ӘЗІРЕТ ӘЛІНІҢ ДҮЛДҮЛІ

Діни қисса, жырларда айтылатын әйгілі сәйгүлік. ~ Күңгірлеген жылқы даусы құлағыңа жылы естіліп, еріксіз қасына келесің. Кемедегі қазақ біткен көбінесе осы төртеуінің қасында. — Пай-пай, Әзірет Әлінің дүлдүліндей-ақ бар екен! Көсілтер ме едім! — дейді біреуі. Ғ.Мүс. ~ Рүстем сынды алыптарға бола жаратылғандай адуын, кеудесі көріктей қорқыраған тұлпарлар жанарыңды билеп алады. Мұндай жылқы айшылық жерді алты–ақ аттайтындай болып көрініп, Әзірет Әлінің дүлдүліне теңеуге шақ қаласың, жоқ жерде күнәға бата жаздайсың. А.См.

ӘЗІРЕТ ӘЛІНІҢ ДҮЛДҮЛІ Read More

ӘЗІРЕЙІЛ ҮРЕЙ

Бүкіл бойын кернеген қорқыныш туралы. ~ … манадан бері сүлдері құрып, сүлікше сорып жатқан әзірейіл үрей бұның көңілінен мысық табандап жылыстай бастады. Ә.Кек.

ӘЗІРЕЙІЛ ҮРЕЙ Read More

ӘЗІРЕЙІЛ ПЕРІШТЕ

Діни сенім бойынша жан алушы періште.~ Жаһандағы жаңалық атаулы Жаратқан иенің назарынан қашан тыс қалып көрген?! Әзірейіл періштені шақырып “анау шіркіннің жанын мұнда алып кел!” деп әмір беріпті. И.Сап. ~ Есте жоқ ерте заманда жаналғыш әзірейіл періште біреудің бетіне қараған жалғыз ұлын ажал шеңгеліне қысып, шыбын жанын көзіне көрсетіп қинап жатқан көрінеді. Етінен ет кесіп ап жатса бір сәрі ғой, әрі–беріден: «Ә, сені ме!» – деп жүндей түтіп жұлмалап зар еңіретіпті. Қаққанда қанын, соққанда сөлін алардай болып ызғарын төгіпті. Д.Дос. ~ Дүние төңкеріліп бара жатқандай, жарық күн сөнгендей опасыздыққа барғаны ойында жоқ; алақ–жұлақ кері бұрыла салып, жаналғаш әзірейіл періште жатқан үңгір қайдасың деп құлапәре дедек қағып, құйындай ұшып келе жатады. Құйындай ұшып келе жатып әлдебір тасқа сүрініп кетеді. Мұрттай ұшады. Тұмсығымен жер сүзе құлайды. Д.Дос.

ӘЗІРЕЙІЛ ПЕРІШТЕ Read More

ӘЗІРЕЙІЛ КӨРГЕНДЕЙ (болды)

Шошынды, үрікті, зәре-құты қалмады. ~Әлгінде ғана рақаттанып, жаны жай тапқан жерден әзірейіл көргендей кетуге асықты. Ә.Кек. ~ Өмір сүйген ақын азаматтық ақтық демі таусылар сәттің өзін әзірейіл көргендей шошына суреттеп, күңірене күйзелмей, қаншалықты  қаншалықты парасатты бейнелейді. Бұл құбылыс – оның дара таланты. Ә.Кек. ~ Ол кез отаршыл саясаттың қазақтың ұлттық музыка аспаптарының көзін жоюға тырысып, әсіресе қазақтың қара домбырасын көрсе әзірейіл көргендей қояншығы ұстайтын тұс еді ғой. Д.Ізтіл.

