АТАМ ЗАМАННАН БЕРІ

Баяғыдан бері. ~ Иттің бір-біріне достығы аз болғанмен адамға достығы көп. Ит адамға пайдалы мақлұқтың бірі. Пайдалы
болғандықтан тіпті, атам заманнан бері адам пайдаланып келеді. А.Байт. ~ Таң сіберлеп атып келе жатқанда Айшуақтың үш
үйі Сарша көлдің күнбатыс көк желкесіне бөлек қонған. Атам заманнан бері үнемі бір ауыл боп қонатын ағайын- туыстары
осы сапар Айшуақтың әмірімен одан араларын недәуір аулақ салып, көлдің күншығыс жақ шетіне бөлек қонған. C.Ом.

АТАМ ЗАМАННАН БЕРІ Read More

АТАҒЫ ДҮРІЛДЕДІ

Аты кеңінен жайылып кетті. ~ Бір марқада тұрған түк те жоқ. Ол не қасқыр жеп кететін не кім көрінгенге сойып тастайтын тоқты. Маған осы оқиғаның атағы жаман болып тұр. Менің әуелі – Уәлімен одан кейін Шыңғыспен жан аяспас болғанымды дүйім жұрт біледі. Т.Сәу. ~ Он алтыншы жылы қазақтар патшаға қарсы көтеріліске шыққанда да, атағы дүрілдеп алысқа кетті. Т.Әбд.

АТАҒЫ ДҮРІЛДЕДІ Read More

АТАМНАН АРМАН (АУЛАҚ)

Әрі жүр, аулақ, маңыма жолама д.м. ~ Оның да шырайын шығармайды, шала- пұла. «Апам да аң- таң, мен де аң- таң». Ышқырын көтеріп жатып, «мені танымайсың, мен жайында тірі жанға тіс жармайсың» деп өлгенше жалынады. (Оның енді бізге қажеті қанша, атамнан арман). Тиын- тебені де ауыз жарымайды. Қ.Жиен.~ Бір қатынның айласы қырық есекке жүк болады. Екатерина ұланғайыр Ресей империясында талайларды ат қып мініп, отыз жылдай тақымында ұстаған, — деді Сүлеймен күліп. — Қатындардың тақымын осал деме.— Е, қатын болсаң өзің бол, атамнан аулақ! — Мейлі, қайткенмен ақыл, айла дегенім де. С.Жүн.

АТАМНАН АРМАН (АУЛАҚ) Read More

АТАҒЫ ЖАМАН

Жаман сөзге қалатын жағдай туралы. ~ Бір марқада тұрған түк те жоқ. Ол не қасқыр жеп кететін не кім көрінгенге сойып тастайтын тоқты. Маған осы оқиғаның атағы жаман болып тұр. Менің әуелі – Уәлімен одан кейін Шыңғыспен жан аяспас болғанымды дүйім жұрт біледі. С.Мұқ.

АТАҒЫ ЖАМАН Read More

АТАН ЖІЛІК

Ірі ленелі, батыр тұлғалы, сайдың тасындай. ~ Атқа отырыстары мығым, атан жілік жігіттер дейтіндей емес: сыпайы, салт міністі әйел заты, екеуі де үкісі желбіреген сәукелелі. Ш.Құм. ~ Небір ат құлағында ойнайтын атан жілік ерлер түрлі айла-шарғы жасап көріп еді, шұбар ат бірін-біріне соғып, сарсаңг салды. А.Сей. ~ Найманның ұраны – Қаптағай. Қаптағай – атан жілікті, нар тұлғалы, қаһарлы түйе бурасының атауы. Ж.Баб. ~ Ол кездің бозағы қандай еді десеңші! Шетінен атан жілік, апайтөс. Т.Сәу. ~ Өңкей атан жілік қарулы жігіт, жалғыз шалды қараша інгенге жеткізбеді. З.Шүк. ~ Өз қайраттарына енді берік сенген атан жілік, атпал азамат Сәмен, Әбді, Мұқа үшеуі ожарланып, қатты ашумен түйіліп апты. М.Әу.

