БАЛДАҒЫ АЛТЫН АҚ БЕРЕН

Ер жігіттің бес қаруының бірі. ~ Балдағы алтын ақ берен. Қызыл қанға малармын. Тәңірі тізгін оңдаса, Не көрмеген бейбақпын, Ер де болсаң алармын. «Ер Тарғ.» ~ Алдына шығып көрейін, Даладан жауап берейін. Балдағы алтын ақ берен Орай белге алады. «Орақ пен Мамай». ~ Қара арғымақ береді,1200Елден елге мінсейші!Ақ падиша жібергенБалдағы алтын ақ беренМұны сізге береді,Аш беліңе ілсейші!Бадана көзді кіреукеМұны сізге береді,Баса келіп кисейші! «Ер-Тврғ.»

БАЛДАҒЫ АЛТЫН АҚ БЕРЕН Read More

БАЛДАҒЫ АЛТЫН АҚ БЕРЕН

Ер жігіттің бес қаруының бірі, батырлықтың символы ретінде қолданылады. . ~ Балдағы алтын ақ берен. Қызыл қанға малармын. Тәңірі тізгін оңдаса, Не көрмеген бейбақпын, Ер де болсаң алармын. «Ер Тарғ». ~ Алдына шығып көрейін, Даладан жауап берейін. Балдағы алтын ақ берен Орай белге алады. «Орақ пен Мамай».

БАЛДАҒЫ АЛТЫН АҚ БЕРЕН Read More

БАЛАСЫН ОҢ ЖАҚТА ТАПТЫ

Әке-шешесінің үйінде жүріп, балалы болды. ~ Бұл орыстың баласы ғой. Орыс түгілі, өз күйеуінің баласын оң жақта тапқан қызды кім естіген? Одан масқара нәрсе бар ма? деп азуын шайнады. Ақбілекті тауып әкелген кездегі жиренгені, қынжылғаны — мынаған астар болмай қалды. Япырай? Бұ қызды енді қайтсе екен? Ж.Айм.

БАЛАСЫН ОҢ ЖАҚТА ТАПТЫ Read More

БАЛАПАН ҚОРАЗША ҚОҚИЛАНДЫ

Қит етсе даурығып, дауласа кетті д.м. ~ Жетет! — деп жекіді Нұржан.- ауылдан аттанарда, мон- шаның ішінде отырып берген ант қайда. «Өлсек те бір-бірімізді тастамайық», — деп қол алыстық. Енді міне… балапан қораздай қоқиланып шыға келеміз… Өттерің жарылып кетсе де айтайын, үшеуімізде де шикілік бар. Бұл шикілік соғыс жылы, соғыстан кейін туғандардың бірсыпырасында бар. О.Бөк.

БАЛАПАН ҚОРАЗША ҚОҚИЛАНДЫ Read More

БАЛАПАН БАСЫНА, ТҰРЫМТАЙ ТҰСЫНА

Әркім өзінің қара басының қамын ойлап, тентіреп кетті д.м. ~ Қай жерде тесік болса күштінікі, малдынікі болды. Ысқатқа, төлеуге беретін арық-тұрақ, қатпа қыршаңқылардай, кедей біткен шетке қағылып, іріктелді. Балапан басына, тұрымтай тұсына… Ж.Айм. * Өздерінен өзге тірлік дүниесінен үзіліп қалды. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» деген кез жетті. М.Әуез. * Бірақ мына балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен заманда атадан қалған абырой түске де кірмейтін болды. Ел бұзылды. Т.Әбд. ~ Егер Сәйдәлі осы қылығынан жазбаса балапан басына, тұрымтай тұсына кететін жағдай қалыптаспаса не қылсын?! Ғ.Біл.

БАЛАПАН БАСЫНА, ТҰРЫМТАЙ ТҰСЫНА Read More

БАЛАҢ ҮЙРЕК

Қазақтың ұлттық балалар ойынындағы сұқ саусақтың атауы. ~ Бөлім бастығы аузының қуыс–қуысын қиқымына толтырып, бас бармағы мен балаң үйрегінің басын сап–сары қылып жүрмейді. Н.Дәу. ~ Ол ойнай жөнелді. Шектер үстінде қалтыраған бес саусақ — бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек шет-шексіз дыбыстар дүниесінен маған жұмбақ келісімді қарым-қатынастар іздеп тауып жатты да, ауыз-мұрындардан көтерілген көмірқышқыл және шарам иісін ұдай толқыған мұңды үн ығыстыра бастады. М.Қаб.

