Көкірегін шер кернеді; дауыстап жылауға шақ қалды; көмейіне кептелген өксікті әзер тежеді. ~ Еркектік намысы жібермеген
Түгел алқымына өксік тығылып, көкірегі сыздағанмен оларға қосылып жылаудан өзін- өзі әзер тежеп қалды. Ү.Жлк. ~ Даусы
дір-дір етіп, алқымына өксік тығылғанын сезіп тұрмын. С.Мұр. ~ Жеңеше,—деп алқымыма өксік тығылып әрең сөйледім.
Ш.Мұр. ~ Жалғыздық…Адамы шұбырған үлкен қалада жалғыз болудан өткен қасірет бола ма өзі? Алқымына өксік тығылды.
Ж.Шам. ~ Баласы Қайсар мен келіні Роза есіне түсуі мұң екен, иегі кемсеңдеп, алқымына өксік тығылды. Ш.Бейс.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЛҚЫМЫНА ТЫҒЫЛДЫ
Дем алуы қиындады. ~ Шал күмілжи беріп, алақанымен аузын басып күрк- күрк жөтелді. — Баламнан артықсың, иә. Сенен айрылып қал-сам… — Әлдебір түйнек тағы да алқымына тығылды ма, әлде тысқа жеңілдеу шыққан ба, жөтелмен булықты. С.См. ~ Өз дауысынан өзі шошып оянған. Жүрегі тым қатты соғып, бұрынғы ауыратынындай емес, демі алқымына тығылып әзер жатыр екен. І.Ес. ~ Екі өкпесі алқымына тығылып, тынысы бітіп барады. Қайда қашып келеді, ― оны да білмейді. Әйтеуір, тоқтағысы жоқ. Ә.Кек. ~ Семей қалалық емхананың сенімді дәрігеріне анықтатып алып, Жанұзақ сорлы ашуы алқымына тығылып, кіжініп келеді. Т.Ры ск.
АЛҚЫНДЫ СӨЗ
Аптыға, толқи айтылған сөз. ~ Жүз жыл өтті, мың жыл өтті, бәлкім, қас қағым сәт өтті, түгін білмеймін, менің құлағымда мәңгілікке қатып қалғаны: «Тасжан, мен тұрмысқа шығамын» – деген алқынды сөз ғана. «Кімге?» – деймін әрі-сәрі болып. «Сенен басқа жігітке». О.Бөк.
АЛДЫНАН КӨЛДЕНЕҢ ӨТПЕДІ
Оғаш мінез көрсеткен емес, ілтипат көрсетуден танбады. ~ Әкесіне тартқан әупірім біреу
боп шыға ма деп еді, келіні әдепті бала екен. Алдынан көлденең өтпейді. Ә.Кек. ~
Махамбетше қарсыласпады. Алдаберген ағасы. Ағаға әкеге үлкенге қарсыласу былай
тұрсын, алдынан көлденең өтуді қазақ дәстүрі көтермейді. Арашалағаны үшін таяқ жеген
Мұстапаның бір қолын қамшы осып кетіпті. Ғ.Мұс. ~ Ол кісі саған риза шығар. Көзі
жұмылғанша алдынан көлдене өткен жоқсың. Т.Сәук.
АЛДЫНАН ҚИЯ ӨТПЕДІ
Сыйлады, құрметтеді, бетіне қарсы келмеді. ~ Тек уақытысында қайтар, уақытысында қайтарып, ертесіне тағы келсең, тағы аласың. Жұрт Өрікайдарды осысы үшін қадірлейді, алдынан қия баспайды. Н.Дәу. ~ Ағасының мына сөзі шымбайына батып кетті, білем, Сапарбек тоңқ ете қалды. Өмірінде алдынан қия өтпеген ағасына зілдей ғып сен деп сөйледі. Қ.Най.
АЛДЫНАН ӨТТІ
1. Әлдебір іске кіріспестен бұрын рұқсат сұрап алды, ниетін айтты. ~ Қарсы уәж айта алмай тауы шағылып шыққан. Бірақ мойындағы міндет жүгі жеңілдегендей. Алдынан өттім. Кейін бірдеңе десе, анада ескерттім емес пе деп айтуға жақсы. Т.Сәу.
~ 2. Ақылдасты, кеңес құрды, дәріс алды. ~ Ел боламыз десе бір елең етпес дейсіз бе. Солардың алдынан өтелік. Содан кейін Адай ағайынға хабар салармыз. М.Әбд. ~ Бір қызығы, алдынан өтіп, дәріске жетіккендер келе-келе дәреже салғастырып, мұның өзін елемей кетті. Т.Шап.
