БАРМЕН (БАРЫМЕН) БАЗАР

Қанағатшылдық, азды көптей көре білу туралы. . ~ Қыстайғы отынымыз Ертістің қамысы еді. Оқу құралдары: оқулық, дәптер, қарындаш-қаламсап, сия жетіспеді. Бармен базар едік. БАҚ. ~ Құдайы қонақпыз деп екі жігіт қызыліңірде салаң етіп жетіп келген. Е, қонақ болсаңдар төрлетіңдер, барымен базар боласыңдар деп шай-пайымды бердім. Т.Сәу.

БАРМЕН (БАРЫМЕН) БАЗАР Read More

БАРМАҚ БАТТЫСЫ

Беттегі оймақтай шұңқыр. ~ Ашаң да ашық жүзді, көз қиығының құйрығы аз ғана көтеріңкі… Сол жақ бетінде «бармақ баттысы» бар… Мүсіреп ағай сүйгенін тауып қосылған екен де. Ғ.Мүс. ~ «Сен аз ғана биязырақ болсаң, кейде көз-қабағың түйіліп кетпесе, оның үстіне аз ғана қыпша белдірек болсаң, бетіңде кішкене ғана «бармақ баттың» болса, Шынарға біраз жақындап қалар едің» дейтін еді маған. Ғ.Мүс.

БАРМАҚ БАТТЫСЫ Read More

БАРМАҚ БАТПАЙДЫ

Тығыз, аузы-мұрнынан келіп, лық толып тұр. ~ Жарау аттылардың қоржыны тоқ. Келесі жазға шейінгі киім- кешек, қант- шай, бармақ батпайтын нығыз қоржындарда. Т.Әл.

БАРМАҚ БАТПАЙДЫ Read More

БАРМАҚ БАСТЫ, КӨЗ ҚЫСТЫ

Жасырын жасалған жымысқы әрекет; парақорлық, таныстық, жемқорлық; жең ұшынан жалғасу. ~ «Қатынды өзіңе әперемін» деп байдан бармақ басты, көз қысты алған жасауыл жабырқап, жиналған жұртқа: «Үйді босатыңдар», — деп ақырғанда үйдің іргесінен кеп адам дүркірей тұра жөнелді. І.Жанс. ~ Сатушы шағындағы бармақ басты, көз қысты әдеттердің біразынан тазарып, ел ағасына лайық қасиеттерге бой ұрған. М.Қаб. ~ Әбдіжапардың бармақ басты, көз қысты сасық құлығын жақсы білетін Бекет жасырын түрде Жақыптың бригадасына балташы болып кіріп… Қ.Ысқ. ~ Осындай бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу мақсатында Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен Талдықорғанда кезекті жиын өтті. БАҚ

БАРМАҚ БАСТЫ, КӨЗ ҚЫСТЫ Read More

БАРМАҚ (БАРМАҒЫН) ТІСТЕДІ

Өкініп қалды, қан жылады. ~ Елес пе, ар жағы жоқ есте, Сен жылап, мен бармақ тістедім. Көңілдер кемелер емеспе? Құштарлық тоғыз балл шторм. Ж.Әбдір. ~ Алтындай уақыттарының текке рәсуа боп, жел сөз — өтірік мақтаудың, өтірік қолпаштаудың желкенсіз қайығына мініп, ашық теңіз үстіндегі адуын толқынның қақпақылына түсіп, сергелдеңге ұшырағандарына да бармақ тістеп өкінеді. Қ.Жиен. ~ Цивилизацияның қарқыны туралы айта бастағанда-ақ Роберт орнынан ұшып тұрып, өз пікірін айтқысы келді. Бірақ әлгі тажал сестра әйел кіріп келе ме деп қорықты. Амалсыз бармағын тістеп отырып қалды. Т.Әбд. ~ Аузына ие болмағандар «шоқынды» дер, ұры, қары, бұзық дер. Оттай берсін. Берген балам берген? Орыстың тілін үйрет, орыстың білімін үйрет. Әттең, әттең! — дегенде Тұрлыбай бармағын тістеді.- Сол екеуін білсем заманды дүзер ем! Айналайын, тек араққа үйрете көрме!.. Ғ.Мұст.

БАРМАҚ (БАРМАҒЫН) ТІСТЕДІ Read More

БАРМАҒЫНЫҢ АСТЫНА БҮКТІ

Шын пиғылын жасырды. ~ Ордаға кім келмейді! Бейіл, берекесін бармағының астына бүккен елші-делдал, қоржын-қоржын күміс сапырған саудагер, найзасы шошайған әскер басы, беттің арын белбеуге түйген түрлі түсті жағымпаз, қошаметші; сәт сайын жүріс, мінез өзгертуге үйренген әйелдер, ақын-жырау, шапаны жаңа қыдырма, қылқиған қайыршы, кезбе, күйші, қу, өсекші, бақсы-құшынаш. Күллісінің аңдығаны ханның қас-қабағы, ауызындағы дуа, алдындағы ас. Ж.Нәж.

