БЕТ ПЕРДЕСІ БҮТІН (ЖЫРТЫЛМАҒАН)

Бұзылмаған, ары таза. ~ Хаттың осы жеріне келгенде, қалшиып тұрыппын да қаппын… Өйтпегенде ше?.. Ең алдымен қыз жазатын хат па осы? Және әлі бет пердесі бүтін дейтін жас қыздың хаты ма?.. Бұл, «өткелектен өтіп алды» дейтін қыздың ғана аузынан шығар сөз емес пе?.. С.Мұқ. ~ Даярлап қойған имам мен куәдірлердің тез келуіне Айғаным күдіктенген жоқ. Ал, Зейнепті әлі бет пердесі жыртылмаған жас қалыңдыққа санап, «тез келе қоймас, келсе де именіп зорға келер» деген ойда еді. С.Мұқ.

БЕТ ПЕРДЕСІ БҮТІН (ЖЫРТЫЛМАҒАН) Read More

БЕТ ПЕРДЕСІ АШЫЛДЫ

Шынайы кейпі аян болды; ұрлық-қарлығы, арам ниеті, күнә- айыбы әшкереленді. ~ … егер аруақтар зәуде қайтып оралса… (шіркін-ай, қайтып оралса). Дүниедегі сансыз сұмдықтың бет пердесі ашылып, БІЗДЕР ұяттың отына өртеніп кетер едік — ау… О.Бөк. ~ Бір-ақ нәрсеге өкінем дейді. Айдалада жатып алмай, ақырына дейін қызылмен күресуі керек екен. Колчакқа, Деникинге барып қосылуы керек екен. Тым құрыса Созақта өлмедім дегенін қайтерсің. Бет пердесі осылай ашылды. Жау! Өкіметтің, партияның, халықтың жауы! Тоғыз қайтара атсаң да, қылмысы жетіп жатыр. М.Мағ.

БЕТ ПЕРДЕСІ АШЫЛДЫ Read More

БЕТ МОНШАҒЫ ҮЗІЛДІ (ҮЗІЛМЕГЕН, үзілердей)

Иба сақтады, именді, ұяты бетіне шықты. ~ — Қой, құрсын! — деді Бәйтен ыңғайсызданып. — Мына тұрысымыз келісіп тұрған жоқ, — Масқара болмай тұрғанда кетейік. — Тоқтай тұрсайшы. Сенің — ақ бет моншағың үзіледі де тұрады екен. Т.Әбд. ~ Жамалдың жауырыны аспанға шығып, бет моншағы үзіліп, суға мөлиеді. М.Қаб. ~ Не, тасысын!.. Бет моншағы үзіліп бара жатса, ана тентек қайным құсап, бір шөпжелкені әкелмей ме мөтеңдетіп. С.Ас. ~ Ұятты нәрседен бет моншағы үзілген, періштеден де таза коммунистер тіпті «мұндайларға арамызда орын жоқ, партбилетін столға қойсын!» деп айғайлаған. Т.Сәук. ~ Шалың тор шолақты сабалап ұзай берді. Қызбалтай, Қызбалтай… Беттен алып, төске шауып тұрған Қызбалтай… Бет моншағы үзілген Ақтамақ… Н.Дәу. ~ Қаншама ер жетті дегенмен, бет моншағың үзілмеген жассың ғой, сондықтан ойыңа алған ісіңе батылдығың жете бермейді. С. Мұқ. ~ Неғыпты, алдын орамас, бетінен ұят қызылы жойылмаған, бет моншағы үзілердей уылжып піскен қарақаттай қарағым екен; құдай пендесін өлтірсін бе, бұған да, өзіме де малтабар кәсіп керек деп тоқтайды бұл көкең. Д.Дос.