АТАН ЖІЛІК Read More

АТАҒЫ ЖЕР ЖАРДЫ

Даңқы аспандады, алысқа жайылып кетті. ~ Тұңғыш рет шын кіріптар болып, құла түзде екеуден-екеу состиып: мылқау далада мылқау баласымен жеке күн кешер, кешегі атағы жер жарған серінің жалғыз қалар мұңды келешегін ойлап налыған Қайныкеш, қайнағасын уатар сөз таба алмай, жұбайының ноқайлығын жуып-шайғысы келді. С.Жүн. ~ … оның қызыл армияға кірмек болған талабын қабылдағысы келіп лоблыды да, Әнбия сопының баласы, атағы жер жарған Бастаубай бидің жиені, орта жүзден бойы асқан Көкебай болыстың күйеу баласы екендігіне қарап қайта қайқалақтады. Ғ.Біл. ~ Жаңа оқыс отыра кеткенде, шалбарымның арты дар ете түсіп еді, шеттеп жол берген келіншектің алдына түсуге қымсынып, шегіншектей бердім. Атағы жер жарған даңқты жазушының алдын көру қатал сын ғой, жүрегім дүрс-дүрс соғып, тізем қалтырап, табалдырықтан имене аттадым. Т.Сәу.

АТАҒЫ ЖЕР ЖАРДЫ Read More

АТАҒЫ ШЫҚҚАН (ЖАЙЫЛҒАН)

Қалың елге белгілі; даңқы кең тараған. ~ Жарасбай құр ғана болыс емес. Болыстықпен, әмірмен ғана бедел тапқан кісі емес. Әрі бай еді де, әрі ерте күннен «жақсы кісі» деп ел ортасына атағы шыққан, ер, мықты. Қолынан жақсы-жаман істер бірдей келетін. М.Әу. ~ Атағы шыққан ақсақалдардан ешкім қалған жоқ. З.Шүк. ~ Сұрастырса, «Көксүңгі» атағы елге жайылған, «қаз бен үйректі бидайықтай қырады» деген атағы дүйім елге тараған алғыр лашын осы болып шыққан. С.Мұқ.

АТАҒЫ ШЫҚҚАН (ЖАЙЫЛҒАН) Read More

АТАН ӨГІЗДЕЙ

Ірі денелі, теңкиген дәу. ~ Өзіне білте-білте шашы көзін жапқан, алкоголь мен наркотиктен бет-аузы күп болып іскен атан
өгіздей Преслиді көрсетсе ғой… Қайтсін енді. М.Қаб. ~ … сирақтарының қысқалығы болмаса, өзге денесінің үлкендігі атан
өгіздей теңбіл қара түсті қабан сыртқа ұмтылып, ретін тапса шыға қашатын еді… С.Мұқ. ~ Бастабында шошып қалсам
керек, біраздан кейін айналама қарасам, тұп-тура өкпе тұсымдағы қарсы бетте атан өгіздей өңкиіп тұрған
қоңыр аю біздерге аңқиған күйі қарап қалыпты. С.Ғабб.

АТАН ӨГІЗДЕЙ Read More

АТАҒЫНА ЛАЙЫҚ

Атақ-даңқына сай, абыройын түсірмеген. ~ Жоқ, мен өз елімді еш уақытта арзанға бағаламақ емеспін. Сіз үшін арзанға түспей ме дегенім ғой. Егер жаңағы өзіңіз айтқан «бейбастақтықты» Хазіреті Ғалы істеп, соның басын алам деп ұмтылсаңыз, сіздің батыр атағыңызға лайық: ерлік пен қымбатқа түскен өлім болар еді. С. Жүн.

АТАҒЫНА ЛАЙЫҚ Read More