БАЛАҢ ҮЙРЕК Read More

БАЛАҢ ЖҮЗ (ӨҢ)

Албырт, жас, балғын келбет. ~ Мәселен, Сіз өзіңіз сүйіп оқитын төрт–бес ақынның атын атап беріңізші. Ал, мен санап тұрайын. Қане – Бағиланың санауға дайындалып қолын көтергені, өзіне бейкүнә балаң жүзбен тесіле де сынай қараған, күлкіге толы қарақаттай мөлдір жанары жігітті абдыратып тастады. Д.Ис. ~ Хансұлу жігітке көзін төңкеріп бір шекесінен қарады. Күлімсіреп жігіттің Ай сәулесі түсіп тұрған қиық мұртты балаң жүзіне шамалы назар ірікті. С.Ел. ~ Тірлік мейілінше шаршатқан қарт сарбаз талай асаудың жалына жабысып, бүгін де қаламнан жауыр болған сіңірлі сірі қолдарын ақын інісіне ұсына берді. Гүл-гүл жайнаған балаң өңі баяғыдай кірсіз, жылы, тереңдік ұялатқан мейірлі жанардың өтінішінен аттап өте алмасын білді. Ж.Шәк.

БАЛАҢ ЖҮЗ (ӨҢ) Read More

БАЛАҢ ЖІГІТ

Албырт жас, кемеліне келмеген жас өспірім. ~ Баяғы қалпы, әлі толмаған — сұңғақ та талдырмаш, бетінің сирек секпілі бар, қызыл шырайлы балаң жігіт. З.Шүк. ~ Сегіз сері Көтібар өлгеннен кейін Жайық өзеніне жол тартады да, Нарын құмында жасақ құрып көтеріліске дайындалып жатқан Исатай, Махамбет тобын бетке алады. Ол Исатай, Махамбетпен алғаш рет 1833 жылдың жазында Қызылжар өңіріндегі Қоскөлге таяу жердегі Малдыбай аулындағы тойда танысқан еді. Ол кезде Сегіз серінің балаң жігіт шағы. Н.Әбу. ~ Савченконың еркек балалары әскерде. Мария деген бой жеткен қызы бар. Түнімен өлең айтып, көше қыдырып жүреді. Кейде қамбаға кіріп, өле жығылып жатқан балаң жігітке: — «Жүр! – дейді. – Бірге қыдырайық». Мейірбек көзге тығылған тәтті ұйқысын қимайды… Б.Тоғ. ~ Ауызғы бөлмеде, тырдай жалаңаш үш-төрт балаң жігіт кезек күтіп отыр екен. Мен де шешіне бастадым. Бір кезде менің атым аталды. Ішке кірдім; аппақ киінген өңшең дәрігерлер. Т.Бер.

БАЛАҢ ЖІГІТ Read More

БАЛАНЫҢ БАҒЫМЫ, БАЙДЫҢ БАБЫ

Әйел баласының үй-ішіндегі таусылмас шаруасы, әдеткі тірлігі. ~ Азғантай жалақымен үш бірдей жанды асырай алмаған соң ол да КазГУде, журфакте қызмет істеді. Ертесімен кетеді, кешкісін жығылып-сүрініп жетеді, арасында дайындайтын ас-суы бар, баланың бағымы, байдың бабы дегендей қолды-аяққа тұрмай жүгіреді де жүреді. Қ.Ысқ.

БАЛАНЫҢ БАҒЫМЫ, БАЙДЫҢ БАБЫ Read More

БАЛАМҰРТ КӨҢІЛ

Аңғал, балауса, жас көңіл. ~ Алғаш Еспер Алматыға сол жақты бір көріп қайту үшін аттанады. Онысы жастығынан, алабұртқан баламұрт көңілден туған өрепкі қиял болса керек-ті. Б.Қыд.

БАЛАМҰРТ КӨҢІЛ Read More