БІР БЕТКЕЙ

А) Айтқанынан қайтпайтын, икемге көнбейтін, тура мінезді. ~ Қандай орын беруді ревкомге тапсырыпты. Ревкомдегі — Балташ. Кім біледі. Балташ кедейшіл, бір беткей жігіт. Мұқашты Сартауға болыс қылып жібере ме? Ж.Айм. ~ Бұрын Төлеген Балташты: «Икемге көнбейтін, бір беткей, қазақ жайын білмейді»…— деп ішінен ұнатпаушы еді. Ж.Айм. * Бірақ өзге көп жайды екеуі де ірікпей, бүкпей ашық сөйлессе де жаңағы сұмдықты, жарылмаған уыздай, сорлы шерлі баласына айтуға, бір беткей Қодардың батылы да бармас еді. М.Әу. * Жас кезінде көп қиянатты өзінін мінезі арқылы көрген. Қайсар десе қайсар, өз айтқаны болмаса, жұрттың дегеніне көнбейтін бір беткей аңғал. І.Ес. * Мұның бір беткей мінезі бар, сосын өзгелердей бойкүйез емес, іске жан салып кіріседі ғой, – деп ашық құптап, қуанып жүрді. Т.Әбдік. * Елтайдың пайымынша, еңбек адамдары бір беткей. Жұмысқа кіріссе, тас-талқанын шығарады. М.Қаб.

Ә) Біркелкі созылған, бір-біріне ұқсас, үйреншікті. * Әлгіндей өлеңдері болмаса, әннің ырғағына да жетік емес, жолсыз жерде жүрген арбадай, текіректетіп, бір беткей қылып соғып отыр. Ж.Айм. * Бата қылған, «Қайырлы болсын» айтқан ағайынның аяғы сиреген соң, үйге ие табылған соң, ақсақал бір беткей шаруа жұмысына кірісті. Ж.Айм. * Шалғынды бір беткейде, самарқау жел сусылдап есе түскенде, мұрын жарғандай боп, жас бүлдірген иісі аңқиды. М.Әу. * Осы жонмен қатар-қатар, бір беткей созылып жатқан үш жотаны көрдік қой әлгінде?.. Үшеуі үш ауылға қыстау бола алады. Аралары шақырымға толмайды. Өзің бөліп бере бер. Ғ.Мүс. * Тамырекең Елеместі ертіп шығып, су ормайтын, тасқын, көшкін жүрмейтін бір беткейден тесіп шыққан иендегі бастаудың көзін ойып түсіреді де, қырық жамбыны көміп тастап кете барады. Ғ.Біл.

БІР БЕТКЕЙ Read More

БІР БЕТ

Бір айтқанынан қайтпайтын, ымыраға келмейтін; сыңар жақ, өзге жағдаймен санаспайтын адам туралы. * Қартқожа біртоға, бір бет жігіт — сертінен қайтып көрген емес. Ж.Айм. * Қорлық-зорлық көрген Нұралы елінің қарғысына ұшырап ұрпақсыз қалдым деп біржола сеніп болған. Бір бет ер кеуде адам содан кейін намазға мойындады. Ғ.Мүс. * Ошақбай бір бет, қаныпезер жаман адам. Өлуге бар, ал бастықтың бұйрығын орындамауға жоқ. Б.Соқп. * Ақылды, әрі бір бет жамағатының бұл сырын білетін Бақтыбай мұндайда әңгімені көп көпіртпей қысқарта қоюға әккіленген. С.Жүн. * » … күзгі науқан басылғанша бір отар қойды үй-ішіңізбен дөңгелете тұрсаңыз болмай ма?» — дегеніне де көнбей, табиғатынан адуын, бір беттігіне бағып отырып алатын. А.Сейдім.

БІР БЕТ Read More

БІР БЕС КҮН

Көзді ашып-жұмғанша өтіп кететін аз ғана мерзім, адамның ғұмыры. ~ Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір, Желігін жерге тықпас кісің бар ма?! Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма? Бір бес күннің орны жоқ аптығарға. Қай қызығы татиды қу өмірдің Татуды араз, жақынды жат қыларға? Абай. ~ Ешбір қызық, желік дегенге сәл бой жазып беріле алмаймын. Ар жағымда, бір бес күнде мені жұтқалы не бір зындан, не бір меңіреу дүние тұрған сияқты болады. Жылан арбаған торғайдай қанат кағып тұрып, сол азынаған зынданның қараңғы аузына құлап түсетіндеймін. Б.Тоғ.