БЕТ МОНШАҒЫ ҮЗІЛДІ (ҮЗІЛМЕГЕН, үзілердей) Read More

БЕТ МОНШАҒЫ ТӨГІЛГЕН (ТӨГІЛЕРДЕЙ)

Ұяң жүзді, иба сақтаған, иманы бетіне шыққан. ~ Кенет сыртқы есік ашылып, ар жағынан бет моншағы төгіліп, үлбіреген жас әйел көрінді. Қ.Жұм. ~ Сұңғақ бойлы, талдырмаштау келген, кісі көрсе бет моншағы төгілердей ұялып тұратын, ақ сарының әдемісі деуге болатын, жап- жас келіншегі бар екен. Бабалық қазақ салтына бағынбай, әйелін бірден таныстыра бастады. Қ.Жұм.

БЕТ МОНШАҒЫ ТӨГІЛГЕН (ТӨГІЛЕРДЕЙ) Read More

БЕТ ҚОЙДЫ

а) Алған бағытына қарай аяқ басты, бет түзеді. ~ Аурухананың төрт қабырғасы, табыт төсегі, сасық дәрісі басырқып тастаған екен, күні жарқыраған, әуесі саңғыраған, көгерген көк аспанды көргенде, бойы да кеңіп, жадырап, реңі шырайланып, ажарланып, ойы да көтеріліп, шарықтап елге қарай бет қойды… еліне тезірек қайтқысы келді. Ж.Айм. ~ Қалаға Мәкенді алып бет қойғанда, Дәрмен мен Әбдінің Абайдан соң пана тұтқаны дәл Затонның елі. М.Әу.
ә) Әлдебір мақсатқа талпыныс жасады, бет бұрды. ~ Неколайдың қазаққа істеген зорлығын: жерін мұжыққа әпергенін, тілін, дінін бұзуға шаралар тұтынғанын, қазақты қара жұмысқа алғанын, жоғалтып, жұтып қоймақ болғанын, енді ол жауыздың қарашығы батып, бостандық туып, қазақ жұрт болуға бет қойғанын, қазақ жігіттері қайтып келе жатқанын көріп, қуанған соң, құттықтамақ болып тұрғанын… тағы да алқынған, көпірген, лепірген көп сөз сөйлейді. Ж.Айм. ~ «Осы пәленің бәрі патша үкіметінен! Патша мен ақсүйектердің зұлымдығынан, қастығынан» десе, ол крестьяндар үлкен бір қимылға, қарсылыққа бет қойып кетуі мүмкін. М.Әу.

БЕТ ҚОЙДЫ Read More

БЕТ ҚАРАТПАДЫ

а) Жауынан басым тұрды, шақ келтірмеді. ~ Бұл мыңдаған жылдар бойы Еуразияның даласын дүбірлеткен, қандай жау болса да, бет қаратпай жеңген көшпенділердің ең әйгілі тактикасы. Т.Әс. ~ Қылыштасса — қылышқа мықты. Найзаласса — найзаға мықты. Садақ атысқанда да бет қаратпайды. Т.Әс. ~ Көкемнің бойына әлдеқандай күш құйылғандай құлшынып шыға келді. Әлгілерді бет қаратпай шетінен сулатып жүр. Б.Мом.
ә) Сұс көрсетіп, елдің мысын басатын адуынды мінез туралы. ~ Оның үстiне, осы өңiрге «Ақ дегенi — алғыс, қара дегенi қарғыс», тiрi жанға бет қаратпай тұрған Қамбар төремен бажа болуды қай есепшiл қазақ ұмытар дейсiң. К.Сег. ~ Нағашым ешкімді бет қаратпайтын, айналасын айбармен меңдеп алған, өркөкіректеу көрінді. Б.Мом. ~ «Осы саған не көрінді, аяқ астынан шалыққа ұшырадың ба?!» — десе, одан жаман бажылдап, бет қаратпайды. О.Сәрс.
б) Сөзге құлақ аспады, ешкімге дес бермеді. ~ Қабарып отырған түрі одан бетер қабарып, тұтқындалғандар мен қоршалғандар туралы мағлұматтарды естігенде түтігіп кетті: «Кеш қалдық. Кешіктік. Енді ол бет қаратпайды, сөз өтпейді. Тастүйін бекініп алды. Шарасызбын», – деді де иығына салған қолымның сыртынан сипады. Т.Жұрт. ~ Осы сөзді естігенде, манадан бері өлеңі өрге домалап, бет қаратпай отырған Дәмелі: — Япыр- ай, қай дұшпаным жеткізді екен, — деп еңіреп жіберіп, үйден шыға жөнеліпті. Қ.Жұм.
в) Бетке соққан жел, боран, ызғар туралы. ~ Боран бет қаратпай қарсы ұрып тұрғанда, қайдан ден қояйын оларға. Т.Рыск.

