АРҚАН ҚҰРДЫ

Біреуге бөгет жасады, адымын тұсады. ~ Есікке тақап, тұтқаға енді қолымды сөза бергенімде асаудың алдынан арқан құрғандай боп, екі құлашын екі жағына керіп, бетіме жымия қарап тұрған Меңтайды көрдім. Ә.Нұрш. ~ Киікті іліп алған соң ханның ордасының алдына қарай атыңның басын бұр. Мен жеті қабат жібек арқан құрып даяр тұрам. Осы жеті қабат арқанның алтауы үзіліп, жетіншісіне атың тоқтайтын болады, – деп кеңес береді. БС. «Момынбай…»

АРҚАН ҚҰРДЫ Read More

АРҚАСЫН (ӨН БОЙЫН, ЖҮРЕГІН) АЯЗ ҚАРЫҒАНДАЙ (БОЛДЫ)

Селк етті, тітіркенді. ~ Қалай екенi белгiсiз, дәп осыған назары ауды. Қараптан-қарап арқасын аяз қарығандай сезiндi. Тұғырдағы дүр сiлкiнген құстай, денесi тiтiрендi. Ә.Ыб. ~ Қиыр-шиыр қалтарысы көп ұзын шұбақ қара көлеңке жайдың әлде бір қуысынан пыр етіп жарғанат ұшқандай оқыс шыққан осы бір әжептарқы дауысқа манадан бері жағаларын ұстап, арқаларын аяз қарығандай қаралай түршігіп келе жатқан қалың дүрмек ошарыла тоқтады. Ә.Кек. ~ Ол қап-қараңғы терезе алдына шоқиып отырып алып: «Ау-у-у!..» деп өзінің ұзақ сонар үйреншікті әуеніне басқанда, арқаңды аяз қарығандай, өн бойың тітіркейді. Иттің ұлуын жел ала қашып, шатқалды бойлай алысқа әкетіп жатыр. Ш.Айт. ~ «Ақбөбек, сайқылықпен бұраңдайсың, Сұм жалған өтер десем, тіл алмайсың…» — Ақбөбек өз атын Қайып аузынан естігенде, жалт қарады. Өн бойын аяз қарығандай дүр сілкінді. Ү.Жлк. ~ … қасыңдағы жанды жоғалтқанда ғана барып, жүректі а

АРҚАСЫН (ӨН БОЙЫН, ЖҮРЕГІН) АЯЗ ҚАРЫҒАНДАЙ (БОЛДЫ) Read More

АРҚАНДАЙ СОЗЫЛДЫ

Бірінің артынан бірі ілесті. ~ Сам жамырап ел орынға отырған кезде, орыстар бастығының ақырып қалған даусымен қаздай шұбырып, асудың тар аузына қарай арқандай созылды. Ж.Айм.

АРҚАНДАЙ СОЗЫЛДЫ Read More

АРҚАНЫ КЕҢГЕ САЛДЫ

Жайбарақат, алаңсыз, бейқам тірлікке салынды, тоқмейілсіді. ~ Күзгі қарбалас науқан аяқталып, егін-тегін жиналған берекелі уақыт болғасын, арқаны кеңге салып тамашаны әбден соза түспек ниетіміз бар еді. О.Сәр. ~ … бізде: «Өлі жандар», «Ревизор», «Он екі орындық», «Алтын баспақ», «Нейлон тон», т. б. тәрізді оқиғасы салмақты, тілі уытты, күлкісі тұшымды, әлеуметтік сыни тағылымды еңбек жоқ. Арқаны кеңге салып, тоқмейілденіп жүріп жатырмыз. Ғ.Қаб. ~ “Ертең демалыс, қайда асығамыз” деген соң, жиналған жұрт арқаны кеңге салып, түннің ортасын аударып барып бірақ тарқасқан. Ә.Асқ.~ Үш-төрт күннің әрі берісі не, Әнекең: «Оңда тіпті соның өзі дұрыс, Ақтөбеде екі-үш күн болып тынығамыз», — деп, арқаны кеңге салды. Г.Сей.

