Үміт артып, сүйеніш көрген, қолдау дәметкен адам. ~ Жоқ, айналайын, бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Ойымдағы бойымда кетпесін. Ыңғайы келгенде айтып қалайын. Бұл ел өзіңді арқа тірер азаматы көретін. Ал сен… Сен… Сол халықтың тарыққанда тартқылап емер аузындағы ағы мен басындағы бағына жармастың. Ә.Нұрп. ~ Мына түрімен қазір-ақ суыққа ұшып өледі. Арқа тірер азаматтан айрылған сорлы халық қорғансыз, панасыз қалады-ау. Ә.Нұрп. ~ Теңізі тартылған, жері азған, елі босқан, енді, міне, арқа тірер азаматынан айрылған азалы елдің бу да өлім халінде санасы сәптіреген бір бейбағы ғой. Ә.Нұрп.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АРҚА-БАС (АРҚА-БАСЫ, ЕТЕГІ) КЕҢЕЙДІ
Жағдайы түзеліп, ел қатарлы болды; өзін еркін сезініп, жеңілдеп қалды. ~ Ақ бейіл шалдың әңгімесінен кейін жігіттердің арқа-басы кеңіп қалды. З.Шүк. ~ Тұрмыс оңалып арқа-бас кеңейіп қалған. Көкіректе беріш боп қатқан шер де тарқап, көңілдегі мұң да, жетімдігіміз де ұмытыла бастады. Қ.Ысқ. ~ Өй, күшік. Бала ғой деп жүрсем, сен де башайдан
тартуға жарап қапсың ғой, – деді. Жұрттың арқа-етегі демде кеңіп сала қойды. Ә.Нұрп.
АРҚАҒА АЯЗДАЙ БАТТЫ
Қинады, жүрегін сыздатты, жанына батты. ~ Бұ қалай, Нұғыман- ау, соғыс болса мынау күннен- күнге арқаға аяздай батып қыса түсуде. С.Мұр. ~ Әкесі шай шыныны итеріп тастады да, үндеген жоқ. Қайта сол үндемегені арқаға аяздай батты. Ш.Айт.
АРҚАҒА ТАҢДЫ (ТАҢУ ҚЫЛДЫ)
Әлдебір жағдайды сүйеніш етіп, бел қылды, пайдасына жаратпақ болды. ~ Белдесуге күш керек, теңдесуге жол керек. Бүгінге шейін “пәлен миллион жұртымыз” дегеннен басқа арқамызға таңып, бел қылатын күш жоқ еді. Ж.Айм. ~ Сен… сенің істеп отырғаның қастандық! Жаулық! Сен… сен науқанды арқаға таңып, кедей-кембағалдың қанын соруға кірістің! Орташаны құлақ қылып жатсың! С.Ел. ~ Ауылнай, болыстардың көзіне өлім елестеді. Соның бірі — Алданазар еді. Бірақ бұл ағайын ішінде белділінің бір тұқымнан өрбіген шаңырағының көптігін арқаға таңу ғып, көпшіліктің көзінде именбейтін адамның түрін көрсетті. Б.Май.
АРЗАН ҚУЛЫҚ
Біреудің қолын кескестеп кесір тигізуге көп ақылдың қажеті қанша? Ондай азғын ақыл Батырдың өзінен де табылмас. Бірақ, Батырдың бүгінгі істеп кеткенін ондай арзан қулыққа жатқызуға бола ма? Ә.Кек.
АРҚАДАН ҚАҚТЫ
Мақтады; қошемет көрсетті. ~ Сол ағылшындар «Мына қазақ менің тілімді керемет біліп алыпты» деп қолтығына қысып па? Орысша білмейтін бір қазақ жоқ. Ал қай орыс арқаңнан қағыпты? З.Ахм.~ Талайларды алыс жолдарға, сәт сапарларға өзің аттандырдың. Мені әлі күнге ұлығат шеруден қалдырмай ілестіріп келе жатқан осы сапарыма арқамнан қағып, аттандырып салған өзің едің… Ә.Кек.
АРЗАНҒА ҚУАНЫП, АЗҒА ТОЯДЫ
Көпке қол созбайтын, азды қанағат ете білетін адам туралы. ~ Арзанға қуанып, азға тоятын біз сияқты емес, байлық пен барлыққа мелтектеп үйренген азаматтың сағы сынды-ау: саунаға барудан, карта ойнаудан қалды–ау деп кәдімгідей жаным ашып қынжылдым. Т.Сәу.
АРҚА-ЕТЕГІ КЕҢІДІ
* – Өй, күшік. Бала ғой деп жүрсем, сен де башайдан
тартуға жарап қапсың ғой, – деді.
Жұрттың арқа-етегі демде кеңіп сала қойды. Ә.Нұрп.
АРЗАННЫҢ ЖІЛІГІ ТАТЫМАЙДЫ
Құнсыздың қадірі болмайды. ~ Бірақ, достарым, бейнетсіз еңбекте зейнет бола ма? Арзанның жілігі тати ма? Қиындыққа құлаш сермеу біздің салтымыз емес пе? Бастап қалған екенмін бұл еңбекті – жеті қабат терім сылынса да, аяқтап шығуға міндеттімін. Б.Соқ. ~ Бүркітті сағынған мен, бармау жайын Қалисаға ақылдасып ем: — Бар,— деді ол,— еркекке бұлдана білмесең қадырың кетеді. «Арзанның жілігі татымайды» дегенді аталарың босқа айтпаған. Сүйген адамыңа болса да арзан берілмеу керек, діңкесін құртып барып қосылу керек. Сонда ғана бұлды боласын. С.Мұқ.
АРҚА-ЖАРҚА БОЛДЫ
Қуанды, мәз болды, бір жасап қалды.
* Оқуға түскелі ауылға соққаным осы еді. Әке — шешем де, бір төбенің басындағы алты -жеті үй ағайын туыс та келгеніме қуанып арқа — жарқа боп қалды. Н.Серал.
