НАМЫСТАН ЖАРЫЛДЫ (ЖАРЫЛА ЖАЗДАДЫ)

Қорланып өле жаздады, қорынды, ашуға мінді. * − Меніңше, Қалдыбай қайта оралмайды. Оралмайтыны өзінің бедеу екенін білген. Намыстан жарылатын адамдар болады. Олар өзін өзіне де қорлатпайды. Н.Дәут. * — Енді маған қайт дейсіз. Ертең әкелейін бе?- деп дүңк ете қалды өзі де намыстан жарылардай боп жүрген баласы. С.Жүн. * Соларды көре жүріп, Күләйім намыстан жарылып кете жаздайды. Бірақ, жас келіннің жолы жіңішке… З.Шүк. *. Енді, міне, «сол күйеу толқып жүр» деген сөзді естіген де Зейнеп намыстан жарылып өле жаздады. С.Мұқ.

НАМЫСҚА ШЫДАМАДЫ

Қорлыққа төзбеді, ар-ұятын аяққа басқызбады. ~ Ақырында алдына жылап келген ел-жұрттың жасын көріп, намысқа шыдамаған Жанай батыр, жетпістен асқан жасына қарамай, Ескендірдің ордасына жалғыз өзі келеді. Б.Нұрж. ~ — Ия, алла, қолдай гөр! — Намысқа шыдамай, қалың топтың ішінен суырылып шығып, бірінен кейін бірі асыға ұмтылған, көкпарды арқанмен тартпақ болған қара шомбалдың қасындағы қағылез үш жігіт еті қызып, еліріп тұрған аттарына қамшы басып, құлдиға қойып-қойып кетті. Б.Ыбырайым.

НАМЫСҚА ШАҚЫРДЫ

Ар-ұятын қорғауға үндеді. ~ Кешегі күйшіден кейінгі жұртты мүлгіген момындыққа, бітімге азғырмай, аруаққа, намысқа шақырып өледі. Ә.Кек.

НАМЫСҚА ТЫРЫСТЫ (ТЫРМЫСТЫ, ТЫРТЫСТЫ)

Ұятын аяққа бастырмау үшін жанын салды. ~ «Жүйрік ат аяғынан қалады», «сұңқар қанатынан қалады» деген мақал текке айтылмаған. Ал егер жігіт осы екеуінен де мақрұм болса, онда ол ер атаулының санатынан қалады. Халқымыз осылай намысқа тырысып өскен. Б.Мом. ~ Жарқын намысқа тырысып, артығырақ сілтеп жіберді. Өзінше мыналарды ықтырып алам ба деп ойлаған. Бірақ оған айылын жиған ешкім көрінбеді. Қ.Жұм. ~ Шынымды айтсам, құла қасқаның алдына түсетін ат жоқ еді бұл аулыда. Намысқа тырысып, атымды қамшылай бастадым. Е.Бақ. ~ Өміржандай жігіт келгенде нағашысы сұлап жату бұған ар ғой. Бар қуатымды жинап, намысқа тырысып отырмын, — деп күледі. М.Әбді. ~ Осында көшіп келгелі былайша ештеңені ойламай, сырт көзге сырын алдырмайын деп, намысқа тырмысып баққа- нымен, еркіне бағынбай, өршеленген қаскөй біреу мұны бұрынғы әйеліне икемдеп итермелей түскендей болады да тұрады. Ө.Кәр. ~ Әйелдік жалған намысқа тырмысып, әлгі бір ұрысқақ әйелмен іштей ұстасып, есіл Ахтанның алтын басын қор қылып жүр-ау деп ойлаушы еді. Ө.Кәр. ~ Қаншама тістеніп, намысқа тыртысып жыламауға тырысқанмен, тамаққа тығылған ащы өксік жүйке- жүйкені сыздатып, ып- ыстық жас көзге құйыла береді. С.Мұр. ~ Салт атпен жүру олардан гөрі ішкеріден келген Маншың төрелеріне қиындау тиді. Дегенмен олар да намысқа тыртысып, өбектеп ердің қасынан ұстап болса да, ел қарасына ілесуге жарады. Қ.Жұм.

