БЕРЕКЕ ДАРЫДЫ

Басына бақ қонды, ырыс-құты мол болды. ~ Баяғыда бір елдің сөзін ұстаған, кетпеніне береке дарыған диқан әкем айтып отырушы еді: жүрегінде шүкіршілігі бар адам қартаймайды, әрі бұзылмайды деп. Д.Дос. ~ Баяғыда Шыңғыстаудың кереге жайғандай қабырғалы адырларын жайлап береке дарыған, бақ қонған байы, сөзі дәрі Құнанбайды қайтсек аға сұлтандықтан түсіреміз деп бәсеке лес, бақталас адамдар соңына түсіп арыз сүйкектеткен. Д.Дос. ~ «Саушылық құдайдан, балам. Үш қыз тәрбиеледім, немере көрдім, шүкіршілік бәріне. Елдің алды болғанымыз жоқ, көштің соңында да қалмадық. Баяғыда бір елдің сөзін ұстаған, кетпеніне береке дарыған диқан әкем айтып отырушы еді: жүрегінде шүкіршілігі бар адам қартаймайды, әрі бұзылмайды деп. Д.Дос.

БЕРЕКЕ ДАРЫДЫ Read More

БЕРЕКЕ БОЛМАДЫ

Істеген тірлігі өрге баспады, жұмысы өнбеді, жүрісі оңбады. ~ Оның мұнан кейінгі жүрісінде де береке болмады; әлі сол Балымдікінде отыр деді ме, ат басын сол үйге бұрды. М.Сүн. ~ Сыртта оқуға үйде жатып түсетін жағдайдасың, енді». Онысы рас болды. Алайда, мектептегі сияқты институтта да оқуда береке болмады. Н.Дәу.

БЕРЕКЕ БОЛМАДЫ Read More

БЕРЕКЕ БЕРСІН

а) Қайырлы болсын, игілігін көрсін. ~ Сексеннен аса бергенде Қайрылмас қаза келгенде Батырың өлді – Бөгенбай! – дегенде Абылай жүрегі қабынып, не дерін білмей, сілейіп отырып қалған. Бөгенбай–сынды батырдың Береке берсін артына–ай, Сабыр берсін халқына–ай, Жасаған ие жар болып, Бейіште нұры шалқығай – деген ең ақырғы жыр шумағын әзер тыңдады. І.Ес.
ә) Біреудің жөнсіз ісін (сөзін, кейпін) ұнатпағанда айтылатын, «әйтеуір аман бол, алдыңнан жарылқасын!» деген мағынадағы кекесін тілек. ~ Жігітке қол ұсынбақ түгілі мінін бетке басады. — Жатыстарыңызға береке берсін. Жау қайтарғандай қалжырап қалған екенсіз, мазаларыңды алмайық. Б.Мом. ~ «Ол әлгі пәленше ғой» дейді маған есеп бергендей. Пәленшеңізге береке берсін. Танымасам да танығандай бас изеймін. Қ.Жиен. ~ Құбыланама жақтан шыққан машина да кеп тоқтады. — Сағатпысың? Иә, Теміреш. Қасыңдағы?Дария?.. Сақалыңа береке берсін, шырағым! Ғ.Сл.

БЕРЕКЕ БЕРСІН Read More

БЕРЕКЕ БАСЫ

Жақсылық, байлық, тоқшылық, ырыс атаулының негізі, көзі. ~ Ақсақал былайғы кезде күнделікті шаш етек шаруаның жетегінде жүріп, көзіне көрінбей келіп, босағасына бұрылып, дастарқанына түсіп жатқан береке басы — қара нанның, қара шайдың қадіріне жетпей… әлгі ырыс-несібені кептер секілді басынан байқамай ұшырып алғанын кеш түсінді. Д.Дос. ~ Енді біреулері қаптап қойған жүнін, терісін саудагерге көрсетуге құлшынатын. Қос алақанын ысқылап: «Береке басын бұра гөр! Қыстайғы, жаздайғы бейнетіме сөлкебай тисе, шала байып шыға келер едім», – деп дəмеленеді. С.Досж. ~ Задында, əр үйдің берекесі сол үйдегі бір адамда тұрады. Үй ғана емес– ау, барлық Əуез үйелменіндегі бар береке осы шалдың бір өзінде ғана. Сол Береке басының киелі қасиеті оның үрім– бұтағының біріне– бірі жалғасқан ұзақ сапарында осынау əулет пен зəузатқа жан байлығы боп орныққан рухани құндылықтарды осылардың бүгінінен ертеңіне апаратын жалғызаяқ соқпақ тəрізді жылғалап жүріп отырады. З.Қаб.

