Адамның көңіл-күйі жасына сай өзгеретіні туралы. ~ – Құдайға шүкір. Ұлыңды ұяға, қызыңды қияға қондырдың… Орда-шарқы…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҚЫРЫҚҚА КЕЛГЕН (-ТАН АСҚАН) ҚЫРҚЫЛЖЫҢ
Есейіп, жігіт ағасы болған ер адам туралы. ~ Сөйтіп‚ түрме жастығын жеті жыл жастанып‚ жарма көжесі…
ҚЫРЫҚ ШІЛТЕН, ҒАЙЫП ЕРЕН
діни. Адамды қорғап, желеп жүретін, бірақ көзге көрінбейтін рух; қыдыр. * Оның келгенін Гүлбаршын да біліп,…
ҚЫРЫҚ ҮЙДІҢ ҚЫЛАУЫ
Ырым. Адамның сүйегі сынған, мертіккенде қырық үйден мертік асын жинап әкеліп берген.
ҚЫРЫҚ ТЕСІК
ҚЫРЫҚ ТЕСІК Шұрық-шұрық тесілген, бүтін жері қалмаған. * Тастағы мың сан тесіктер Ананы оттан, судан қорғаған…
ҚЫРЫҚ ТЕМІРДІҢ ҚЫЛАУЫ
Әр жерден, ойдан-қырдан жиналып, топтасқан, бас құраған д.м. ~ Қырық темірдің қылауынан жиналған сансыз қол, ішінде…
ҚЫРЫҚ СІДІК
Аралас-құралас. * Саяси-экономикалық анархия төбе көрсетуде. Қырық ру, қырық сідік ұлттық қойыртпақ тайраңдауда. Не боларын бір…
ҚЫРЫҚ СЕРКЕШІН ӨТКІЗІП ҚОЙҒАНДАЙ
Біреуде ақысы кеткендей д.м. ~ Алғашында келген- кеткен басшыларға көрсету үшін сәнге бола байлатып еді, енді…
ҚЫРЫҚ САҚҚА ЖҮГІРТТІ
Неше түрлі құбылтып, түрлендірді. * Не де болса артын күтейік: бұл — онша жақсы келіс емес…—…
ҚЫРЫҚ РУ
Сан елден жыйылған, бір текті емес, құрама. ~ Кәрім. Жоқ, сонда да бірі бастап, бірі еретіні…