НАМЫСҚА ТАРТТЫ

Ар-ұятын таптатпады. ~ Қолбасы атының басын ірікті. Есенияздың айтқан сөзіне намыстанып ұсынысын қабылдайтындай кейін бұрылды. «Бәсе, қанша айтқанмен басыңа бөрік киген еркексің ғой. Намысқа тартқаның ұнады. О.Көш.

НАМЫСҚА САЛДЫ

Намысын ойлап, жанын салды. * Шаршаған шалды мықтап демеп, азаматтық жасадыңдар. Ертең таңертең отандарыңа қайтыңдар. Сүкең де намысқа салып, сіңіріне ілініп жүр, мен білсем. Дұғай-дұғай сәлем айтыңдар. М.Қаб.

НАМЫСҚА МІНДІ

Қатты намыстанып, ашу шақырды, кектенді. ~ Олар Илюшаны мазақтай бастаған екен, бұл намысқа мініп шыға келеді. Ф.Дос.

НАМЫСҚА ҚЫЗДЫ (ҚЫЗЫНДЫ)

Ары аяққа басылғанына күйініп, намыстан өртене жаздады. ~ Нұртайдың немере қарындасын алған күйеуі Қанай Қабанбаев деген қу жігіт, уездік жер-су бөлімінде қызмет істейді. Осы антұрған намысқа қызып, біздің сыртымыздан неше түрлі пәле қарастырып жүр дейді. С.Ом. ~ Бас киімін әулекіленген төменетекке беріп жіберіп, намысқа қызбай, ыздиып ыстық шай сораптайтын қай еркекті көріп едің. С.См. ~ Поштабай қожасының дәл мұндай «сипатын» бұрын-сонды» естімесе керек, көзі бақырайып тұрады да, іле намысқа қызынып, о да ашуға мінеді. С.См.

НАМЫСҚА БУЛЫҚТЫ

Ұятын ойлап, намыстанып, қатты күйінді. * Ac аяғы осылайша демде сұйылды. Малы ұрланып, намысқа булығып, қабағы түскен керей жұртының ассуын енді салтанат етер жай қалмады. С.Жүн. * Ақан да кегін жіберсін бе, намысқа булыққан ерің салған екен шеңгелін байдың малына. С.Жүн.

НАМЫСҚА ШАПТЫ

Ар-ожданы, ұят-намысын қорғап өре түрегелді. * Тіпті ата ұлдарымен, ұрандармен қосылған жандар емес, атсыз
ауылдардан шыққан атақсыз ұлдар. Намысқа шапқан, кекке шапқан елдік қасиет бұл емес пе?! М.Әу. ~ Осыны көре тұра, Германійа мен Ауыстыриа соғысқа шығуы иа өнеріне сенгендік, иа бөтен жағынан дәмелі болғандық деп тұр. Олар иа Ангылиа соғысқа қосылмас деп ойлайды, иа Ресейдің іші ала, тегіс намысқа шаппас деп дәмелі болды деседі. А.Байт. * «Нұртазаңның өзі аюдай ақырған ақылсыз неме екен десем, алды-артын түсінетін, намысқа шабатын еңіреген есіл ер екен ғой» деп отыр. С.Жүн. ~ Өр көңілді батыр, намысқа шауып өте қорланған. Бірақ амал не, іш қазандай қайнағанмен, ер намысынан көрі ел намысын жоқтар заманда ханға қол жинап қарсы шыға алмады. І.Ес. ~ Күн келді меймандары елге жүрер, Барған соң «нағашымның бергені!» дер, Жәнібек намысына шапқан ол да, Әйтпесе ұятты боп жерге кірер. Қ.Осп. ~ — Бұндай құдалықтарда жүздеген жылқы, мыңдаған қой, ондаған түйе аталады, бергін, келсе аларым сол, — деп қалжыңдайды да,
намысына шапқан Атығай, Қарауыл: — Сұрағаныңды береміз, — деген соң: — Айтқаным — қалжыңым, — дейді Шорман, — шынына көшсем,
жанға жан қосып отырғанда, құдағиымның жанын ауыртарлық ештеңесін алмаймын. C.Мұқ.