жоғалды. Бар пәленің Бектастан келгенін Нұрдәулеттің жүрегі сезді. С.Дос. ~ Әсiресе, оған қатты батқаны, осы дүмдi жердiң қызын Мақамашқа ыңғайлап жүргенiнде, мына қу тұяқтың аңдаусызда алдын ор
АЛДЫНА ЖАН САЛМАДЫ
Қашанда алда болды, бәрінен озды. ~ Сұлулықтан әйел атаулыдан бұл да алдына жан салмапты. М.б.Т. ~ Зеректігімен алдына жан салмай келе жатқан балаға молдекеңнің көзқарасы күрт өзгерді. К.Қаз. ~ Ал ақылы, тұрмыс тегеурініне төзімділігі, ебі мен оңтайлығы жөнінен қыз анасының алдына жан салып көрген емес. Ө.Қан. ~ Бірінші Мамыр тойында мектеп бойынша күрестен алдына жан салмаған. Ш.Мұр.
АЛҒАНЫ АС БОЛМАҒЫР
Жарымағыр, жегенің желкеңнен шыққыр д.м. қарғыс. ~ Алшынбай (ұнатпай). Тәйт әрі, су татыған сөзді есітпесем екен. (Сахнаның түбіне қадала қарап.) Әй, Елекбай! Атаңа нәлет-ау, мана айттым ғой: сонау бір жерді күреп таста деп… алғаны ас болмағыр… (Кенет ашуланып.) Неге ұрасың малымды? Неге ұрасың деймін малды… Б.Май. ~ Аржағынан ағаш шыға келді. Ағашқа ары- бері шеге қағып, бетіне ғана сабын жалатып, мөр басып лекерлеп қойған екен, алғаның ас болмағыр. Нұрперзентті айтсаңшы, сойталдай боп, соны аңғармаған. Ш.Мұр.
АЛДЫ-АРТЫН ТАНЫДЫ
~ Бұл кездері екеуі де адам болып, алды-артын танып, досын-дұшпанын, большевикті, меншевикті, тапты, тап жауын айырып қалған. Б.Қыд.
АЛҒАШ (БІРІНШІ) КӨРГЕН ҚҰҚАЙЫ ЕМЕС
Бұндай қорлықтың талайын бұрын да көрген. ~ Иә, жемтігіне оралмас қорқау болушы ма еді? Оралады да. Жә,
алғаш көрген құқайым емес. Ұра берсе құдай да өледі деп, ет үйреніп кеткен соң, бас жарылса бөрік ішінде,
қол сынса жең ішінде деп жүре береміз де. С.См. ~ Құдайға шүкір, басымызға іс түсе қойған жоқ әзір. Тіпті, жаман
айтпай жақсы жоқ, іс түсе қалған күнде бірінші көрген құқайымыз бұл емес, — деп қабылан батыр қатайып, аруақтанып алды.
С.Дос.
АЛДЫ-АРТЫНА БІР УЫС ТОПЫРАҚ
Пәлесінен аулақ д.м. ~ Айтқанына көне салған болайын. Алды-артына бір уыс топырақ. «Соқырдың жолына, мылқаудың қолына түспейік». Комсоргті біз сөйтіп тас қыламыз. «Қара суда қайықтан із қалмайды» деген осы. М.Қаб.
АЛҒАШҚЫ БЕТТЕ
Әу баста, бастапқыда. ~ Алғашқы бетте недәуір сіміріп алған жолаушылар бірте-бірте жаяу аяңға түскендей болды. Сусын қанған сайын тысқа шығып — келу жиіледі. Т.Әл. ~ Ішіп алған мына жәркөлеш жындының қолына түскенше, өлгені артық. Ышқынып, ай астындағы ай даламен ақ көйлек, ақ жаулығы желбіреп құлдыраңдап ызғып барады. — Ұста! Ұста! Ха-ха-ха!— деп, қуады Ждақай. Алғашқы бетте құнтиып қуған Ждақай тарпылдап, ырсылдап жетіп қалды. С.Ел.
АЛДЫ-АРТЫНА ҚАРАМАЙ (ҚАРАМАСТАН)
Ойланбай, асығыс істелген іс туралы. ~ Омбыда, Ақмолада бірге жүрген, бір ниетті жолдастардың бәрі-ақ алды-артына қарамай, патшаның түскеніне мәз болып, жиылыстарға — топтарға араласып, «жалпы қазақтың пайдасын қорғап», әлеумет істеріне, саясат істеріне қатынаса бастаған көрінеді. С.Сей. ~ Сонан Барақ та алды-артына қарамастан жып беріп (әрине, кемпір-шалдың көзінше ештеңені аңдамаған адамға ұсап, жайбарақат қош айтысып, шыққан ғой) Жанайға тартқан көрінеді. С.Мұр.
АЛҒЫР ҚҰС
Қырағы, жылдам, қиыннан ілетін қыран құс. ~ Еліктің еркетайы, ардақтысы, Алтайдың ақиығы – алғыр құсы, Алаштың Арқада еркін ойнақтаған, Жол тосқан жауыз жауда болды ма ісі? М.Жұм. ~ Боз үйде жалғыз қалып Баян енді, Жаралы жолбарыстай күңіренді. Қорғасын миын, ойын төмен басып, Ақылға алғыр құстай ашу төнді. М.Жұм. ~ Әр қазақтың ат десе, алғыр құс десе арқасы қозып тұратыны да осыдан болса керек. Астындағы аты үшін небір қияметке де көнуге бар. «Жалғыз атты кедей» деген атаққа да мойнын ұсынады. Ол ешқашан да атсыз қалып, «қу томар» атанғысы келмейді. Б.Мом.
