Posted in

ТҮЗУ ҚАБАҚ

Оң пейіл., дұрыс ниет ~ Ей, Сүйіндік, албасты да қабаққа қарай басатын. Қыры жоқ, қасиеті жоқ басшы болса, ыбылыс, жын иектемей нетеді. Адал десек, аман десек, жан берейік, ақтайық, ақыретте айыбын өз мойынымызға алайық. С.Тор.

Posted in

ТҮБІ ШИКІ

Күмәнді, күдікті, нанымсыз. * Бала Бойқаның өз қаны емес, түбі шикі екенін сезіп қалған қалмақтар арасында күңкіл- күңкіл сөз шыға бастайды. Қ.Жұм. * Атажан байдың үлкен ұлы үйіне келе, қазан төңкеріп тастады. Түбі шикі құл қазаққа сенген бейқам әкесіне дүлей наразылығын сөйтіп білдірді. А.Кемелб. * Есіне алыстағы ағайындары түсті. Небәрі елу үйден құралған түбі шикі шағын тайпа іргелі руларға қырғидай тиюші еді. Т.Әл. * Жә, сен енді қаланың әңгімесін айт. Ақ патшаның қазақтан жігіт алатыны рас па? Сол сөзіңнің түбі шикі емес пе?.. Ә.Нұрп. * Арғы- бергісін қазып, түгел түсіндірді, әрине. Құрман қажының өз басы түгел, оның қызын алып отырған Демежанның да түбі шикі екенін ұлықтың құлағына құйып баққан шығар. Қ.Жұм.

Posted in

ТҮЗУ СӨЙЛЕСТІ

Жөн сөзбен, түзу ниетпен пікір алмасты. ~ Ең әділ өкімдей, тағы да бір еске алынып, бұның зығырын қайната түсті, тағы да қатты үнге басты. – Қыңыратқымай, түзу сөйлес. Дәл осы Балқыбек жиынының үстінде ақы адал малын түп-түгел алдарына салыңдар! М.Әу. ~ Берді енді қалжақты қойып, бұлармен түзу сөйлесе бастап: — Қолыңмен колхоздың жұмысын істеп, басыңды ұмытып кетпе, басыңмен оқу біл, білім ал, көзіңді аш дейді ғой, Самат. М.Әу. ~ "Жеп қойды ғой, жеп қойды" дегендей Құмархан Веттехниктен мүсіркеу дәметіп, құйқасын кекілімен жабулаған, бірақ онысы тайғанақтап қоныс таппады. Екеуі өмірі түзу сөйлесіп көрген жоқ–ты. Қ.Ысқ.

Posted in

ТҮБІН ТҮСІРДІ

Тындырып істеді, аяғына дейін жеткізе білді. * Сөйлесе — түбін түсіреді, он қолынан өнері төгіледі, күлсе — аузынан дүр шашылады. Ән шырқаса — сүйегіңді шымырлатады. Ж.Айм. ~ Тізе қабы салбыраған, саулы боз інгендей талтайған биеші сүтті жаңа құйып, қара сабаны ыңқылдата пісіп тұр. «Болыстың сабасы осылай пісіледі» дегізгендей құлашын кере-кере, түйіп-түйіп, түбін түсіре, күрсілдете піседі. Дабылдың дауысы көлдегі құстарды да ұшырады білем. Ж.Айм. * 1988 жылы Мағжан ақталды. Арыстар жарыққа шығып, зерттей бастадық. Жетекшілеріміз тақырып береді. Бірақ ешбірі Мағжанға жоламай қойды. Жай ғана мақтағанда түбін түсіреді. Бірақ жеме-жемге келгенде, ешқайсысы зерттеуге алмайды. Б.Қанарб. ~ Шәке, болсаңыз енді үйге қайтайық! — дейтін. Басқа артық сөз жоқ. Бар айтатын на—зы — Осы құрғырды көп ішіп кеттің ғой. Өліп қалсаң қайтесің! Күйеуіне сөйлемейтіні — сөз білмейтіндігінен емес, сыйлағаны, көргенділігі. Әйтпесе, орынды жерде сөздің түбін түсіреді. Т.Сәу.

Posted in

ТҮЙЕ БАС ҚЫЛДЫ (ЖАСАДЫ)

Бәрі жабылып, төмпештеді, әлім жеттік қылды. ~ Енді маңайлап көрші, түйе бас қып, үстіңдегі бар киіміңді шешіп алайық та, өзіңді далаға тырдай жалаңаш шығарайық! – деп үйден қуды да шықты. С.Мұқ. ~ Басым зар қақсап, алып барады. Жұрттың бәрі жабыла мені түйе бас қылып, жан- жағымнан үздіксіз тоқпақтап, миыма шеге қағып жатқандай зырқырайды. Н.Кел. ~ Әже, мына кісіні қара, сізді тентек, — дейді. — Тентек десе сендер де тентек болып түйе бас жасаңдар, — деді әжесі күліп. Басқа балалар Қазыбекке тап беріп еді, жаңағы қазан бас бала оларды қолдан бір сілкіп қалып, тоқтатты да: — Әже ау, онда өзіңіз ұрыспайсыз ба? — деді. Ә.Әб.