АРҚАНЫ КЕҢГЕ САЛДЫ Read More

АРҚА ТҰТТЫ

Сүйеу қылды, мақтан етті. ~ Сендерді ағайын деп арқа тұтып келдім, сөзімді сөйлер, меселімді еткізер деп келдім. C.Мұр. ~ Бөтен оймен айтты деп ойласаңыз мені, үндемей-ақ қойыңыз. Сізді мен бір адал адам дегесін арқа тұтып келдім»,— деді. М.Сүн. ~ Ақмоладағы оқыған бай балаларын арқа тұтып, тағы да болыстық жолын қуып барады екен, бірақ бізбен қарсыласуға шамалары келмеді… Б.Тоғ. ~ Жиын-тойларда әлдекімдермен ұстасып, жанжал шығаратыны да белгілі. Ағасы Сәрсенбайды арқа тұтады. Ә.Тар. ~ Аққа құдай жақ деген. Адалдығымды арқа тұтам, Балтажан. C.См.

АРҚА ТҰТТЫ Read More

АРҚА ТІРЕДІ

Сүйеніш көрді, пана тұтты, сенім артты. ~ Сол Ақташы Тағышыға араша түсем деп пәлеге қалды да, патша әскеріне арқа тіреген Шыңғыстың күштеуімен мекенінен қуылып, алыстағы Торғай даласына ауып кетті. Бекетов оларға да арыз жазып берді. С.Мұқ. ~ Қалқам-ау, сенің «жәң» қай «жә?» Ертең төңкеріп тастап, орныңа… ана быдық ағасын қояды. Арқа тірейтін астанада анадай азаматы тұрғанда бұндағы қос уыс халы қты басқара алмас деп пе едің? Ә.Нұрп. ~ Қарулы жауын жеңгізбеген ол өкімет, қарусыз жауына жеңгізе ме?.. Егер ол жеңгізбесе, оған арқа тіреген «еңбекші» атты қалың көпшілік, «қанаушы» атты азшылыққа жеңгізе ме?.. Жеңе алмаса оның күні не болғаны?.. С.Мұқ.

АРҚА ТІРЕДІ Read More

АРҚА ТІРЕК

Сүйеніш, демеу. ~ Ырғызбайға да Шыңғыстай арқа тірек пана керек… Ырғызбай да етек алған ел болды. Жатың емес, туысқаның. М.Әу. ~ Алды жазаға ұшыраған нағашыларымның да көшіріп әкетерге, арқа тірек сүйеніш боларға шамасы қалмапты. Ғ.Біл.

АРҚА ТІРЕК Read More

АРҚА ТІРЕР АЗАМАТ

Үміт артып, сүйеніш көрген, қолдау дәметкен адам. ~ Жоқ, айналайын, бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Ойымдағы бойымда кетпесін. Ыңғайы келгенде айтып қалайын. Бұл ел өзіңді арқа тірер азаматы көретін. Ал сен… Сен… Сол халықтың тарыққанда тартқылап емер аузындағы ағы мен басындағы бағына жармастың. Ә.Нұрп. ~ Мына түрімен қазір-ақ суыққа ұшып өледі. Арқа тірер азаматтан айрылған сорлы халық қорғансыз, панасыз қалады-ау. Ә.Нұрп. ~ Теңізі тартылған, жері азған, елі босқан, енді, міне, арқа тірер азаматынан айрылған азалы елдің бу да өлім халінде санасы сәптіреген бір бейбағы ғой. Ә.Нұрп.

АРҚА ТІРЕР АЗАМАТ Read More

АРҚА-БАС (АРҚА-БАСЫ, ЕТЕГІ) КЕҢЕЙДІ

Жағдайы түзеліп, ел қатарлы болды; өзін еркін сезініп, жеңілдеп қалды. ~ Ақ бейіл шалдың әңгімесінен кейін жігіттердің арқа-басы кеңіп қалды. З.Шүк. ~ Тұрмыс оңалып арқа-бас кеңейіп қалған. Көкіректе беріш боп қатқан шер де тарқап, көңілдегі мұң да, жетімдігіміз де ұмытыла бастады. Қ.Ысқ. ~ Өй, күшік. Бала ғой деп жүрсем, сен де башайдан
тартуға жарап қапсың ғой, – деді. Жұрттың арқа-етегі демде кеңіп сала қойды. Ә.Нұрп.

АРҚА-БАС (АРҚА-БАСЫ, ЕТЕГІ) КЕҢЕЙДІ Read More

АРҚАҒА АЯЗДАЙ БАТТЫ

Қинады, жүрегін сыздатты, жанына батты. ~ Бұ қалай, Нұғыман- ау, соғыс болса мынау күннен- күнге арқаға аяздай батып қыса түсуде. С.Мұр. ~ Әкесі шай шыныны итеріп тастады да, үндеген жоқ. Қайта сол үндемегені арқаға аяздай батты. Ш.Айт.

АРҚАҒА АЯЗДАЙ БАТТЫ Read More