БЕТ ҚАРАТПАДЫ Read More

БЕТ ҚАЙМАҒЫ

Ізгі жақсылар. ~ Бұған, септігін молынан тигізген, көптеп-көмектеген әуелі «ақ патшалық», сосын сойқан «қызыл совет». Бет қаймағымызды сылып алды. Небір «асыл тұқым, ақлақ, ар-ұждандарымыз» жатқа ауды; итжеккенге айдалды; атылды. Арық-тұрық, мілтік-шілтіктер қалды. И.Әймен.

БЕТ ҚАЙМАҒЫ Read More

БЕТ КӨРГІСІЗ БОЛДЫ

Дүрдараз болды, қатты ренжісті, қайтып көрместей болды. ~ Сонда қыз айтыпты: – Мен кемпір-шалдың ортасындағы көзінің ағы мен қарасындай жалғыз перзентімін. Түнде екеуінің ортасында жатам, мен қашан ұйықтап қалғанша кемпір-шалым маған қарап жат деп, екеуі екі жағымнан тартып, маған таласып бір-біріне өкпелесіп қалады. Немесе жетпейтін кемтаршылық дүние ауға шабақ түспей қалса да, екеуі бір-біріне сенің несібең жоқ деп іренжісіп бет көргісіз болып қалады. Сонда мен ойлаймын: Әкем мен шешем енді бірін-бірі қалай көрер екен деп. Түнде ұйықтап қалам. БС. ҚЕ. («Өнеге»).

БЕТ КӨРГІСІЗ БОЛДЫ Read More

БЕТ ЖЫРТЫСТЫ

Қатты ұрсысты, бір-бірін қайта көрместей болды. ~ Ия, ол өзіміз, итше ырылдасатын да, бет жыртысып жаңжалдасатын да, тіпті, өлісіп-беріспейтін де өзіміз. Ғ.Біл. ~ Бұндағы мектептің басшыларымен енді бәрі бір, сыйысып қызмет істей алмайсыз. Солай ғой? Солай. Бір бет жыртысқаннан кейін… Сіз бұған қалай қарайсыз? Б.Соқп. ~ Не сенерімді, не сенбесімді білмей аңырып тұрып қалдым. Құдай-ау, кеше ғана өрісте бет жыртысып айрылыспадық па? Бұл жай әншейін тәлкегі болар басекеңнің… Т.Берд. ~ Пісте мұрын, қызылшырайлы апасы екеуі бір-біріне қабақ шыту дегенді білген емес. Өзге ерлі-зайыптылар бет жыртысып қалып жатқандарын Жәзира талай байқаған. М.Сүн.

БЕТ ЖЫРТЫСТЫ Read More

БЕТ ЖЫЛТЫРЫ БАР

Азды-көпті көркі бар, өңінің әрі кетпеген. ~ Қошалақ өлкесін былай қойғанда, мына шеті Қанішкен, жаппас Дыңғызылы, Мыңтөбе жігіттерінің, бет жылтыры барларынан Талжібекке қырындамағаны аз. Ж.Нәж.

БЕТ ЖЫЛТЫРЫ БАР Read More