БІР БЕС КҮН Read More

БІР БЕЙІЛДІ

Ниеттес, ынтымағы бір. ~ Бай сейілді, Бір бейілді Елде жақсы қалмады. Елдегі еркек, Босқа селтек Қағып елін қармады. Абай.

БІР БЕЙІЛДІ Read More

БІР БАУЫР ЖЕР

Бой жазарлықтай қашықтық. ~ Оннан астам атты казак алыстағы сары белге шауып шықты. Оқ жететін жерге жақындамады. Бір бауыр жерге дейін поезбен қапталдасып отырды да, бұлар зеңбіректен атқылай бастаған соң кейіндеп қала берді. Ә.Нұрп. ~ Шықыманның басынан Нұрлыбай тауы көрініп тұр. Аржағында бір бауыр жерде Тұрсынбике … Қылыштың өлетін жері әлгі екі тұздың басы көрінеді… З.Шүк. ~ Төбе басының жері қатты, қызғылт тастақ екен. Қандай қарулы жігіт білек сыбанып түссе де, бір бауыр жерге дейін арсы–күрсісі шығып қимылдағасын қажыры қайтып қала берді. Құлаштап сілтеген кетпен қиыршық тасқа тиіп, жүзі шақылдап тайып түсіп жатты. Ә.Нұрп. ~ Тәуір қатты ашумен шыққан беті, бір бауыр жер тасырлатып барып, ат басын тежеді. Айдалада қаңтарылып тұр. Ауыл Қызылдың құмында… З.Шүк.

БІР БАУЫР ЖЕР Read More

БІР БАТПАН ЗІЛ

Бүкіл бойын кернеген ашу, ыза. ~ Сол жолы қаладан көңілі жүдеп қайтты. Сонан бастап бойы бұйығы тартып, бір батпан зіл еңсесін көтертпей бойын баса берді. Жан адамның жүзін көргісі келмеді. Ә.Нұрп. ~ Мама, біртүрлі көңілім сергімей қойды, тұла бойымды бір батпан зіл басады да жүреді. Мен енді ешқашан жұмыс істей алмайтын шығармын. Г. Ибс.

БІР БАТПАН ЗІЛ Read More

БІР БАТПАН ЗІЛ

Бүкіл бойын кернеген ашу, ыза. ~ Сол жолы қаладан көңілі жүдеп қайтты. Сонан бастап бойы бұйығы тартып, бір батпан зіл еңсесін көтертпей бойын баса берді. Жан адамның жүзін көргісі келмеді. Ә.Нұрп. ~ Мама, біртүрлі көңілім сергімей қойды, тұла бойымды бір батпан зіл басады да жүреді. Мен енді ешқашан жұмыс істей алмайтын шығармын. Г. Ибс.

БІР БАТПАН ЗІЛ Read More

БІР БАТПАН

Елеулі, көп, жетерлік, қап-қалың, ап-ауыр. ~ Мен бүгін алғаш рет, Ромеоның кәрі, бетін әжім айғыздаған, бояуы бір батпан екенін, ал бақтағы ай сәулесінің көзбояушылық, бақтың өзі бақ емес көзге алдамшы дүние екенін байқадым. О.Уай.

БІР БАТПАН Read More

БІР БАСЫНА ҮЙІП БЕРДІ

Молшылыққа кенелді. ~ Иә, ақылды екен. Құдайтағала көңілі түссе көлдей-ау, бар жақсылықты бір басына үйіп берген. Сымбат, көрік қандай. Тіпті бар ғой, тым құрмаса ана жұп-жұмыр аппақ білегін бізге бермеген,— деп Уәзипа көк тамыры білеуленген көсеудей білегін кең жеңінен шығарып, қорашсына қарады. С.Жүн.

БІР БАСЫНА ҮЙІП БЕРДІ Read More