ӘЗІРЕЙІЛ КӨРГЕНДЕЙ (болды) Read More

ӘЗІР ЖАУАП

Реті келсе де, келмесе де, жалма-жан сөз қайтарып, әрекет етуге дайын тұрған әпербақан адам. ~ Асыққанда «бас» десең, о да алақанына түкіріп: «мәмент» деп құлшына түсетін әзір жауап. Бір жолы онан «мәмент» деген не деп сұрап еді, сүйтсе, оны өзі де білмейтін боп шықты. Ә.Нұрп. ~ Еламан қолма-қол дерек қайтаратын әзір жауап емес еді; ол, әсіресе, осы жолы асықпады. Ә.Нұрп. ~ Оның әзір жауап ақындығы жөнінде ел арасыңда мынадай шумақ бар: Молда Бәйім Жакайым, Әзір жауап кісі екен. Бәйгі атындай шұбалған. БАҚ

ӘЗІР ЖАУАП Read More

ӘЗІР АСҚА ТІК ҚАСЫҚ

Еңбек етпей ішіп-жеуге машықтанған адам туралы. ~ Бүгінше «әзір асқа тік қасық» ол, Ертең-ақ егесе де ез бермегін. Ол үшін бәрі дайын — жатыр алда, Жер алда, даяшы алда, батыр алда. Ж.Мол. ~ Жалған нарядқа қол қой деймін. Жалған наряд сенің, менің бұл өмірге кеткен есемізді қайтарады. Әзір асқа тік қасық Рүстемнен есеміз сөйтіп қайтады. Ол жаман ба? М.Қаб. ~ Мен сендерден безгем жоқ, құлындарым! Тырнақтай пайдам тимеген соң, әзір асқа тік қасық болудан қаштым. Сөзі қисық, ісі қырсық, есуас әкені күнде көріп жандарың жараланғанша, осы жақсы емес пе!.. Т.Сәу. ~ Оны қойшы, ең аяғы көңіл көтеретін әзіл-күлкіні де тек жігіт жасауы керек. Көнсең осы, көнбесең жолың әне, ал ол әзір асқа тік қасық… М.Қаб.

ӘЗІР АСҚА ТІК ҚАСЫҚ Read More

ӘЗІЛІ ЖАРАСТЫ

Сыйлас, сырлас, көңілі, сөзі жарасқан жандар туралы.
~ Бақтығұл демін ішіне тартып, көзін алмай соған қарайды. Әйелдер осының артында келеді. Бірен-сараны қайта-қайта бұған жанасып келіп, бірдеме айтып күліп, күлдіріп, әзілі жарасып келе жатқан сияқты. М.Әу. ~ Әзілі жарасқан Баянғали ағасы Сафуанға: – Кішкентай ханзада мен кішкентай әртіс қосылып, үлкен дүние жасаған екен! – депті. БАҚ
~ Әзілі жарасқан досы вагонның есігін аттасымен-ақ:
– Ойбай бауырым-ай, сені де көретін күн бар екен ғой. Нұр дидарыңды бір көруге зар қылдың ғой, – деп құшақтай салды. Т.Ахт.

ӘЗІЛІ ЖАРАСТЫ Read More

ӘЗІЛГЕ ШАПТЫРДЫ

Қалжыңға айналдырды. ~ Әлгі кемпірі бар болған да жолға қарап, күтіп отырған шығар,— деп сөзінің соның әзілге шаптыра аяқтады Жанпейіс. Ә.Әл. ~ Жұрттың жымысқы күлкісін жеңбек боп әзілге шаптырды: – Баланың аузына Назарқұл антұрғанның салған сөзін қарашы! Т.Әл. ~ «Шырайлым — ау, мен осындай түс кердім. Түсімді атама жорытайын деп едім» дейді келіншек. Қыз атасының аң аулап кеткенін, аяғын сайқымазақ әзілге шаптырады. «Тәйір, көкірегіңді қасқырдың екі бөлтірігі кеміріп жатса, түбінде ажалың бөріден болады да» дейді. Т.Әл.

ӘЗІЛГЕ ШАПТЫРДЫ Read More

ӘЗІЗ ЕР

Ардақты азамат. ~ Арық мал жан жолатпас бір жалданса. Пенде ойлар кемімен деп бір малданса. Қадамы әзіз ердің ұзамайды, Жігітке бақыт шіркін сырт айналса. Ы.Алт.

ӘЗІЗ ЕР Read More

ӘЗИЗ (ҒАЗИЗ) ЖАН

Ардақты, қасиетті адам. ~ Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзіз жан ол — анамыз. БАҚ ~ Сыбырлап өтер ғазиз жан былай деп еді: «Кім ұрлап кетті, кім ұрлап кетті ауамды?» М.Мақ.

ӘЗИЗ (ҒАЗИЗ) ЖАН Read More