БАСҚАН ҚАДАМЫ САНАУЛЫ

Не істегенінің бәрі бақылауда д.м. ~ Қорқақтаусың, — деп Ырымбек өтірік күлкімен қайрап қойды. — Оның сенен несі артық? Қыз мәселесінде секретарьлығы көмек емес, бөгет. Сен барғанға бара алмайды, басқан қадамы санаулы. Ол алыстан торып жүргенде, сен бүйірден тиіп, қағып әкет. Ғ.Мұст.

БАСҚАН ҚАДАМЫ САНАУЛЫ Read More

БАСҚАН ҚАДАМЫ

Істеген ісі, жасаған тірлігі, күнделікті өмірі. ~ Кешке жиналғандардың бәрі әр басқан қадамы тарихта қалуға тиісті осынау ұлы адаммен бірге отырғандықтан өздерінің болмашы оғаш қылықтары да тарихта қоса қалып қояма деп қорыққандай өте сақ, сыпайы, жинақы отырды. Т.Әбд.

БАСҚАН ҚАДАМЫ Read More

БАСҚАН ІЗІНЕН САДАҒА КЕТ (КЕТСІН)!

Теңі емес, салыстыруға келмейді; қасында жіп те есе алмайды. ~ Жалғыз-ақ Омардың: «кетші, кет! Қамарымның басқан ізінен садаға кет!»,- деген баяғы қорқынышты жаман дауысы … С.Торы. ~ Мен сені сүйемін! Мен сені ешкімге айырбастамақ емеспін! Басқалар сенің басқан ізіңнен садаға кетсін! Ә.Тар. ~ Қамар тұрсын, Қамардың тырнағын да бермеймін. Добыра сақал Нұрымың басқан ізінен садаға! Аулақ жүріңдер, аулақ!», — деп ұшып көкке, ұшып жерге түсті. С.Торы. ~ Айбала. Қалабай оның басқан ізінен садаға кетсін! Ә.Тәж.

БАСҚАН ІЗІНЕН САДАҒА КЕТ (КЕТСІН)! Read More

БАСҚАН ІЗІНЕ ТАТЫМАЙДЫ (ТҰРМАЙДЫ)

Теңі емес, оның қасында түк емес, қолына су қуюға жарамайды д.м. ~ Әлбетте, олай емес, бұл одан екі есе ажарлы, тіпті ант етуге де бармын, Дульсинея бұның басқан ізіне татымайды. Серв. ~ Қ у а н т а й. Апыр-ау, әлі түңілген жоқсың ба? Ол, сенің басқан ізіңе татымайтын жексұрын емес пе?! Т.Ахт. ~ Оны жиырмаға толғанда көрсең етті. Апалары басқан ізіне де тұрмайтын. Маттео ағай одан жанын аямайтын, шамадан тыс еркелетіп жіберді ғой… Ч.Пав.

БАСҚАН ІЗІНЕ ТАТЫМАЙДЫ (ТҰРМАЙДЫ) Read More

БАСҚАН ІЗІНЕ ЗАР БОЛДЫ

Кезінде бағаланбаған адамның қадір-қасиетін кеш түсінді д.м. ~ Осынау үлкен коллектив екі жүзге тарта адамы бар біздің арамызда да майдангерлердің он шақтысы қалыпты. Әлі-ақ бұлардың басқан ізіне зар боламыз. К.Қаз.

БАСҚАН ІЗІНЕ ЗАР БОЛДЫ Read More

БАСҚАН ІЗІН ТӘУ ЕТТІ (ТАУАП ҚЫЛДЫ)

Табыну, пір тұту туралы. ~ Пайғамбардың басқан ізінен тәу етіп, біліп, білмей істеген күнәларымды жуып қайтсам деген ұлы арманым көңілімнен еш кетпейді. Д.Дос. ~ Талай заман қыз соңынан қалмай, өлердегісін айтып үзіт болады. Басқан ізіне тауап қып, перғана боп айналады. Ж.Сәм.

БАСҚАН ІЗІН ТӘУ ЕТТІ (ТАУАП ҚЫЛДЫ) Read More

БАСҚАН ІЗІН БІЛДІРМЕДІ

Сақ болды, не істеп, не қойғанын тірі жанға сездірмеді. ~ Жігіт пен келіншек неғұрлым басқан ізін білдірмеуге тырысқан сайын, солғұрлым айналадағы жұрт бәрін көріп, бәрін біліп сыртынан беттеріне түкіріп отырды. Ә.Нұрп. ~ Антұрған, барлық документтерін маған сездірмей алдын ала реттеп басқан ізін білдірмей, жым-жылас жоғалған!.. Б.Тоғ.

БАСҚАН ІЗІН БІЛДІРМЕДІ Read More

БАСҚАН ІЗІН АҢДЫДЫ

Не істеп, не қойғанын бақылауға алды, ізін торыды. ~ Дариға Қанаттың басқан ізін аңдып, соңынан қалмай жүгіріп жүруші еді, қолы бірдемеге жетті ме екен? Қ.Жұм. ~ Соның ішінде Жаң Жүн деген жас мұғалім жігітті оңашалап алып: – Сенің міндетің – Абайға хатшы болу. Шын мәнінде, оның істеген ісі мен сөйлеген сөзін түгендеп, басқан ізін аңдисың. Ж.Шәк. ~ — Бүркітбай! Бұл жолы сөз қозғамай-ақ қояйық. Ұзын тұсауы қолда ғой, қайда барар дейсің, сен Асқардың ізін аңдып, сол жаққа барып қайт, неғып отыр екен? C.Мұқ. ~ Бірте-бірте Петровичтің түнгі «концертіне» құлақтары үйреніп кетті. Не істеп жатса да мән бермейді. Ең бастысы, басқан іздерін аңдып, қылқылдап ығыр қылатын ешкім жоқ. Өздерімен өздері. Т.Сәу.

БАСҚАН ІЗІН АҢДЫДЫ Read More

БАСҚАҒА КӨЗ СҮЗДІ

Көңілі бұзылып, өзгеге көз салды. ~ Одан өзге еркекті ойына да алған емес. Оның бетін ары қылсын, егер Бисара нәпсінің құлы боп, басқаға көз сүзсе, мына шаңырақ біржола ортасына түспей ме? Қ.Жұм.

БАСҚАҒА КӨЗ СҮЗДІ Read More