БАРМАҒЫНЫҢ АСТЫНА БҮКТІ Read More

БАРМАҒЫНАН БАЛ ТАМҒАН

Асқан өнерпаз, бесаспап шебер. ~ Ұзынша аппақ саусақтары скрипка шектерін бойлағанда өзгеше шапшаң. Анық «бармағынан бал тамған» дейтін осы. Шебер, қиын, мол қимылдарды шапшаң сәнмен атқарады. М.Әу. ~ Буынсыз он саусағы күй қағуға, Көңіліне тыңдағанның от жағуға. Бал тамған бармағынан домбырашы Жан терге түсіп отыр мынау дуда. І.Жанс. ~ Бірақ бармағынан бал таматын шебердің жүк аяқтың астындағы ағаш қобдиды әрірек ысырып тастап, қара көрікті көрмей кеткен тұсы да бар еді. Ә.Кек. ~ Мәмбетия халқының әрқайсысы белгілі бір роль ойнап жүрген артист сияқты, бармағынан бал тамған аспаздан бастап таңдайына бұлбұл ұя салған әншіге дейін. Т.Сәу.

БАРМАҒЫНАН БАЛ ТАМҒАН Read More

БАРМАҒЫН ШЫҒАРДЫ

Екі саусақ арасынан бас бармағын шығарды, тылағын көрсетті. ~ Радио не деді бүгін? Ысырылып бара ма әлі? Солай ма екен, бәлем!.. Москва ма саған! — деп Айнаш бармағын шығарды. — Ал солайша сыбағаңды!.. Ғ.Сл. ~ Айтпайым… Бар… Тарт арақты. Ауыз жалас. Ертең, олар саған мынаны иіскетіп кетсін…— Ол бармағын шығарып, мұрнымның астына әкелді. Жирене қолын қағып жібердім. М.Сүн.

БАРМАҒЫН ШЫҒАРДЫ Read More

БАРМАҒЫН ТІСТЕДІ

Өкініштен іші күйді, налыды, қапа болды, санын соқты. ~ Осы жолы өзі берген сол қағаз алдынан шығып, Әмірге түк істей алмаса керек. Айбек бармағын тістеп: «Өз інімді өлтірдім – ау!» – деп өкініпті дейді. Т.Әбд. ~ ~ Шығыстағы адал күрескері болған ол орыс елінің отарлау саясатының сойқанын кейін сезді, кеш білді. Кеш білді де бармағын тістеп, өзін-өзі жеді. С.Ақт. ~ «Осы маған не болды?— деді ол ішінен сүртініп жатып,— әлін білмеген әлек деп, бір рет өкініш шөгірі өкшеге кірмеп пе
еді?! Х.Ес. ~ Енді сол бақталасының дауысын естігенде тұтас денесі ду етіп, түршігіп кетті. «Бір ауыз сөзге келмей Ақ сарбас деді ғой. Байғұс әйел жүрегі-ай…» деп ойлады. Өзінің кешірілмес қателік өткізгенін бірінші рет мойындады. Қалтырап бармағын тістеді. Ж.Сәм. ~ Ханға келді Наурызбай: — Ержан жауға барыпты, Бүгін мойны қалыпты. Қаталанып ініңіз, Бармағын тістеп, налыпты. Кенеке, айтпай қайтейін, Ініңіз қолды болыпты. Нысанбай ж.

БАРМАҒЫН ТІСТЕДІ Read More

БАРМАҒЫН (БАРМАҚ) ТІСТЕДІ (ШАЙНАДЫ)

Өкінді, қатты қынжылды; опық жеді, «әттең-ай» деп қапа болды. ~ Олай болса, сізді маған тағдыр жазбаған екен. Мен сізді қыз екен деп жүр едім,- деп Ақбала тұрып кетіп қалды. Өз бармағымды өзім шайнап қала бердім. Ж.Айм. ~ Не десең де балалық жасап отсың. Кәзiр албырттықпен тиерсiң, бәрi бiр ертең бармағыңды шайнайсың. Б.Алд. ~ Төбе-төбенің басын иелеген қалың шерікті байқап, бір сәт тізгінін іркіп, сәл кідіріп,«қап» деп бармағын тістеді. Ж.Шәк.

БАРМАҒЫН (БАРМАҚ) ТІСТЕДІ (ШАЙНАДЫ) Read More