БАСЫН АРАШАЛАДЫ

Өз жанын аман алып қалудың амалын жасады. ~ Басқа біреу болса, келген жауға елші салып сөзге келер еді. Бар кінәні Нұртайға жауып, басын арашалайды ғой. З.Шүк. ~ Жазылған өлең, айтылған сөздің қате емес, дұрыс, өтірік емес, шын екендігін айтып тұрып алмай, өз басын арашалаумен ғана әбігерленді ғой. Ғ.Біл. ~ Ажалы жетпесе әлі-ақ тұрып кетеді. Соғыста мұнан да зорын көргенбіз, — деп жұртты жұбатқан болып, өз басын арашалап құтылды. Қ.Ысқ.

БАСЫН АРАШАЛАДЫ Read More

БАСЫН АЛЫП ҚАШТЫ

Керек қылмады; қажет деп таппады; мойнына алмады; пәлесінен аулақ деп, ат-тонын ала қашты. ~ Баласына күймей қайтсін, о баста жаратылыс бойына бітірген өнерден де басын алып қашады. О.Сәрс. ~ Демесін. Уәдесін берді. «Көдекеңнің калқозға кіруіне менің қарсы болған жерім жоқ, жұрттың өсегі шығар», — деп ақырында басын алып қашты. Б.Майл. ~ Колхоздың бастығы Бекболат «мен қалыс болғандықтан мына жандосовтықтар мені құрту үшін әдейі істеді» деп басын алып қашты. Б.Қыд.

БАСЫН АЛЫП ҚАШТЫ Read More

БАСЫН АЛЫП ЖҮРЕ АЛМАЙДЫ

Өз бетімен күн көріп, жақсы-жаманды айырып, түзу жүруге шамасы келмейді. ~ Сылбыр екен ғой. Тұрысын қарашы, сүмірейіп, – деді ішінен. Қырық адамды басқармақ түгіл өз басын алып жүре алмайтын нәрсе ғой». Т.Ахт. ~ Не жазып ек құдайға, бетiмiз күйiп жерге қарап қалдық қой! Қара басын алып жүре алмаған жаман қар, бүйткенше неге қара жерге кiрмедiң, ойбай!.. Т.Сәу. ~ Ауылдан келген ашық ауыз боз өкпе студент ел бастамақ түгiлi, өз басын алып жүрiп алсын! Т.Сәу.

БАСЫН АЛЫП ЖҮРЕ АЛМАЙДЫ Read More

БАСЫН АЙНАЛДЫРДЫ

Алдап-арбап, есінен айырды, жолдан тайдырды. ~ Маған сен қымбат бұйымға қызыққандай қызықтың, алмай қоймасқа ант еттің, менің ағамның басын айналдырдың, талай-талай кеудеңнен итердім, төздің, қорлыққа шыдадың, ақыры қолыңа түсірдің, не таптың? Ә.Тар. ~ Жоқ, Елеусіз ферма бастығынын жыр шығаруына қарсы емес. Айтқан дәптерлерін таңертең қарап шығуға әзір. Елеусіздің іші жылымайтыны, әсершіл Шынардың басын айналдырған баяғы екі жолдар… Т.Әл.

БАСЫН АЙНАЛДЫРДЫ Read More

БАСЫН АЖЫРАТТЫ

Айырылысты, ажырасты. ~ Күйеуінен былтырдан бері ғана басын ажыратқан жас келіншек Сейітбектің осы бір оғаш мінезін ұнатпайтын. Бірақ анау сонда да қыр соңынан қалар емес. Б.Тоғ.

БАСЫН АЖЫРАТТЫ Read More

БАСЫН АЖАЛҒА ТІКТІ

Өмірін қиюға дайын болды, тәуекелге барды. ~ Не көрсек те енді жазу біреу, көрдік, көндік. Солай емес пе, қалқам! Басымды ажалға тіктім! С.Жүн. ~ Ажалға атылған, өмірге үміттен Кек құпиясын ашу мүмкін бе? Кек құпиясын ашу мүмкін бе? Адамды өлтіріп, пенде жазалап. Ажалға тікті басын бір түнде Осы өңірдегі ереке азамат. К.Мырз. ~ Комбинезонын шынтағына дейін түрініп алған қоңырқай білек дір етіп, қалтырап кетті. – Жоқ, Тамара. Әңгіме енді басталады. Сен менен ешқайда кетпейсің. Сенен еш уақытта айырылмаймын. Басымды ажалға тігуге бармын. С.Жүн.

БАСЫН АЖАЛҒА ТІКТІ Read More

БАСЫМЕН ҚАЙҒЫ (БОЛДЫ)

Өз жағдайын ойлаумен болды. ~ Сақал–мұрты аппақ. Самайтүгі де аппақ. Өзі де сілтіге салған сүйектей боп–боз. Жүріс–тұрысында да баяғы батылдық жоқ. Кібіртік. Созадаң. Бір нәрседен әбден соққы жеп, басымен қайғы болған адам ғана осындай болса керек. ~ Сүйегі қурап қалған Енесейді алға тартып қайтесің. Баласы Бесбасбайдан қамшы жеп, басымен қайғы болып кеткен жоқ па еді? З.Шүк. ~ Президентiне дейiн жемқор, обыр. Никсонның «Уолтергейт» iсiне шатылып, тақ түгiлi басымен қайғы боп кеткенi анау… Т.Сәу. ~ Осылай болғанда ғана, құрлықтардың барлығы күйреп, адамдар бiр–бiрiн құтқармақ түгiлi басымен қайғы болып кеткенде ғана, осындай дамыған өркениет iздеусiз қалады. Т.Әс.

БАСЫМЕН ҚАЙҒЫ (БОЛДЫ) Read More

БАСЫМЕН ЖАУАП БЕРДІ

Бар жауапкершілікті өзі көтерді. ~ Бір солдат окоптан шығып қашса әр командир басымен жауап береді. Т.Ахт. ~ Өз басқарған жерінен ертең бірнеңе шықса, сол губернатор алдында басымен жауап беретін Ма-шянь гон мен мына Жаң-тұң сияқты бірегей, ірікті қолбасылар … Ж.Ахм. ~ Ол осы елге басымен жауап беретін кісі. Біреудің малы жоғалса да, білуге тиісті… Т.Әбд.

БАСЫМЕН ЖАУАП БЕРДІ Read More

БАСЫМЕН БЕРДІ

Біржола, түгелдей ұсынды, сыйға тартты. ~ Ағасын, не күйеуін, не баласын аттандырып жатып, әйелдер жымия сыбырлап: — Ұлпан апаң атты басымен берді, енді бұл біздің ат! — десіп қалды. Ғ.Мүс. ~ Еденіне сырмақ жайып тастаған төрді екі бүлдіршінге басымен берген. М.Қаб. ~ Белгібек: — Сағатыңды ұмытпа! — деді. Дәнеңе ұқпапты. — Сағат қалсын, саған басымен бердім. М.Қаб.

БАСЫМЕН БЕРДІ Read More