ӘЛІМСАҚТАН (ӘЛМИСАҚТАН) БЕРІ

Атам заманнан, баяғыдан бері. ~ Ата–ананың ризашылығымен құтты жеріне қону деген бар. Бала сүю деген бар. Атаң қазақ әлімсақтан бері осы салтпен келе жатыр. Т.Әбд. ~ … аларманға келгенде ағайын мен нағашыны аяқ астынан тауып ала қоятыны әлімсақтан бері ешкімді тандандырған емес… Қ.Ысқ. ~ Сондықтан да оларға әлмисақтан бері үстемдік етуге тырысып келеміз. БАҚ

ӘЛІМСАҚТАН (ӘЛМИСАҚТАН) БЕРІ Read More

ӘЛІМЖЕТТІК ҚЫЛДЫ

Күш танытты; ақысын жеді; ұрып-соқты. ~ «Япыр-ай, осындай-ау адам дағы, Бірі күшті, біреуі жаман дағы. Күштісі әлімжеттік қылғаннан соң, Дүние де жақсылықтан аман дағы. М.Жұм.

ӘЛІМЖЕТТІК ҚЫЛДЫ Read More

ӘЛІМ ЖЕТТІ

Күшін пайдаланып, зорлық қылды. ~ Ал саған керегі ше? — құлағым тызылдап әкетіп барады. Жалт қарасам, жырық танаудың ағасы: ─ Ә, қалқан құлақ, әлім жетті деген қалай екен?! С. Шайм.

ӘЛІМ ЖЕТТІ Read More

ӘЛІ ЖЕТПЕГЕН АҚЫРЕТШІЛ

Күшіне сенбеген, әлсіз адам ырымшыл келеді д.м. ~ Өзінен күштілерге қарсы алыса– алыса тауы шағылып, тауаны қайтқан адам ғой. «Әлі жетпеген ақыретшіл» дейді. Дінге бой ұрып, құдай жолына кеткені де содан болар… Қ.Жұм. ~ Сені Қымбатпен үйленген соң көрейін бәлем!.. – Әлі жетпеген ақыретшіл, – деп Жолдыбай сылқ– сылқ күлді де, құрдасының, саусақтары быртықтау, етті, жуан, алақаны шуашты тершең қолын қатты қысып, қоштасып аттанды оның үйінен. Т.Рыс.

ӘЛІ ЖЕТПЕГЕН АҚЫРЕТШІЛ Read More

ӘЛІ ЖЕТПЕГЕН АҚЫРЕТШІЛ

Күшіне сенбеген, әлсіз адам ырымшыл келеді д.м. ~ Өзінен күштілерге қарсы алыса– алыса тауы шағылып, тауаны қайтқан адам ғой. «Әлі жетпеген ақыретшіл» дейді. Дінге бой ұрып, құдай жолына кеткені де содан болар… Қ.Жұм. ~ Сені Қымбатпен үйленген соң көрейін бәлем!.. – Әлі жетпеген ақыретшіл, – деп Жолдыбай сылқ– сылқ күлді де, құрдасының, саусақтары быртықтау, етті, жуан, алақаны шуашты тершең қолын қатты қысып, қоштасып аттанды оның үйінен. Т.Рыс.

ӘЛІ ЖЕТПЕГЕН АҚЫРЕТШІЛ Read More

ӘЛІ ЖЕТКЕНШЕ

Шамасы келгенше. ~ Халық үшін жанын қиятын адамдар, Махамбеттің айтуынша, қиялдағы адамдар емес, ондай артық туған адамдар халық арасынан әлі де көптеп шығады. Халық туғызған ондай жақсы азаматтарды Махамбет шын ынтасымен, әлі жеткенше көтере мақтайды. С.Мұқ. ~ Тағы да айтайын… Біз білетін бодандық, ең алдымен, одақтастық, пейілдестік… Бір–біріне деген қамқорлық… Бір–бірінің сөзін жерге тастамау… Әркім әлі жеткенше бір–біріне көмектесу… Кішінің үлкеннің саясынан пана іздеуі… Ә.Кек.

ӘЛІ ЖЕТКЕНШЕ Read More

ӘЛЕМГЕ АЯН

Бүкіл елге белгілі жәйт. ~ Марқа бұзау секілді қадалдым кеп. Желініне ғылымның дәріптелген. Қанша бүгін әлемге аян ұлым! Тыңдайды түз сансыз шат Баян үнін. Ж.Мол.

ӘЛЕМГЕ АЯН Read More

ӘЛЕМ ТАПЫРЫҚ

Берекесі кетіп, иті шықты, ала шапқын, астан-кестен болды. ~ Әйелдер ойбайды салып, жылап жіберді. Шөптің, қидың, жүктің арасына тығылысты. Бөшкенің, әбдіренің ішіне кіргендер де, құдыққа түсіп кеткендер де болды. Ауыл құйын соққандай әлем тапырық. Қартқожаның есі шығып кетті. Ж.Айм. ~ Мына әлем тапырық дауыс кімдікі? Е, оң тізесінен орын берген Сарынжап екен ғой. Р.От. ~ Айсыз қараңғы түн. Егер күн жарықта болса, жігіттер әлем тапырақ шырақшы жүзіне көздері түссе, зәресі ұшар еді. З.Шүк

ӘЛЕМ ТАПЫРЫҚ Read More

ӘЛЕМ САСЫДЫ

Иісі шықты, бүлінді, сасып кетті. ~ Көз алдымда сондағы бір көргенім: лас малқора, қап-қараңғы үңгір, иісі әлем сасып, жидіп кеткен үй; ондағы аш-жалаңаш, ыңырсыған жас балалар… Ш.Мұр. ~ Қазыға тойсаң, қарта әлем сасиды. М-Мәт. ~ Аудан орталығында тұратын жорналиске сызу пәнінің мұғалімін аттандырып, ол он күннен кейін бөшке толы араққа киімшең түсіп кеткендей әлем сасып, аяғын әр жерден бір басып әзер оралған. Абырой болғанда баяндаманы бітіріп келіпті, әйтеуір. Н.Дәу.

ӘЛЕМ САСЫДЫ Read More

ӘЛЕМ БАЙЛАДЫ

Ерекше қастер тұтып, белгі тақты. ~ Әркім-ақ әлем байлап жүйрігіне, Құйрығын сәгүліктің түйді міне, Жапсар ел, жақын көңіл тілектес боп, «Бәйгелі болсын!» деп жүр бір-біріне. І.Жанс.

ӘЛЕМ БАЙЛАДЫ Read More