Posted in

ТҮБІНЕ ЖЕТТІ

1.Құртып тынды; орға жықты; пәлеге ұрындырды. ~ Қараң батсын, иттен жаралған, жарты өтірігің мынау болса, бүтінің түбімізге жететін шығар? М.б.Т.~ Пәлтесін киіп, темекісін алып, оқты көзімен қатынына бір қарап: «Түбіме жеттің бе!?» деп шығып жүре берді. Ж. Айм. ~ Пәрмені күшті кіл мықтың Түбіне жеткен шындықтың. Р.Ниязб.~ Өзі де әдемі жігіт. Ән — күйді де сойып тұр. Қу арақ қой мұның түбіне жеткен! Т.Рыск. 2. Түгел тауысты, түк қалдырмады. ~ …осы ауылдың үлкендері үлгі ете сөйлейтін, оқудың түбіне жеткен Уақас Жалбағаевқа, оның қасындағы шашы қысқа қиылған бұйрабас қара келіншекке, алты-жеті жасар шамасындағы үйелмелі-сүйелмелі екі балаға армансыз қараған. М.Мағ. ~ Тақырыптың түбіне жетуді мақсат етіп қоятын сөйлеушілер сынды, ол да тыңдаушылардың шыдамын әбден тауысып бітті. О.Уайл.

Posted in

ТҮЙЕ БОЙЛАМАС

Биік өскен, қалың. ~ Бұрынғыдан да кішірейіп кеткен, жансыз салактаған құртакандай сәбиді қапсыра тістеген қалпы орғи жүгіріп, көз көрімге ұзады да, артына бұрылып, киғаштай бере аз бөгелді. Келер сәтте түйе бойламас калың қамыс ішіне кіріп жоқ болды. М.Мағ. * Сөзінің соңында: – Сен де бір ауылдың ағасысың. Маған ер Сәкеннің алдынан шығайық. «Келіншектің бетін кім ашса, сол ыстық қой», – деген. Ертеңіне екеуі Шудың түйе бойламас ну қамысының бір кілтеңінен өтіп, Тастыға қарай жол тартты. Т.Әлімқ. * — Мен не таптым? Түйе бойламас ұймаға түскен адамдаймын. Өмірдің бар қызығын алам деп ұлқынып, жанұшырып едім, батып кеттім. Айырылғаным ба? М.Сүн.

Posted in

ТУ СЫРТЫН БЕРДІ (КӨРСЕТТІ)

Теріс айналды, арқасын берді, қарамай кетті. * … – шалқып отырған шағында алдыңда құрдай жорғалап, табаныңды жалауға арланбайтын болыстар енді ту сыртын берді. С.Жүн. ~ Еріксіз үрейлене құлақ түресің; төңірек тып-тыныш, бұйығы мүлги тұр. Ай қасты құлпы тастар да ту сыртын беріп, жүгініп отырған тірі аруақтай суық. М.Сүн. ~ Ендеше Қобланды сияқты етекке жармасқандарды қағып- сілкіп шаңға аунатып тастамасаң, қойны- қоншыңдағы байлық құмдай сауылдап, қолыңдағы билік сусып шығып, бауырыңа басқан кермиықтар ту сыртын көрсетіп, безіп кетпей ме. С.См.

Posted in

ТУРА ОТЫРЫП, ҚЫҢЫР СӨЙЛЕДІ

Кесір мінез танытып, кекетіп сөйледі. ~ ─ Ә, Назармысың, – деді жұмсақ жымиып. – Шырағым – ай, тура отырып, қыңыр сөйлеу әдет болды–ау саған. Арғы атаң батыр Жәнібекпен бірге жауға аттанып еді, ал сен бар болғаны май тасып жүрсің… Т.Әл.

Posted in

ТУЛАҚТАЙ ТОЗДЫРДЫ

Талап, тартып, аяққа басып, тозығын шығарды. * Бір өрісті тулақтай тоздырып көрген атасы ма, көшіп келген жеріне он күн тұрақтамай жатып: «Ойбай, мына жұрттың миы шығып кетті. Қой, бұл өрістің де оты қашты», — деп, жаз бойы жұрттан жұрт ауыстырып, жыл құсындай жылға қонып жүруші еді. Д.Әш. * Басқыншылар табаны астында туған жер тулақша тозып жатқан кезде бұлар бірінің басын бірі шапқалы келеді. С.Елуб.