БЕРЕКЕ БАСЫ Read More

БЕРГІ (БІР) БЕТІ ЖАРЫҚ, АРҒЫ (БІР) БЕТІ ҚАРАҢҒЫ

Тағдырдың аумалы-төкпелі, қуаныш пен қайғы қатар жүретін мінезі туралы. ~ Зобалаңға толы тіршілік дүниесін мансұқ еткен ғарып көңілдің пәни әлеммен қоштасардағы ақтық сөзін бергі беті жарық, арғы беті қараңғы тағдыр талқысына ұсынған майда күбіріндей бір сыңғыр сұңқыл жүгірді ішектердің бойына. Ғ.Біл. ~ Жарайды, аман жүрсең болғаны, ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Бір күн сыртын берген дүние-жалған тағы бір күні ішін де береді. Бір тәуліктің бір беті жарық, бір беті қараңғы. Мойып қамығатын дәнеңе жоқ. Ғ.Біл.

БЕРГІ (БІР) БЕТІ ЖАРЫҚ, АРҒЫ (БІР) БЕТІ ҚАРАҢҒЫ Read More

БЕРГЕНІН ҚОЛЫНАН, БЕРМЕГЕНІН ЖОЛЫНАН

Біреуден бірдеңені ықтиярына қарамай, күшпен алу туралы. ~ «Өзіміз де түлен түртіп, қарап жүрмейміз. Тыныш жатқан табиғатқа түре тиісіп, бергенін қолынан, бермегенін жолынан алып, қаусырып бара жатырмыз, кекірік атқан көп тоқтықтың бір аштығы болмас деймісің». М.Қаб.

БЕРГЕНІН ҚОЛЫНАН, БЕРМЕГЕНІН ЖОЛЫНАН Read More

БЕРГЕН ПЕРДЕ БҰЗАДЫ

Ақысын төлеген немесе пара берген адам өктем келеді д.м. ~ М ы р з а к ә р і м. Әне, — берген перде бұзады». Қара жерге енгенше ұмытпаспын осыңды, деп кетті. Ал, айтшы жаңағыңды? Ғ.Мұст. ~ «Берген перде бұзады» демекші, бергенді кім жек көрсін, ас та төк тағам, мол арақтың қызуымен шалқып отырған байсалды жандарал… С.Жүн. ~ Берген перде бұзады, сол үшін ғой. Дəл сені шын мақтаса, молда оңбас. С. Тор.

БЕРГЕН ПЕРДЕ БҰЗАДЫ Read More

БЕР ЖАҒЫ

Шынайы пікірі, көңілі емес, сырты ғана. ~ Өңіңе қарасам, масайрап, шаттанып отырған адамның өңі. Әшейін бер жағың болар. Әйтпесе қызғанбаймын дейсің бе? С.Жүн. ~ Жұртта қалған жеті үйдің кәрі-құртаңын тірідей көмген жоқпыз ба?.. Жылап отырып күлдіріп, күлдіріп отырып жылатқан Әлібек оқушыға осы сауалды тастап қойып жорта жымияды. Жымиғаны — бер жағы. Қ.Ысқ.

БЕР ЖАҒЫ Read More

БЕЛШЕСІНЕН БӨКТІ

Белуардан батты, мол пайдаға тап болды. ~ Жігіт салған күйінде еліне келіпті. Еліне келсе, кәрі әкесі мен шешесі өзінің күйігінен өртеніп дүние салған екен. Ағасы көкарай шалғынды көк жайлауда салқын саяға биені байлатып тастап, алтын жылқының сары қымызы мен жал-жаясына белшесінен бөгіп жатыр дейді. Шаңырағына – құл, мосысына – күң міндіріп тағы үш әйел алыпты. Маңдағы ел-жұртты түгел малайлыққа салған екен. ҚЕ.

БЕЛШЕСІНЕН БӨКТІ Read More