3. Құда түсті, қыздың әке-шешесінің рұқсатын сұрады.
~ Тойы – қарашаның басында. Оған дейін құдалардың алдынан өту, кит кигізу дегендей біраз шаруасы бар, шығыны бар. Д.Әш. ~ Екеуі қосыларда… иә, сол қосыларда қыздың ата-анасының алдынан өтер адам табылмай бас қатқан. Н.Дәу.
АЛДЫНАН ШЫҚПАДЫ (ШЫҒА АЛМАДЫ)
Ерекше құрметтеп я тайсалып, қарсы келмеді. ~ Алдынан шыға алмады ешкім мұның, Бәрін де алды, қорқытты жолдағының.
Жан шықпады алдынан тоқтауы жоқ, Жер жүзін жеке билеп алушының. Абай. ~ Қыз ішінде жалғыз едім. Туғанымнан
алақанына салып, аялап өсірген атам, анам — ұям еді. Әлі де өзге күнде алдымнан шығары жоқ. М.Әу. ~ Аса тілеулес ағасы
Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де кақтырмайды. М.Әу.
АЛДЫНА ТАРТТЫ
1.Алдына әкеп, жайып салды. ~ Алдыға ет келді. Өлмес ешкінің басын жеке шағын табаққа салып Тауманның алдына тартты. Т.Әбд. ~ Көзі ілінер емес: ұшы-қиыры жоқ түпсіз ой құшағына алып, бірінен соң бірін әкеп алдына тартып тұрғандай. Т.Сәу.
2. Мойын ұсындыру, алдына жүгіндіру мағынасында. ~ Қарашаш деді: — Ізіңмен бәрің де қайт, Әділ кел, Әлімқұлға болмай мият. Сиякты Сапақ итің кірді үйіме, Алып кел, айыпкерді алдыма тарт! І.Жан. ~ Шәкербайдың мені тағы да әкімдер алдына тартып, әйелдер жиынына қатынасуыма қарсы шығуы – осы қыздарды өз еріктерінен тыс зорлап қайтаруын жасыру үшін еді. Қ.Шаб.
3. Дәлел келтірді, қисынды сөз айтты. ~ Соны ақылдасу ниеті еді менің сізбен сөйлескенім. Енді міне, сіз мақұлдасаңыз, біздің өтінішіміз: соларға барып бір ауыз сөз айтсаңыз. Адасқандарына арты жөн болар жағын алдына тартсаңыз. Көбі бейкүнә шаруа… Х.Ес.
4. Назарына ұсынды. ~ Жайлауда «ерулік» жеу үш
АЛДЫНАН ШЫҚТЫ
1. Қарсы алды. ~ Олар қозы кеш жерден алдынан шығып, қонақтарын бөлінген үйлерге түсіріп жатты. К.Қаз.
2. Қарсы келді, алдын орады, орағытты. ~ Қара тоқал қайқаңдап, қажының алдынан шықты. Б.Май. ~ Содан жау алдынан шығып, арындап келе жатқан айғырдың шабысын ірікпек болып, кекілінен ұстап жұлқа кілт тартып қалған екен, сұрапыл күшке шыдамаған жылқы терісі жыртылып кетіп, жалы таспадай тілініп, шоқтығынан бір-ақ шығыпты. Б.Тоғ.
3. Біреуге істегені (жаксылығы не жамандығы, айтқан сөзі) өзіне келді. ~ Бірақ кержақтық қырсығы ұстай қалды. — Басқа не іздеймін?! — Ол осы сәт бұл сөз алдынан шығады деп ойламаған. А.Алт. ~ Бек оны шығарып салып, қайтып келгенше Күлшәрі қиын күндерде Әбеннің шешесіне өзі істеген жақсылығының пәлен жылдан кейін алдынан шыққаны есіне түсіп, іштей «тәуба!» деп қойды. Б.Тоғ.
АЛДЫНА ТОСТЫ
Жайып салды, қошемет көрсетті. ~ Еш жері жыртылып-тесілмесе де бүгінгінің балалары биыл кигенін ендігі жылы иығана ілмейді. Тамақты да тандап ішеді. Күнде әр түрін алдына тосу керек, әйтпесе тастап жүріп кетеді… Б.Тоғ. ~ … заман екі айналып келмейді. Ішіңдер, меймандар, ішіңдер! — дейді, үлкен– үлкен ақ кеселерді әркімнің алдына тосып. М.Дәу.
